ойландыра берді. Бекер айтылмаса керек: «өлі ырза болмай, тірі
байымайды» деген сөз. Сол ойымда 1995 жылдың аяғына таман
іске асырған болдым: өз шамама қарай әкем Алтынбекке, шешем
Айнакүлге, әпкем Қанбибіге түйе сойып, халқыма дұға оқытқан
болдым, бір Алла өзі қабыл көрер дедім. Алыстағы балаларымды
қобылжытып шақырғаным жоқ, хабардар жасадым.
5. Уақтысында іске асырмасам да, уақыт солай болған да болар,
мұсылмандыққа сән бір жұмыс – намазға жығылдым(14/IX-
2002ж).Бір ауылдық иман болған (Бауыржан) жігітке құладым. Сол
жолы оқшы Атаға барып, әруақтарға түнедік. Содан бері
намазымды тастағаным жоқ.
Қоныс аудару.
«Таза ауа жұтқаның,
талай жылды
ұтқаның»
Әңгіменің тақырыбы құлаққа жағымды тие бермейді. Сонда да
болса, болған істі жасырмай, неге олай болды деген сауалдың
88
бетін ашып, оқушыма бұл істің қате іс пе, әлде дұрыс іс пе ой
лабораториясына салғанды жөн көрдім.
1996 жылы мамыр айында Шиелі ауданынан мен, кемпірім бар
осы Түлкібас ауданына (Тұрар Рұсқылов ауылы, бұрыңғы
Ванновка) келуге шешім жасадық. Оған себеп болған кіші
баламыз Нұржан әйелімен Ақтаудан келіп еді, сол баламен бірге
болуды дұрыс көрдік.
Шындығында, бұл жерге толық келіскендер мен, бала мен
келінім, ал кемпірім лажсыздан көнді. Көшу себебіміз –
Қызылорда облысының экологиясы: суы, ауасы таза емес, өсімдігі
де өзгеруде. Ағайын – туыстар болса, ешқайсысы да ұнатпайды,
олармен ақылдасқан мен жоқ.
Бұл жерде бала күйімде, 1937 жылы, пионер лагерінде
болғанмын. Сол кезден таныспын.
Соңғы кезде Қызылорда облысының барлық аудандарынан
келушілер жетерлік, көпшілігі жастар деуге болады, пенсияға
шыққаны да, шықпағандары да баршылық. Бірақ бұл жерде
жұмыс дегеннің табылуы қиын. Екі қолға бір жұмыс деген(қара
жұмыс, диқаншылық) табылады.
Менімен бір уақытта бір ауданнан келушілер де болды.
Бұрыннан ол ауылдың адамдары бар екен. Олармен табысып та
жатырмыз.
Ақтаудан келген балам бизнеске араласушы еді, мынау жерде
ол жұмыс онша тиімді емес екен. Сонымен ол Алматыға кетті.
Сонда сол ісін жасап жүр. Көп ұзамай елде қалған баламыз,
бұрын бізбен бірге болған Нұрғалымды көшіріп алдық, үйді
саттық. Бұл балам ол жақта да жұмыссыз еді, мұнда да солай.
Қаражат қарастырып, пайдаланылатын бір көлік(жигули) алып
бердім. Сонымен, ептеп нанын тауып жүр. Жан – жақтан
балалардың барлығы да келіп тұрады, біз де оларға барып
тұрамыз.
Аз күн өмірімізде суы, ауысы таза жерде болғанды ұнаттық.
Солай да жасадық. Оған өкініп жүрген жағдайымыз жоқ. Елге
барған сайын ол жақтың жалпы экологиясы төмендеп кеткенін
сезініп, тез қайтуға асығамыз. Жаз күндері жан – жақтан
немерелер уақтысын бізге келіп өткізіп жүр.
Биіктік № 75 пен 68.
Бір кездерде жазық, ойлы – қырлы жерде томпаңдап зырғып
жүрген күндер өткен. Ол 16 – да да, мен 24 – темін. Қайыспайтын
қайрат бойдағы кез. Қиындықтың түрі бар екен деген ойға да
келмейді. Бәрін де жасап аламыз деген кез. Шындығында да солай
еді. Жоқ екен деген ойға кірмейді, тырысудамыз, болдыру жағы
басым. Бұл – жастықтың құдіреті. Жоқтан бар жасадық, бірден кем,
89
біреуден тәуір дегендей тұрмыс құрып, 9 перзент дүниеге келіп еді,
бәрін де үй – баранды, балалы шағалы болуына ат салыстық. Бәрі
де жақсылы – жаманды жұбайларымен, ұрпақұтарымен бірге өмір
сүруде. Осы заманда оңай – ақ қосылып, өмірдің қиындығына шыдас
бермей, жалт етіп тайып жүрген де жетерлік.
Ал енді осы үлкен ұяның басы болып тұрған 75 пен 68 ге
келгеннің жағдайы қалай? Осының алдында 75 деген ойнауға
келмейді дегенді ескерткенмін.
Қазық аяқ 24 – тің қадамы тарылғанына да біршама уақыт болды.
