Выбрать главу

салып едім, әйелі екеуі жабыса кетті: үйіне әкетпекші болды. Бірақ

мен ауылға қайтуға асығып тұрғанымды айттым. Сол жолдасым

1995ж. дүние салыпты. Әзімханның қызын соның баласы алған.

Біздің ауылда соның бір құдашасы (Айгүл) қайтыс болғанда,

әйеліне кездессем, ерінің қаза болғанын білдім, көңілдік айтуға тұра

келді.

Төрт жыл майданда жүргенде есімнен шықпастай қиналғаным

болды. Бір айдай жоғарғы қолбасшының резервінде болдық. Жау

қайдан қысса, өл – тіріл сол жерге жету керек. Усвятск –Велиж

маңында жау осы екі қаладан қысады да тұрады. Арасы 80км. Сонда

сол 80км.- ге бір тәулікте жаяу жүріп жетеміз.Жүріп келе жатып

ұйықтағанды өз басымнан кешірдім: Стройдың ортасына түсіп алсаң,

құлауға мүмкіндік болмай, көз шырымын алады екенсің. Осы екі

бағатта үш рет олай бұлай сандалдық.

85

Велиж түбіне келіп, оборонға жайғастық. Сол күні кешке немістер

радиомен:"Қалай, 51 дивизия, шаршаған боларсыңдар! Енді дем

аласыңдар"-деп, самбырлап тұр. Сонымен, демалдық та. Оншақты

күннен соң, шабуылға шығып кеттік. Осы жолғы соғыста

Жаңақорғандық Қайназаров Қайыпбек (соғысқа бірге алынғанбыз)

аяғынан жаралы болып бара жатқанда, аяғын сыртынан тағы байлап

бердім. Ол жігіттің бар екенін сыртынан естимін, бірақ кездескенім

жоқ.

Марқұм Ахметжан Жанпейісов 30жылдан кейін кездескенімде зорға

таныды. Ол кезде ол Жаңақорғанда 1-хатшы еді. Жоғарыда айтқан

"Мишуково" түбінде "НП"-да Комдивпен біргемін. Бір кезде байланыс

үзіліп қалды. Дереу жалғастыруға бара жатырғанымда, жау жағынан

снаряд атылғаны естілді. Сол-ақ екен, бізге де жетті. Түсе бастады.

Минометчиктер минометін орналастыратын жерді қазып жытыр екен,

олар сол жерге жата-жата кетті.

Мен де солардың үстіне құлай кеттім. Бір-біріне сүйеп қойған (козел)

винтовкаларына осколка тиіп, стволдарын бөліп кетті. Бұдан да,

шүкір, аман қалдым. Байланысты жалғап, НП-ға келсем, кірер

алдында комдивім полковник Воробьев сұлап жатыр. Мені көрінбей

ме деп, есік алдына шықса керек. Аңдып отырған снайпер қағып

салған. Сол Воробьев Маншук жерленген жерге жерленді. Мен

соның "почетный карауылында" 15минут тұрдым.

Үйқы, күлкі, ләпсі арсыз дейді ғой. Сол үш арсызды өз басымнан

кештім. Жау атқылап жатқан жерден жүгіріп өту барысында, жата-

жата кеттік. Снаряд атуды қойғанда тағы жүгіру, тағы жату. Сондай

бір жағдайда, артыма жатып қарасам, соңымдағы жігіт басып

шұқырға тыққан да, бөксегі сыртта жатыр. Соған күлдім. Басы керек

те, бөксесінің керегі жоқтай! Ал, Ләпсінің арсыздығы да бар ғой, оған

тым беріле берген ұрындырады, абайлау керек.

Өзім туралы.

Жіберіп алған қателігім.

Елімізге жау шапқанда, қатарымнан, замандас бірге өскен

жолдастарымнан қалмаймын деп, майданға шақырылғандардың сол

жолғы (10.12.1941 ж.) екі адамы кейінгі шақыруға қалуы керек

болғанда, қалып қоймай, майданға сұранғандай болып кетіп едім.Ал

енді соғыс аяқталған соң, июнь 1945ж. Польшаның Августов

қаласынды тұрғанда, Киев қаласындағы әскери саяси академияға

оқуға бармай қалуым менің өмірімдегі бір қателік екенін кейін барып

білдім.

-Неге бармадың десеңізші!

86

-Есіл-дертім ауыл,елге бару.Тек қана елге жету. Әскери академияға

іліну дегеннің мәнісін білмегендік екем. Ол кезде соғыстан кейін

майданда болғандардың ішінде ұлт өкілдерінен орта дәрежелі білімі

бар адам қолмен санарлық қана кез екен ғой! Елге келдім. Ел

қандай?! Таршылық, еш нәрсе де жоқ, бәрі жеттіспейді. Оқуымды

созған да жоқпын. Не бітірдім?! Ер жігітке Қызыр Әлейкесаләм

өмірінде үш кездеседі деген сөз бар еді. Сол жолы маған кездескен

екен – ау, бірақ мен оны білмеппін деген ойға қалдым, онда да бұл

ой маған тым кейін келді.

