Выбрать главу

– Сен соңғы рет қашан атпен салт жүрдің? – Жұлдыз жақынырақ келген Толқынның келбетін көз қиығымен байқады.

– Саткын-ага жорықтың алдында берген соң жүрген жоқпын. – Сіңлі кішкентай қолын Бүркіттің мұрнына қойды. Жылқы басын қозғалып, Толқынды иіскеп алды. Ол мырс етті.

– Оның әкесінен жылқыны алған жоқсың ба?

Толқын теріс басын шайқады.

– Неге?

Толқын жүдеу иықтарын көтерді. Жұлдыз жабырқай күлімсіреді. Дегенмен ол Толқынды дәл өзіндей емес болса, оған қатты ұқсап болып өсірді.

– Сен олардан барлығын ала аласың деп айттым ғой саған. Доханы не үшін бере салдым?

– Сен олардан ештеңе алмайсың, – өз дегенінде қасарып тұрды Толқын.

– Енді маған олардан ештеңе керек жоқ қой. Мен бойжеткенмін, өзімді қорғай, не керек болса таба аламын.

– Мен де.

– Ер жетуге әрқашан үлгере аласың, сондықтан асықпа – аяйсың. Ал енді мін, жүріп қайтуға келесе.

Толқын даярлықпен қарғып, Бүркіттің арқасына денесімен жатты. Жұлдыз оның аяқтарынан демеп, мінуге көмектесті. Сіңлі бұрымды иықтан асып алды да, әпкесіне жоғарыдан төмен қарап, маңғазданып күлімсіреді. Жұлдыз еріксіз қайран қалды. Ару, ол секілді емес. Себебі түсінікті, әкесі басқа ғой. Қалың, қара шашы тізесіне жетіп тұр, жұмыс пен күннің шыжыған сәулелері тиген жоқ қараторы тері. Үлкен қара көздері, жоғары қарай қайқы кірпіктері, сүйір қастары, таңқы мұрын, томпақ еріндері бірдеңе назды, мейірімді, күлімсіреген сияқты сезінді. Өзі жебедей жіңішке, иілгіш. Жас анаға өте ұқсайды. Сіңліне қарап, Жұлдыз жиі ұмытшақ болып кетеді. Балалық кезіндей иінде бетін тығып, анашымның қымбатты иісін сезіп, жұмсақ шашын саусағына орап олардың бұйраланып қалғанына қарағысы келеді. Бірақ сосын жүз келбетінде бірдеңе жат байқалып, бойлы, ауыр, қызыл бетті ер адам көріне бастайды. Ішінде бәрі бүрісті де Жұлдыз, өзінді ұрсып, еріксіз көзін тайдырады.

Толқын жылқыны бүйріне өкшесімен сәл итерді. Бүркіт адуынды жүгіре жөнелді. Жел қыздың бұрымдармен ойнап жүрді. Қуаныштан құйрығын аздап көтере салып, мойнында жаңа адамның ерке қолын сезіп, жылқы шабысын қайта-қайта жеделдетті. Желпілдек жал сіңліннің бетін жаба салды, бірақ Жұлдыз бәрінің жақсы екенін сезіп тұрды. Айналып жүріп, қарқынын кеміп кетпей, пысқырып та шанды көтеріп, Бүркіт пен салт атты оның қасында тоқталып қалды. Желден қызарып кеткен сіңлі күлімсіреді.

– Қалай?

– Күшті ғой! – Толқын жылқыны Жұлдыздың қасында жүруге жіберді.

– Енді түсінесің бе? Бұл… еркі бұл жерден басқа ешқайда жоқ. – Көзін жұмып, Жұлдыз аз уақытқа Толқын туралы ұмытып кетті. – Мен бұны мені жек көретін ауылдағы өмірге айырбаса алмаймын. Түсінесің бе? – сіңлінің көзіне өтінішпен қарап, қайта сұрады Жұлдыз.

– Мен бұны әркашан түсінетін болдым. Бір де айтқан сөзім бар ма?

Толқынның бетінен көңілді сәулесі ғайып болды, ол ойға шомып көзін сығырайтты. Дегені рас, айтқан жоқ. Мүмкін, Толқын болмаса Жұлдыз ауылды баяғыда тастап кетер еді екендігін түсінеді. Оның әпкесі ұялды. Жұлдыз Толқынның қиналып жалтақтағанын байқады.

– Бізден басқа мұнда ешкім жоқ екені есіңде ме?

– Иә…

Сіңлі зауықсыз көзін Бүркіттің шоқтығына түсірді.

– Мен саған бұны айтқан болғанмын, және тағы да қайталамын – мен анау түнде ешкімді көрген жоқпын. Сен елестеттің.

– Мүмкін солай.

Жұлдыз сіңліннің қорқынышын жоя алмайтынын түсінді. Бірнеше жыл бұрын Толқын оның бір аруақ туралы еске түсіреуінен азапталғанын мойындады. Әлі бөпе кезіндегі тұтқындар қаласынан қашуынан қалған жалғыз есінде сақтағаны. Бірақ Жұлдыз ана күні ешкімді көрген жоқ деп ант бере алады. Шынында айтқанда, аруақтар туралы ойлаған да жоқ. Бір кездессе де, тұтқындардың жауынгері емес болса бәрі жақсы. Бұл қорқыныш болмаса, Жұлдыз таулықтардан баяғыда көшіп, жеке тұрар еді.

– Толқын, біз Саткын екеуіміз кетеміз.

– Немене? – Толқын жылқыны баяулаттып, әпкеңе тесіле қарады.

– Таңда біз кетеміз.

– Жаңа ғана оралдыңдар ғой!

– Жедел жұмыс туды, бару керек. Әй, ол мен үшін емес қой!

Толқын, не айтқанын таба алмай, ренжіп ернін емерді да бұртия қалды. Жұлдыз еріксіз күлімсіреді. Дәл кішкентай кезіндей.

– Алғашқы қар түскен кезде ораламыз. Уәде беремін.

Толқын үндемей отыр.

– Мен саған әп-әдемі сырғалар әкеп беремін. Тілейсің бе? – Толқынды оған бұрылған арқасына нұқып, бітістіріп сұрады Жұлдыз.

– Олар маған керек жоқ.

– Қалай керек жоқ?! – Жұлдыз қолын соқты. – Азат Сырға салуда саған не кигіздіреді?

– Қалай… Сен мұны қайдан алдың? – Сіңлі Жұлдызды итеріп жіберді. – Ол маған бие басына мүйіздей керек.