Егер біреулер кездесе қалып, қандай денсаулығыңыз? дегендерге,
жасыма лайық деп жауап беріп өте шығатын едім. Ол жауап нық
жауап екен деген ойға да келіп қалмаймын. Өйткені босаңсу жағы
басым болды. Біреуге: «Как живете?» - деп сұрағаным да , сол кісі
сол кезде осы күнгі менің жасымнан өте бастаған кезі – ау.
-
Нет, я товарищ, я доживаю! – деуші еді. Рас екен – ау.
Бұл да жаман емес екен – ау деп, өзді - өзіме шүкіршілік те
жасаймын. Менен кіші болса да, дені сау болғанымен, «Не живет, а
существует» болып жүргендер де аз емес. Ал енді 68 – ім ше? Оның
өз ойынша қандай екені ішінде шығар. Дегенмен, жүріп тұру жағы
ауырлаған. Ол жерім, бұл жерім деу жағы молшылық. Тек сүйсінерлік
жағы бар, ол – тәбет жағы тартымды, игере алады. Демалысы,
ұйқысы ол жаман емес, сәби кезіндегідей қисая кетсе, қор ете түседі.
Әдебиетпен көп шұғылданбағандықтан – ау деймін, теледидардан не
көрсетсе де, шашау шығармай қарайды. Көзі талса, құлағы тыңдап,
онда да қорылға басатын уақыты болады. Менен тәуір, көрілімдердің
бәрімен таныс. Одан қанша түсініп, идеялық жағынан не қабылдап
жатқанын өзі біледі. Денсаулығы жағынан ептеп қанның қысымы
бар, бүйрек жағы да мәз емес. Мен білгенімді айтқаныммен, толық
қабылдай қоймайды.
Екеуміздің де шығып тұрған тұғырымыз аз жер емес. Келесі
тырмысып тұрған шың тайғақ, жылпың, басы желді, ызғарлы, маңы
құз, жартас келе ме деймін. Кім оны қалай меңгереді, қалай игереді
ол жағы белгісіз. Сол биік басында аса қызыға беретін де қалған
нәрсе жоқ – ау деймін. Өрмелемей - ақ, төменгі саялы, ықты, жанға
жайлы жерінде қалған өмірді өткізген дұрыс па деймін.
Осылай бола тұрса да, кейде үлкен шаңырақта отырып көңілге
қонбай қалған кездерде арыстандай ақырып, жолбарыстай
буырқанып та қалатын кез келеді. Ол кезде үй іші жым – жырт тына
қалады. Дауыл өтеді, шуақ түседі, бәрі жадырайды. Жарасымды
тынады. Осы да кейінгінің сыйлағаны деп түсінемін. Өйткені ол –
дауыл емес, жанға батыра айтқан ақыл – кеңес. Дұрыс тыңдады,
демек, сыйлады. Айта аламын ба, айта алмаймын ба деген бір сөз:
Жанбасымыздың жайғасатын жері оған пәлен деу маған қиын.
Қалған адамның жанына батпағаны жөн. Жерден пайда болдық,
қайта оған барамыз. Дегенмен, оны да жазып қойдым, орындауы
кейінгілердің жұмысы.
90
Шайқалып түзелген шаңырақ.
«Жауын менен жер көгерер, бата менен ер көгерер» деп
жатады атам қазақ. Біздің жерімізде көп жасағанда жүз жасар.
Өмірдің жолы үнемі түп – түзу болып келе бермейді. Оның неше
түрлі бұралаңы болады. Сол бұралаң тікелей адамға байланысты
болады, одан басқа тәңірдің жазғаны да болатыны болады.
Алғашқысына кінәлі – адам, ал соңғысына Алланы кінәләй
алмайсың. «Жазмыштап асар озмыш жоқ» деген бар. Феодалдық
қоғамның батып бара жатқан шұғыласын көріп, Социалистік
қоғамның белшерінен басып, жасарын жасап, асарын асадық та;
отына күйіп, суына баттық та десек болады. Сонымен, оның
басына ешқандай қиындықсыз – ақ су құйып, суға батырған
тауықтай жасадық. Жұмыртқа бастырып өсірмей -ақ қояйық
дейтін тауыққа осылай жасаушы еді. Дәл соны жасады «Ел
басы».
Енді қайта құру заманы деген келіп жетіп, оны қалай құруды
әлі жөнді біле алмай, ары – сар болушы аз емес.
-
Кімнен үйренбекші? – Бір кездерде жауымыз
дегендерден үйренбекші.
Біреу тойып, біреу тоңып секіруде. Тойып секірушілер қан
талапайдан мол қарпығандар.
Осы үш түрлі қоғамды менің атам, әкем, өзім болып бастап
өткізудеміз. Атамызды , Дәулетті ,сол өзі тұстастар да, балалары,
біздің әкеміз де, «Кәке» деп атап өткен екен. Сол кәкеміз өмірінде
үш некелі болыпты. Үш әжемізді бір уақытта иеленбеген, бірі
дүниеден өткен соң, келесісін алған. Менің әкем алғашқысынан
екінші перзентті екен. Бірінші: әжеміздің үш перзентінен үрім – бұтақ