Выбрать главу

Саткын Толкунды ұйпалақтанған бұрымнан сипап, сыбырлады:

– Енді бәрі жақсы, жылама, балапаным… Жарайсың.

– Ол маған аяңдады… Мен ештеңе істей алмадым…

– Сен дұрыс істедің. Жүр, кеттік.

Толкун орнынан қозғалған жоқ.

– Жұлдыз қайда, көке? Ол… тірі ме?..

– Әрине, тірі. – Бірінші сұраққа ол жауап берген жоқ. – Оған бірдеңе болып қалғанын қайдан алдың?

– Ол айтты. Тағы ол сен оны сатқындадың деп айтты, бірақ мен оған сенген жоқпын… Саткын-аға? Неге үндемейсің?..

Ол не айта алды? Оған да өтірік айтайың ба? Анданың әрдайым ашулы сықсиып қарауына қарап жалған сөйлеуге оңай болды. Ал Толкунның кең ашқан, Кыпшак көлдей терең, сондай үмітпен толы көзіне ол қарай алмады.

Карындаш оны итеріп қалды. Қатты емес, бірақ сондай өкпемен… Толкун енді жылаған жоқ.

– Неге сен бұны істедің? Сен ант бердің ғой…

– Маған тура келді, Толкун. Мен сосын бәрін айтамын. Ал енді кеттік.

– Жұлдызсыз мен ешқайда бармаймын.

– Бірақ, Толкун, ол қарақшы ғой, ол керуендерге шабуыл жасаған…

– Ол – менің әпкем.

– Меннен не тілейсің сен? Әкесіңнің қолынан оны босатайың ба?

– Мен ештеңе тілемеймін. Мен сенің кеткенін тілеймін, көке…

Эжесіндей қыңыр. Әрине, Саткын оны күшпен көтеріп шығара алады, бірақ содан кейін ол оны тура кешірмейді, бір ақымақтықты жасайды.

– Толкун, өтінемін… Жүр, – жалынып деді Саткын. – Онда Азат…

Ол оның көзін жалт еткенін байқаса да, Толкун тек басын шайқады. Карындаш өтіп жүруге талаптанғанда, Саткын оны қолынан ұстап алды.

– Қайда бара жатырсың?

– Әпкеме.

– Оған қалай жетесің? Ол зынданда, оны күзетеді.

– Не бұйырған, сол болады.

– Сен ешқайда бармайсың!

Толкун оған сабырлы қарады да көзін сығырайтты. Саткынның жаны еріксіз түршікті – бейне бір!..

– Оғашсың сен, аға. Біресе қуып шығарасың мені, біресе жібермейсің.

– Бұл үйден сен тек қана менмен бірге шығасың.

– Кім мені шығармайды? Сен бе, Саткын-аға?

Толкун оның қолынан саусақтарын алды. Саткын оның барғанын білді. Және қаза тапқанын сияқты…

– Тұра тұр, бірге барамыз.

– Рас па? – Тұңғиық көлдерде қайта жарығы жайнап кетті.

– Иә… Мен оны алып шығамын да үйге барамыз.

– Ант бер! – талап етті Толкун.

– Әрекеттеніп көремін деп ант беремін.

Тек қана әрекеттеніп көреді деп бекер емес деді. Олар тірі қалады деп оған ешкім ант бермейді ғой.

– Сен алып шығасың, ал мен ше?

– Азатпен бірге күтесің. Таласпа – мен өте аламын ғой, ал саған жол жабық.

Ол ойлап кетті де зауықсыз келісті. Олар кедергісіз шықты да карындаш батып бара жатқан күннің жарығынан көзін масайраған жұмды.

Саткын оны Азат пен жылқылар күтетін жаққа апарды. Кенет оларға жақындататын адамды байқап кетті. Толкунға сыбырлап деді:

– Тезірек бар. Біз үшін мазасызданама. Бар! – карындаш қарсы болайын дегенде қайта деді ол. Толкун амалсыз Азатқа жалғыз аяңдады. Саткын байқатпай қылыштың сабын қысты…

– Ә-ә, мұндасың ба, қашқын! – разы болып саңк етті ұзын бойлы, мықты жауынгер. – Хан сені табуға әмір берді. Бүгін күресесің.

– Неліктен? Кіммен?

– Қарақшымен. Сөзден тануға ойлама да! Жіберген кезде кетуге керек болды.

“Сендер болмасаңдар, мен кетпер едім сияқты”, – ызамен ойлады Саткын.

– Мен онымен күреспеймін.

– Қорқама. Оны әлгіде жақсы ұрып тастады екен. Қазір оны бала да жеңе алады.

Бұл сәтте Саткын анданы зынданнан қалай алып шығатынын түсінді.

– Кетші! Сенбеймін. Көрсет!

– Қалай көрсетемін? – бүлініп сұрады жауынгер. – Ол көрші бұтақта жатыр емес қой.

– Саған зынданға жол бермей ме? Түсінікті… – созып деді Саткын.

Жауынгер дәл ол ойлағаншай ашуланып кетті.

– Әрине, береді! Дәл қазір барасың да көресің. Жүр!

Жауынгер Саткынды қолынан дөрекі ұстап алды да сарай жаққа әкетті.

Аға оны қаланың шетіне әкелді. Бұл жерде анау шулы қала да болған жоқ, оның туған далаға да жақынырақ сияқты сезілді. Оның руы да таулық емес қой…

Ашық қақпадан күннің батуының алқызыл жарығы түсті. Тас дауалы, көліңкесің қалаға түсіріп, сесті көтеріліп тұр. Бұл көлеңкеден біреу бөлініп, оған жүре бастады. Толқынның жүрегі аттай тулап тұра бастады, денеде діріл пайда болды. Енді қорықпай, ол жүгірді. Ол да… Бір-біріне жақындап, олар кенет тұра қалды. Бұл туған, таныс бетінен көзіне жас алды. Пәрмен бергендей, бір-біріне ұмтылды.

– Толкунтай, Толқын-жан…

Толқын оның иығына бетін тығып, алақанын оның күлкілі ербек-сербек шашына қойды. Азат оның төбесіне бетімен жабыса қалғанда Толқын оның қолынан да өз бұрымдардан басқа айналадағы ештеңе көрген жоқ. Қазір олардан басқа ешкім, ештеңе болған жоқ.