Выбрать главу

жерде бір айта кететін нәрсе: байланысшылар жылы киіммен толық

қамтамасыз етілген. Өйткені ол қимылдамай, бір жерде көп

отырады. Жаяу әскерлерде аяқ киім оңды емес. Бағанағы жарадар

жолдастарымызды қамқорлыққа алып жатқанымызда, жаңағы

82

екеудің бірінің аяғындағы валенкиін шешіп алып кетіпті. Қайтсін,

байғұс, аяғы тоңып өліп бара жатқансын. Алдымда біреудің алайын

деп жатқанында, сен осындай болмасыңа көзің жете ме деп, қуып

жіберіп едік.

Осылай әурешелікте жүргенімізде, таң бозарып ата бастады. Әлі

біз алдыңғы шепке жеткеніміз жоқ.

Байланыс сымын тартып келеміз. Бір кезде артымыздан

шанамен ыстық тамақ та келіп жетті. Енді тартар жеріміз қалайда 1

км-дей қалды – ау. Сол бір км. өте қиып жер болып отыр.

Жасырынар орман жоқ, жалаңқы. Адамның өлігі ыбырсып жатыр.

Солдаттың ыдыс – аяғы әр уақытта өзімен бірге: кателок белбеуде

байлаулы, қасық қонышта, сумка арқада.

Шанамен келген сорпа ыстық екен, термосқа құйылған. Шананың

жақтау ағашына отыра кетіп, ішіп отырмын. Нан ыстықтай болған

соң, суықпен қатып қалған, балтамен шауып үлестірді. Бір түйіріп

алып, аузыңа апарсаң, тісіңді қарып кетеді. Дереу қойныңа тыға

қоясың, сәл жібиді, кеміресің де, тағы қойныңа тығасың.

Жау жағынан тағы да гүрсіл басталды, енді снарядтар да көзді

ашып – жұмғанша келеді. Келді де. Бір снаряд мен отырған шананың

қасына түсіп жарылды. Мен міз бақпай, сол отырған күйімде

қалыпты. Сорпамды төгіп аламын ба дедім бе, қайдам? - Жоқ.

Ойлауға шама келмей, сасып қалсам керек. Шанадағы жегулі тұрған

ат жалп ете қалды. Жан тапсырды. Дереу арғы жағымдағы орман

ішіне тасалауға бет алдым.

Міне, өлгенде қыл көпірден өтесіп деуші еді. Сол қыл, көпір

алдымда тұрғандай. Кабельді еңбектеп тартып келемін. Қайда

адамның өлігі болса, соны тасалап бетке аламын, соған

жасырынамын. Өлген адамның қаны денеме жұғып та жатыр. Не

керек, өлдім – талдым дегенде байланысты жеткіздік. Кабельді тұра

тартпасаң, жетпейді, бұрылуға болмайтыны сол.

Біз келегн жерде түнде Жаңақорғандық Бегімов деген бар еді. Ол

бұрын штабта начфин(ақша жағын басқарушы) еді. Адам жетпеген

соң, оны да алдыңғы шепке жіберген екен. Түп ішінде келіп,

траншеяға орналасқан. Таң бозара үлкен дәретке отырғысы келіп

қыстайды. Қасыңдағылар осы отырған жеріңе отыр да, кішкене

күрегіңмен(саперная лапата) лақтырып жібер десе, өзіне ыңғайсыз

көріп,(бұрын ол алдыңғы шепте болмаған) сыртқа шығуға басын

көтере бергенінде, мергеннің(снайпер) оғы дәл маңдайынан тиіпті.

Бұрын бұл кісі Жаңақорғанда аудандық ақша бөлімінде істеген екен.

Кейін Смағұл Дүйсенов әскери госпитальдан бір хат жазды.

Хатын зорға таныдық. Сондай сұлу жазушы еді. Енді осы жолдасыма

қалай жолықтым соны айтайын. Құлсарыға қызыма бара

жатырғанымда, Мұқаев Дүйсенғали Смағұлдың Алматыда

тұратынын айтқан болатын.

Сонымен, мен Алматыға келгенімде, балам мен ініміз

жанұяларында болдым. Бұлардан басқа да жекжаттар бар. Қайтуға

83

жазға билет те алғаммын. Адресный столға Смағұлды сұрастыруға

келсем, іздеген кісінің аты – жөнін, туған жылын жазыңыз деп бланка

ұсынды. Мен Смағұлдың туған жылын білмеуші едім. 101 бригада,

негізінен, 1921 – 22 жылғы жастардан жасақталған болатын. Ал,

Смағұл бізге кейінгі толықтыру тұсында майданда жүргенде келген.

Мен Смағұлдың 1920 – 22 жылдар шамасы деп толтырдым.

Іздеп еді, бір тәуір жері, бүкіл Алматы бойынша Ұлы Отан соғысына

қатысушылардың мұнымен фамилияласы жоқ екен. Бір ғана Смағұл

Дүйсекенов. Адресі бар да, оның алғашқы кезде үйінде телефоны

жоқ. Ол күні мен поезға мінуім керек еді, үйіне іздеп баруға уақыт

жетіспейтін болды.

Екінші рет соққанымда, үйіне телефон орнатқан екен.

