бар, жаман емес. Екінші әжеміздің қызынан да бар, олар да өсіп өніп
жатыр, жақсы. Үшінші әжемізден бір ұлды болғанда кәкем дүниеден
өтеді. Сол соңғы әжеміздің тәрбиесін көрдік, өз қолымызбен әжемізді
ол дүниеге атттандырдық та. Кәкемнен кімдердің өрбіп - өсекендерін
бұл жерде айтып отырғаным жоқ, бәрі шежіре жобасында схемамен
аты - жөні көрсетілген.
Социалистік қоғамның алғашқы құйынды қарқынына үшінші әжем,
әкем, немере аға, ана, інілерім ілініп, зардабын шекті де.
Шаңырақтың шайқалуы, тіпті бұзылуы да осы кезеңде болды.
Бұзылғаннан қалған тек кәкемнің шаңырағының жобасы. Сол
жобаның қабырғасы 1936 жылы қайта бой көтерді. 1939 жылы
шаңырақ орнатылды: кәкемнен қалған ең кіші ұлы жұбайласты.
Алғашқы әжемнен қалған баласының шаңырағы шайқалып жүріп,
1946 жылы толық түзелді.Шүкір, сонымен, бұзылып кеткен
шаңырақтың соңы болып, 29 VIII – 1946 ж. Отау құрған болдық. Інім
1957 шаңырақ түзеді. Бұрын қазақ халқында фамилия деген құжатқа
жазылмайтын еді. Мына қайта құру қоғамында ол бар. Сөйтіп,
91
фамилиямыз дей ме, тегі дей ме, көкеміздің аты да құжатқа
жазылғанда, ұлдан жеті адам ие болайық деп тұрмыз. Бұл үш
шаңырақтан шыққандар негізінде жеті шаңырақ болып отыр. Сонда,
Дәулетовтер, не Дәулет негізінен – 7: Сағындық, Амандық, Тасболат,
Сайран, Замирбек, Қайрат. Паспорт ауысуы барысында тағы да
әркім ойында келгенін жасады. Сонымен, Сағындық, Амандық
Алтынбеков болды да, Тасболат Таумаев болып кетті. Ал қалған
Сағынбайдан тарғандар Дәулетов болып жазылды. Бәз баяғы бұрын
фамилиясы жоқтар сол күйінде қалды.
V-1996 ж
Өзіме тәжірбие
Бірде кешқұрым аяқ астынан тамағым жыбырлап, танауымнан
су аға бастағаны. Пәлендей суық тие қоятындай жағдайдың
болмағаны өзіме анық. Сонда не болды? Қой, бұған мен бір тәсіл
жасап көрейін деген ой табан астынан сап ете қалды. Ертеректе
біреулердің ішкенінен қалған жартылық ішінде 250 гр – дай ақ арақ
қалған. Аузын жапқанмын, қарасам, бар екен. Бір ыдысқа бір
қасықтайын құйып алып шалқайып тұрып аузыма құйып жұтпастан
тамағымды қарқыратып шайып жатырмын. “Самопал ” деуші еді
ішетіндер, қалай, ішінде ащы бұрышы да бар ма, тамағымды
ашытып барады. Бір тамшы да жібермей, төгіп тастадым. Мұрыннан
боқ, көзден жас парлап кетті. Шашалып та, жөтеліп те жатырмын.
Арасын үзбестен, қолыма сол арақтан құйып алып қос танауыма
тартып жібердім. Мұрын қуысына бармаған жері қалмады ау деймін,
тұншығып та барамын. Төгіп тастадым. Көзден жас парлап кетті.
Ашуы шамалы уақытқа дейін созылды. Таза сумен ауызды, мұрынды
шайған болдым. Сол сәттен бастап, құда да тыныш, құдағи да
тыныш дегендей, жыбыр да сап болды, аққан су да тыйылды.
Кім ауруды тәуір көреді дейсің. Сонда да болса, тұмау дегенді
жек көремін де, онымен дос болуды ұнатпаймын. Мүмкіншілігінше
жаныма жуытпауға тырысамын, жабыса қойса, бірер уколмен айдап
салып жүруші едім. Сол пәле қайтсем осы кісіні бір жықпаймын деп
жүрмесі бардай, елден қыстың қарлы күнінде түн мезгілінде денем
поездан жіпсіп түскен кезі еді. Такси кідіріп қалып, қолайлы кезеңін
тауып, сарт етпесі бар ма? (24/I -97)
Ертеңгілік тұрсам, денеге кірген, жайғасқан. Квартирасының
кілтін де қолына алғандай. Қой, болмас деп, мұнымен қарсы атысуға
кірістім. Температура көтеруге шамасын келтірмей, “Ударный доза”
деп белгілеген мөлшеріммен 4 күндей шабуылға шықтым. Қайтатын
емес, бірақ дәрі денеге өткенін сезіне қойдым. Дәрінің микроптарға
қарсы күресетін бөлігі мен өз денемдегі барлы –жоқты имуниттер
тұмаумен шайқасуда болуы керек деп ойлаймын. Жатырмын.
Денемде аурып жатырған жер жоқ. Тамаққа тәбет деген алғашқы
күннен – ақ жоқ болған, сол күйі. Көңілім ояу, денем ал-сал. Мен бір
92
гаражда быт-шыт етіп бөліп тастаған машина сияқтымын ба, қалай.
