институтты бітірді. Үйлену тойы, құда түсүі, екі жақты тойын өткізуге
де тағы мен бардым. Ақтаудан қызым Пернеш пен кенжем Нұржан
келді. Не десеңіз о деңіз, баланың елдегі туыстарынан ешкім барған
жоқ. Той өз дәрежесінде өтті (видеоға түсірілді, сақтаулы). Біз қазір
Түлкібас ауданындамыз, жақындадық, араласу жиілей бастады,
шүкір.Шөберелі де болдық.
1984 жылдары болуы керек қой деймін. Ең кенжеміздің
алдындағы бала ТИИТ-те оқушы еді. 3-4 рет жедел шақырумен
қайта-қайта әуре болып бардым. Сонымен "Вынужденный посадка"
демекші, мәжбүр "келінді"де болдық. Мәжбүр хабаршы жіберу керек,
жібермесең, қуғыншы келуі сөзсіз. Не істеу керек? Әрі ойланып, бері
ойланып, тапқан тәсілім мынау болды: тағы да өзім барып, тоқтату
болды. Бардым. Он ұлдың ортасында жалғыз қыз екен. Әкесі-
трактор бригадирі, шешесі-өкпе ауруымен ауырады екен. Тілектері-
Екеуі де оқуларын тоқтатпаса,-дейді. Соған келістік.
Бұл бір уақыттан ұтып, өзінен өзі күдер үзуге жетелеу жолы еді.
Солай да болды. Осы жұмысқа таңертең кетіп, түнделетіп үйге
жеттім. Барған жолдың бір жағы 200 км-ден алыс. Қысылғанда
осылай да жасауға тура келді. Әрине, осы соңғы ісімді дұрыс деп
санап отырғаным жоқ, ал оған алып барып отырған ойланбай
жасаған іс бір болса, екінші жағынан, шындықты жасырып, мені
орынсыз қинауынан еді. Оқушым, сізге толық түсінікті емес болар,
жұмбақталып отырған жағдайы да бар. Жазып отырғаным-өмірімнің
қиналу кезеңдері, ақылдасар адам таппаушылық кезі еді. Бұл да
ұмытылды.
Айтылмаған сыр еді
50 жылдардың аяқ кезі. "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып
секіреді" дегендей, біріміз дер кезіндегі студентпіз де, біріміз
кешелдеген студентпіз, яғни уақытысында оқуға мүмкүндік болмай,
94
"Ештен де кеш жақсы" демек, ұлғайған кездегі студентпіз. Біріміз
дәрігерлікке оқып жатсақ, біріміз сол істеп жүрген мамандығымыз
бойынша, С.М.Киров атындағы университеттің курсантымыз.
Жастауымыз бітіруге жақын да, үлкендеуімізге әлі оқу керек.
-Аға, бүгін кешкі сеансқа киноға билет алып қойып едім, соған сағат
5-ке біздің жатақхананың алдынан кездесейік. Айтылған уақатқа
келдім. Келсем, інімнің қасында бір жолдас баласы бар, екеуі тұр
екен. Маған інім:-Қазір келешек келіңізді көресіз-деді.
Комната жақтан екі қыз да келіп қалды. Бас иіп амандасып болды.
Кинотеатрға қарай бет алдық. Екі қыз алдымызда да, біздер олардан
соң келеміз, тратуарға түгел сыймайтындықтан, солай жүріп келеміз.
- Сол жақта келе жатқаны болашақ келініңіз болады – деді інім. Күн
батып барады, қаракөлеңке басқан. Көшеде ерсілі – қарсылы келе
жатқан халық. Енді тағы сұрағаным ұят болар деп, жаңылып
қалмайын деп-ақ келемін. Алдағылар кейде қарама- қарсы келе
жатқандардың ыңғайына қарай жол беріп, қатарларын ауыстыра
қояды: біресе оң жаққа, біресе сол жаққа ауысады. Мен болсам, көз
жазып қаламын ба деп, бағанағы келініңіз деген қыздың шыққан
жағына сәйкес қолымды жұмумен келемін. Жарық жерге де келдік.
Келіннің дидарын да көрдік. Дұрыс бала екен деген ойға келдім.
Ініміз оқуын бітіріп елге келді. Жұмыс істеп жүр. Анасы өзі
ұнатқан қыздарын баласына мақтауын жеткізіп, алуын қолайттауда.
Бала еш сыр шашпай, жауап қайтармаған күйде қалып жүрді:
Осылардың үйіне бір кегенімде, жеңгеміз баласының көзінше өз
қалағандарын тізбектегендей сараға салып, салмақтады да: - Әй,
бала, сен айтшы, осыларды сен де білесің ғой, ініңе қайсысы лайық?
– деді.
- Бұйырған біреуі болады да,- дедім мен. Ініміз білім көтеру курсына
Алматыға оқуға шақырылды, кетті. Бір күні жеңгеміз бен ағамыз
баласының сол жақта үйленгенін естіпті, біз болсақ құтты болсын
айтыстық. Қарап тұрмай, мен келінді білетінімді айтым. Тағыда
жазғы сессия кезі, Алматыға келдім. Олардың жұбайласқанына
туыстардан алғашқы құтты болсынды тағы да мен айттым.