Телефонның нөмерін алып, сөйлестім. Трубканы қызы алды,

соңынан әйелі, өзі алды. Қалай жетуімді анықтап, бардым

да.Баламның енесі Оралдан келіп жатыр екен. Кетерде мен ол кісіге

көп кідірмеймін деп кеткенмін. Келсем, Смағулым егде тартып

қылған, 1- топтағы мүгедек. 1914ж. туылған болып шықты. Көзі

көрмейді деуге болады: “Сенің тек жобаңды ғана байқап отырмын”-

дейді. Әйелі, ұлы, қызы бар көрінеді. Іздеп келгеніме өте ырзалық

білдіріп жатыр. Смағұл Аякөздік екен де, әйелі Мақпал Оралдық

Байбақты руының қызы болып шықты.

Бәрін де біледі, ұмытпаған. Сол кездегі (соғыс кезі) менің

түсімді де ұмытпаған. Шай ішіп болған соң, рұқсат сұрап, баламның

үйінде құдағиым күтіп отырғанын айтсам, жіберетін түрі жоқ. – Сен

телефонмен сөйлескенде – ақ, қазанға ас салынған, жеп кетесің, -

дейді. Астан аттап кете алмадым. Әбден әңгімелестік. Қай уақытта

да, пендешілік, адам деген асығыс жүреді ғой. Ойыма : “Әттең,

телестудиядан тілшілерді ертіп келіп, қанды көйлек киіскен

майдандас жолдасыммен кездеспей кеткен 48жылдан кейінгі

кездесуімізді экранға түсіріп алар еді – ау!”- дедім.

Содан кейін де(1995ж. ) телефон арқылы хабарластым.

Жағдайым жаман емес дегенді айтты. Смағұлдың жұбайының аты –

Мақпал. Смағұл 1996ж. октябрьдің аяғында қайтыс болыпты, көңіл

айттым жұбайына.

Жараланған жауынгер жолдасыммен майданда

кездесуім.

1942 жылдың бас кезі. Күн суық. Жерде қар. Москваның арғы

жағында Погорелье городище станциясы шағын ғана елді мекен

екен. Түстен кейін поездан түстік те, түскендеріміз түскендей, кәдімгі

таныс ауылымызда қарай бет алып бара жатқандаймыз. Бағытымыз

батыс жоқ. Жолда қарсы кездескендер кілең ақсақ – тоқсақ

жаралылар. Бұлар өз беттерінше санбатқа жүріп баратындар. Күн

бата майдан шебіннен біздер де орын алдық. Әркімнің өз міндеті

бар. Біз болсақ, телефон сымын тарқата жөнелдік. Бір жерде өлген

84

адамды көріп, бізді ұстап алатындай, айнала өттік, тіке жүруге

қорықтық та. Тәжірибесіздік бар және ештеңеден бетіміз қайта

қоймағандық та бар. Үш күнде жауды 10 км. – дей ығыстырдық та

тастадық. “Зайцево”, “Мишуково” елді мекеніңде соғыс қатты болды.

“Мишуково” қолдан қолға қайта – қайта өтті. Осы жерде тоқырап

тұруға тура келді. “Зайцево” елді мекеніне жақын жерде түн ішінде

минометтен оқ атқылады. Оқ атушылардың ішінде жерлесіміз әрі

туысымыз Нұртай Әйтенов те бар – тын. Жау оқ атқан жерді біліп

алып, сол жерге снаряд оғын жаудырады. Осы жолы Нұртай мерт

болады. Оны маған сол түні Ахметжан Жанпейісов телефонмен

хабарлады. Мен Мишуково бағытында дивизияның “НП”

(наблюдательный пункт) деп аталатын орнында комдивпен “ НП”

пунктіне байланыс беремін.Қай кезде болса да комдивтің

“НП”пунктіне байланыс беремін. Жау ауқым –ауқым оқ жаудырып

қояды. Осы “НП” – нің шығыс бетінде сай болатын. Сол сай ішіне

“Иван болван” деп аталып кеткен снарядтарды орнатып жатқан. Бұл

снарядты алғашқы көруім еді:Ұшқанда, көп жерге дейін жалын

болады да, содан қаңбалақтап ұшын бара жатқаны көрінеді,

үлкендегі жау торғайдай – ақ. Түскен жерін өртен жеберсе керек.

Немістер “Русские стали домами бросать” десе керек.

Түстен кейінгі кез еді, шамасы 4 – 5. Иығында шинелі, оң иығы

салбырап кеткен, өзі жаралы біреу келеді. Қарсы жолықтым. Бұл –

шиелілік Мырзақым Мұстафаев болып шықты. Жарасы иығындағы

байлауы қызарып барады. Сыртынан тағы байлап, шинелін иығына

қайта дұрыстап жауып беріп, қош айтыстым. Елге келген соң да көріп

жүрдім. Бір –бірімізді танимыз. Бір күні шиелі базарында кешқұрым

әйелімен кездескенде :

- Сен мені танисің ба? – дедім.

- Иә, бұрыннан – ақ танимын ғой! – деп жатыр.

-Жоқ, оны айтпаймын. Сен жаралы болып бара жатырғанда

кездескеніңді білең бе? – дедім. Есінен шыққан, ұмытыпты. Есіне