Бас қайда, қол қайда, аяқ қайда екені белгісіз. Сонда қалай болғаны?
Қимылдасам, жоқ, запчастьлар бәрі жалғасқан күйінде, біріне бірі
тіркесулі көрінеді. Е, дәрі денеге күштілік жасап, дер кезінде
тоқтатқаным дұрыс болған екен деген ойға келдім.
Түннің бір мезгілінде далаға шығып, есік алдынан тайып,
үстімдегі тоныммен бір жатқан шелекке былш еткенімді бірақ білдім.
Оң жақ сүбелігім, қабырғам түгелдей ұрылған. Абыл – ғұбыл жерге
түкіріп, әрең тұрдым. Іш жағында бір нәрсе баланың жұдырығының
шамасындай ма деймін, бүйіріме соқты ма деймін. Үзілген,сынған,
майысқан жер жоқ сйяқты, ұстатпайды. Жөтелу, қақырыну, сіңбіруге
зармын. Ал, шыдап бақ енді. Тамаққа тәбет деген қашып кеткен,
қайда кеткені белгісіз. Бұл – 1/II-97ж. Үш күннен кейін тәбет келер ме
екен деп, 50гр. 96- қа су қосып, тартып жібердім. Ойпырымай, дәм
дегенді білсемші, бір ащы дәм ғана сезіледі. Қарынға шамалы нәрсе
жолдап жатырмын, алғысы келмейді. Селедканың да тұзы
сезілмейді- ау. Таң ата тағы зорлап, қара шайға клубниканың
вареньесімен 3кесе шай іштім. Тәбет әлі оралған жоқ. Сол күні түсте
шамалы тауық етімен сорпасын зорлап ішкен соң ғана, тәбет
жөнделейін деді ме деймін. Ауызға дәм сезімі сезілгендей болды.
Түрлі ойлар миды шарлап жатады. 75деген биіктікті көргеніме,
ұшына қолымды жеткізгеніме де көп болған жоқ. Бұл биіктік ойнауға
келмейді екен, сезіне бастағанмын. Бәрі де мерзімді кезі жеткенде
болатынына сенемін. Мына кіші бала дұрыстап орналасып алса деп
едім. Қасына серік болар бауырлары да келе ме деген ойда едім.
Биылғы көктемде жерді ему- игеру дегенің менің қолымнан келерін
қайдам. Өмір көрсетеді бәрін. Жасаған тәжірибелерімнен оң жол
болып жатса құба – құп. “Суға кеткен тал қармайдының” ісіне де
ұқсап бара ма, қайдам. “Қайғы келсе қайыспа, қарсы тұр, күрес”
деген екен, мәтижесіз емес.
Уақыт солай деп тұрса
1970жылдың алғашқы айлары еді. Перзентіміздің үлкені Каз
МИ – ді бітіріп, Көкшетауға жолдама алыпты. Совминның баспа
бөлімін басқаратын құдамызды салып, Жолдаманы Қызылордаға
алдырдым.Облсовет арқылы Жөлектің аптекасын бір категорияға
көтеріп, бір штат аштырып, Райханды орналастырдым. Шаршаған да
бар, Ұлы Отан соғысының зардабынан денені алған дерт те бар,
сауығу орнына жолдама алып, Свердловск облысына жүріп кеттім.
Ақыры дегенін істеп, қызым өз ойын іске асырыпты, менің
келерімнен 8 күн бұрын. Сонымен Көкшетауға тартып тұрды. Арада
көп ұзай қойған жоқ, жағдайларын білуғе барсам, дәл бүгін тұрып
жатқан үйіне (3 бөлме) орналасқан. Ертеректегі, 30 – жылдардағы,
интернаттарда болатын темір кровать, екі адамға лайық қана ыдыс –
аяқпен жабдықталған үйде тұрып жатыр екен.
93
Елдегі алдыңғы қатарлы қоңы бар Түйекеш ағасы енші де
бермеген, тіпті, жол қаражатын да бермеген болатын – ды. Екі жас
маман осылайша тұрып жатыр екен. Көкшетаудың қыса қатал, бұлай
тұрғанды қалтыратады, керек десең, қамданбасақ, ауруға да
шалдықтырады. Бір күн болдым да, елге тартып тұрдым. Келдім де,
3 күннің ішінде төсек- орнын дайындатып, жүкті жедел багажбен
жіберіп, өзім сомалетпен жеттім. Жүкті алып, үй салтанатына
келтіріп қайттым.Қазақшылық жолдың, апарушылардың құрамы
дегендердің ешқайсысын да керек етпедік. Жағдай оны көтермейді.
Кейін алғашқы перзент дүниеғе де келгенде, бесікті самолетпен
апарып берген тағы бір өзім еді. Ауық – ауық жағдайларын көріп
қайтып тұрамын. Тұған анасы, тұз дәмнің бұйырған күні болу керекғ,
10 жыл дегенде барғанда, көршілері “ Ойпырмай – ай , қалай шыдап
жүргенсіз? Біз өгей шеше екен ғой, кілең әкесі келеді, анасы
келмейді!” – деп едік деместері бар ма! Сол ағашқы сәбиі ер жетіп,