Қорқамысың кетер деп,басқаны елеп
Аймаласып жүрсемде талай қызбен
Біріде саған жетпес,орның бөлек.
Болған соң ыстық сезім,қызғанамын
Сан ойлар маза бермей,мұңданамын
Сезім көрмей өзіңнен және көзден
Басқа жанмен тілдесіп ах ұрамын.
***
Ғашық жүрек,
Махаббат өртеп.
Жалыны лаулап,
Тек сені қүтед.
Туған күн
Туған күнің құтты болсын қарлығашым,
Қайда болсам әрдайым жадымдасың.
Әр таңың арайлансын нұрлы болып,
Дәйім ұзақ болсын өмір жасың.
Батылдығың жалқаулықты жаншыт басып,
Арманыңмен асқар-асқар таудан асып.
Алланың назарында жүре берші,
Бақыттың базарында саудаласып.
10.06.
К...
Сағыныш
Көрмегелі өзіңді бір күн өтті,
Сағынышым пайда болды ыстық лепті.
Атап сенің есіміңді шақыруда,
Шынашақтай жүрегім кеудемдегі.
Үш жүз алпыс шақырым ғой арамызда,
Атыпты кезекті бір таңымызда.
Ойлап қалсам өзіңді кенет жаным,
Тәтті елесің тұрар менің жанарымда.
***
Ойымдасың сен менің,
Күдіз-түні қалайда.
Сағындым жаным менің,
Бір өзіңді жырлайда.
Не істеп жүрсің шырағым,
Ойлайсыңғой қалайда.
Сағынып сенде жүрсің-ау,
Арайлап атқан таңдарда.
К/А
Сен кеткелі
Сен кеткелі,мазасызбын неше күн?
Күндерімді сағынышпен кешемін.
Жүріп келем,өзің шыға келердей,
Біреуімен жарығы әлсіз көшенің...
Сағынышым жүр мазамды кетіріп,
Сағынышсыз сүрген өмір өтірік!
Ұйқым менің шықтыдағы көрпемнен,
Қашып кетті тереземнен секіріп.
Мұратхан Шоқан
Жақсы адамдар болса ылғи жаныңда,
Ұмытасың қайғыңның да барында.
Көңілің көтерілер себепсіз,
Қуанасың,жымиясың тағы да.
Жақсы адамдар жүре берсе жаныңда,
Сен де олардай көңілді боп жадыра!
Тілек тілеп,жақсы істер жасағың,
Өміріңде,бұл дүниеде барыңда.
Э.Салтанат
Неден неден бастарымды да білмеймін.Күздің суық күніндей,жүрегімде де суық сыз бар.Аспанда қаптаған қара бұлттың кішкене бөлігі көңілімде өзінің әсерін тигізгендей.Ештеңкені қаламаймын.Ештеңкеге қызығушылығым жоқ.Күндерім бос әрі мәнсіз өтуде.Өз-өзімді түсінбеймін.Жаным көп нәрсені қалайды,бірақ нені қалайтынын білмеймін.Өте қызық,өте.Басқалар үшін ақылым таусылмас теңіз,бітпес қазына.Ал өзіме келгенде ақылым көзге көрінбес.Бәрін ашу-ызаға жеңдіремін.Неге неге деген сұрақ әр уақытта маза бермейді.
Жүрегім неге нәзік?
Бәрін өзіне жақын алад.Өте бауырмал.Барлығынан әсте тез жалығады.Ойым жан-жақта.Сөзім бір жерден,ал ісім тіпті өзге жерден шығатындай.
Қазіргі жағдайымды тұңғиық терең ойы бар өлеңмен жеткізетін ақында емеспін.Қолымнан қара өлең жазуда келмес.
Тас жүректі,сезімді сезбес,көңілі жайсаң жанға айналсам деймін.
« Ғашықтық»
Жаным менің,өмірімнің мәні,алтыным,жалғызым.Еркем,барым,нарым менің!
Неткен тағдыр деймінда,сонау ес білмес кезден бастап-ақ бәрі жазылып қойғаны ма?
Өткеніміз естелікке айналса,келеріміз жұмбақ әліде.Не күтіп тұрғаны белгісіз.Арамызда қандай тылсым күштің бар екеніде,беймәлім.Маған белгілі бірақ зат бар.Ол сенің маған қаншалықты керек екенің.Сенің қасымда болған кезіңде бәрін ұмытам.Құшағым бақытқа толып,қуаныштан жарылардай күйде боламын.Сен менің жердегі жәннатым сыңайлысың.Сенсіз қанша күнді өткерсемде,әр уақыт жүрегімде болғансың.Сенсіз өтпелі бір бақыттың дәмін татсамда,мен күткен,мен армандаған бақыт ондай емес еді.Бақытты сенің сөзіңнен,жүзіңнен,өзіңнен алдым,аламын.