Екінші бір қателігім бүкіл өміріме әсерін тигізді. Менде жан

ашарлық, ақыл – кеңес берерлік адам болмады. Өмір дегеннен менің

түсінігім ол кезде тіптен аз екен. Бұл – 1946 жылдың жазының

аяғы. Бұл қателігім – бірінші қателікке душар еткен албырттықтың

жетек жетектегендей жалғасы істеттес іс. Біреудің намысына қалдым

ба деп те қаламын. Тым олай да емес – ау да деймін. Әлде қарғысқа

душар болдым ба? Жоқ, олай болуы мүмкін емес. Енді не?

«Пешенеге жазғаны» деген қорытындыдан басқа ештеңе айта

алмадым.

Біреуге жұмбақ сияқты. Бірақ маған аян. Жарайды. Болар іс

болды. Оған тек тағдырым яғни жетімдігім ғана айыпты. Өмірмен

арпалыстым. УҺ! дегенде 40 жасымда қыр басына шықтым. Бұл

шығу мені қатты шаршатып кетті. Сондықтан да мен 53 жасымда

жұмысты бірден тастап жібердім. Дем алдым. Емделдім. Ешкімнен

де кем болғаным жоқ. Жұмысты ерте тастағаннан ұтылғаным жоқ,

қайта денсаулығымды түзеп алдым. Бүкіл өмірімді оқытушылықпен

өткіздім. Шынында, мен оқытушы емес, дәрігер болуым керек еді.

Мен 8 – класта оқып жүргенімде – ақ адам анотомиясын өте ұнатып,

бес саусағымдай біліп едім. Сол білгенім осы күнге дейін өзімді өзім

білуіме, емдеуіме көп көмегін тигізді деп түсінемін. Олай дейтінім –

Қай жерім аурады, неден болды, оған не жасау керек екенін алдын

ала оқып, емін жасап келемін. Дегенмен, тозып келемін. Тозған

нәрсе жойылу заңды, түсінемін. Сондықтан да ой толғағы қысқан

кезде, қай мезгіл екеніне қарамай (түн бе, күндіз бе ұйқыдан да ұшып

тұрып) жазып тастаймын. Әйтпесе ұмытамын. Кейде сонымды қайта

оқып, бәрі рас, өміріме экскурсия жасағандай боламын (соңғысы1/I-

2004ж.)

Дұрыс деп тапқан жұмысым

1. Өз өмірім туралы бұрынғы жазғандарым да азын – аулақ

айтылды. Енді сол мақаулығымды басқаға жұқтырмас, яғни өзім

сияқты болмасын деп, шежіре жобасын жиып, оны бір жүйеге

келтіріп, қағаз бетінде қалдырып барамын. Баспа бетін де көреме

деген үмітім бар. Мақтанып – ақ айтайын, 1996ж. өз ауылымдағы

«Абай» мектебінде Наурыз тойында Мөлдір деген 2- класта

оқитын немерем көпшілік алдында 22 атасының атын аспай –

саспай айтып берді. Сол тыңдаушылардың ішінде бұлай білетін

ешкім де жоқ еді.

87

Керек десең, кез келгені жеті атасын да айта алмайды.

2. 1995ж. ақпан айында Алматы да болып, ұлдың кенжесі

Нұржанды, қыздан кенжесі Пернешті екі күннен төрт күн

Алматыдағы бауыры болып саналатын Амандықтың

ұрпақтарының үйіне апарып, олармен таныстырдым. Солай

жасау керек болды. Қазіргі жастар туысын емес, кластасын,

құрдасын туыс санап, бауырын танымай бара жатырған жай бар.

Осы жолғы ісіме өзіме өзім есеп беріп, есіме түскенде рахаттанып

қаламын.

3. 1994ж. немерем Мөлдірді Алматы арқылы Көкшетауға алып

барып, 40 күн қыдырттым. Алматыға тоқтап, зоопаркты

аралаттым. 25 немерем бар еді сол кезде. Оның бәрін бұлай

жасау маған ауыр соғады. Ал біреуіне жасағаным соның бүкіл

өміріне ұмытылмастай із қалдырады.

Ал мен болсам, ата түгіл өз әке – шешемнің де тәрбиесін

көргенім жоқ емес пе, ағайын – ау! 9 бала тәрбиелеп, немере,

шөбере (3) көріп, олардың азды – көпті қызығын көру деген бұл

заманға олқы бола қоймас деймін. Өмір деген – қиыншылық,

арпалыс, күрес. Осылайша онымен күресудемін.

4. Ата – ана балалы болуға неге құмар екен? Түптеп келгенде, ізін

басар мұрагерін, өзінің адам сипаттас көшірмесін қалдыруды

көздесе керек. Мені де дүниеге келтірген ата – ана да солай

ойлады ма деймін. Ал, келтірді. Бізден не көрді? Біз не көрдік.

Дүниеге келтірген ата – ана жоқ болды, дүниеден өтіп кетті. Оған

біз кінәлі емеспіз, кінәлі сол қоғам, оны басқарғанды жауыз дер

едім.

Енді сол ата – ананың адам сипаттас көшірмесі болған бізге

не жүктелмек. Міне, мені көптен осы нәрсе ойландыра берді,