Выбрать главу

Кеше Толқынға одан шақырту келді. Бұның оған қалай маңызды екенін біліп, әпкесі рұқсат берді. Бере алмайсың ба оған? Азат үйіне ұмтылған жоқ. Неге екені түсінікті – әке мен ағасы оны әлі кешірген жоқ. Ал сіңліні жалғыз жібере алмай, онымен баруға тура келді.

Жұлдыз алыстан ағасымен қатар отыратын Толқынға қарай тұрды. Саткын, бірдеңе айтып, Толқынды ерке құшақтады. Оның Қарлығаш-Чабалекей келіні әдемі кішкентай келіншегі екен. Биік сәукеленің астынан құқыл маңдайына қара бұрымы түсіп жатыр. Бірақ Жұлдызға бұдан гөрі оның Саткынға қандай махаббатпен қарайтыны маңызды болды. Саткынның өзі шынында да бақытты боп көрінді де Жұлдыз адал қуанды.

Толқын тойдың соңына дейін отырған жоқ. Саткынның оны қалуға иландыруы Жұлдыздың көзіне түспей қалған жоқ. Бірақ сіңлісі оны құшақтап ғана, әпкесіне аяңдады. Жұлдыз олардың Толқын екеуі анау жолы кездескенін есіне түсірді.

Бүркіт өзі сіңліне алып келді. Олардың келбеттері ақырында көрінгенде, жерге түсті де оған қарай барды. Әпкесі, ол үшін қорқынышы жіберіп, оны құшақтаған кезде Толқын жолдың ортасында тоқтап қалды. Жұлдыз сіңліңнің оның иығына бетін тығып, тыныш жылағанын сезді.

– Не болды саған? – үреймен сұрады

– Маңызы жоқ, ол артта екен. – Жұлдыздың дауысы қарлығып қалды. – Ақырында мен түсіндім…

– Саткын-аға қайда?

– Тірі, қорықпа. Бірақ ол жараланған, сондықтан мен оны достарда қалдырдым.

Олардың арасында ауыр үнсіздік тұра қалды, тек қысқы жел гүлейді.

– Толқын, мені тыңдашы, – ақыры бастады Жұлдыз. – Сен барлығын білесің шығар…

– Білемін.

– Сен мені кешіре аласың ба?

Жұлдыз әдеттегідей ештеңе түсіндірген жоқ. Неге қарақшылық туралы айтқан жоқ не әкесі туралы біле тұра айтпады. Толқын бәрін былай да түсінді.

– Сен мені тастап кеттің. Қайтадан.

– Мен саған қауіп төндіре алмадым, Толқын.

– Бірақ өзіне төндірдің ғой! Мен сеннен неге қымбатырақпын?

Жұлдыз күле бастады.

– Себебі менің соңымнан тек қана сен қаласың. Сен, Бүркіт пен, мүмкін, Саткын. Әзір сендер амансыңдар мен ажалдан қорықпаймын.

Толқын әдеттегідей әндетіп, оған жақындаған кезде Жұлдыз бұл әңгімесін есіне түсірді.

– Үйге барамыз ба?

Жұлдыз басын изеді. Толқын Азаттың жылқысына мінді де олар жолға шықты.

– Не туралы сөйлестіңдер?

– Ол “Сендер қазір қайда тұрасыңдар” деп сұрады.

Қыстың басында олар таулықтарға соға кетіп, киіз үйді үнсіз жинады да кетті. Енді олар – Толқын, Азат пен Жұлдыз – әзірше жеке тұрады.

– Сен не дедің?

– Өзімізбен өзі деп.

Жұлдыз ойға шомды.

– Толқын, тілесең, сен онымен бірге қала аласың ғой. Ол айықты, не тілесең де бере алады…

– Мен білемін.

Жылқылар жылынған жерді басып ырғақты жүрді.

– Жуас қайда екен? Оны көптен бері көрген жоқпын, – кенет үнсіздікті үзіп деді Толқын. – Сендер соншама жиі кездесесіңдер ғой.

Емеурінінен аңғарып, Жұлдыз көзін алартты да оны бүйіріне ақырын итеріп жіберді.

– Бір-екі рет жүздестік. Енді не?

Сіңлі сақылдап күлді де шоқыраққа жөнелді. Жұлдыз оны құа бастады. Дене жаралары жазылды. Енді жан ауруы да, сіңлінің күлкімен, әнмен және долы желмен кетіп, артта, жылқы тұяқтарының ізілерде қалды. Ал алдында шетсіз кең даланың туған жазирасы ашылды.