“Кейнгілерді көріп, қартайғаныңды сонда білесің” демекші, сол
ініміз де, келін де қазір зейнеткер. Ұлды-қызды,келінді, немере сүйіп
отыр. Ағамыз да, женгеміз де дүние салған. Кезінде білсем де,
“Бұйырған біреуі болар” деп, сыр шашпаған едім. Сондағы менің екі
қолымды кезек жұмғандығым кейде есіме түседі.
Сол ініміз 25/VI – 1998 ж. марқұм болды, 64 жаста екен.
Телефон арқылы балам Шиеліден сол күні түсте хабарлап еді,
түнделетіп машинамен жеттім. Мен болсам, бұл кезде Түлкібас
ауданында тұратынмын. Ініміздің денесі 20 рзд (аялдама)
Қасындағы қорымға қойылды.
Бұл болған жағдай маған үлкен ой салды. № 8 дәптерге “Соңғы сөз
орына” деген тақырыпта пікірімді жазып тастадым. Әрине, ол
95
қазірше жартылай құпия сияқты нәрсе. (осы № 8 дәптерден
айрылдым, құрып кеткенде шығар, бірақ ешқайсысы айтпайды.)
20 жылдан кейінгі кездесу
“Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі, зор
тұлға. Ол күннің
құдіретті сәулесі сияқты”
Соңғы жылдары Шиелі ауданы, Абай атындағы мен істеген
мектеп бітірушілердің ұстаздарымен, бірге оқыған кластастарымен
кездесіп тұру дәстүрге айналған-ды. Сондай кездесудің бірі-1967-68
оқу жылында бітірушілердің кездесуі еді. Бұл кездесуді
ұйымдастырып та, жоспарлап та жүрген сол оқушылардың өздері.
Бұл жылы мектепте екі 10-класс болғандықтан "А","Б" класс деп
аталатын. Кездесу 6/XI-88 өтті. Бұл жолғы кездесуді бұрынғы
кездесуден басқашалау етіп өткізуді жоспарладық. Бұл-
оқытушылардың ойы. Бітірген түлектер жиналып болған соң,
қоңырау соғылып, әр класс түлектері бөлек-бөлек класстарына енді.
Класс жетекшілері(Алтынбеков Сағандық, Омаров Есіркен)
қолдарына сол кездегі журналдарын тауып алып, класқа әдеттегідей
сабақ өткізуге енді. Бұл сабақ "Тәрбие сағаты деп аталады".
Класс кезекшісі сабаққа кімдер келмей қалғанын хабарлады: 5 шәкірт
келмеген екен. Сол сабақтың 10ª класында қалай өткенін айтайын
деп отырмын. Бұл кластың жетекшісі мен болатынмын. Алдын ала
жылжымалы тақтаға "Семья өміріндегі әдеп жәпе психология " деп
жазып, астын бір сызып қойылған-ды. Одан кейнгі қатарда "Ата-
аналармен қатынас орнатудың өзіндік "қауіпсіздік техникасы"деп
жазылған. Енді класс жетекшісінің сабақ жоспарына келейік:
Сабақтың мақсаты. Берік татү семья құра білудің жолдарын үйрету
және жас семья мүшелерінің өмірінде кездескен қиыншылықтары
болса, оны болдырмауға кеңес беру, ақыл-кеңес дискүссиясын
ұйымдастыру.
Сабақтың барысы. Семья құрған жастардың өмірімен хабардар болу
мақсатында мына сұрақтарға жауап алу:1. Сіздің семьялық
өміріңізде кездескен ең қиын және ең қүанышты жағдай қандай? 2.
Сіздің пікіріңіз бойынша, ұрыс-керіссіз семьяның болуы мүмкін бе?
3. Сұрақтарға жауап алып, оларға қосымша пікір айтушыларды
тыңдап, қорытынды жасау. (класта 18 қыз, 6 ер бала болатын-ды).
96
Алғашқы сұраққа жауапты қыз балалардың бергенін дұрыс көріп,
Ысқақова Бибажардан, Асқарова Шаранаттан жауап алдым. Осы
сұрақтар барысында оқушылардың бәрі де белсенді түрде
араласып, өз пікірлерін ортаға салысты.
Қосымша сұрақтар тастап отырып, мектеп бітірген 24шәкірттің 8-і
жоғары дәрежелі білімді екенін анықтадым. Барлығы да
тұрмыстанған екен. Бұлардың перзенттерінің саны 63-ке жетіпті. Бір
шәкіртіміз қайтыс болыпты (Ахметов Балғабай). Осы кластың
алғашқы ұстазы Смайлова Рахия да дүниеден өткен-ді. Осы
әңімелесіп отыру барысында жаңа сабақты да бастап жібердім:
Тақтаға "Автошегініс", Вознесенский.
Семь-я
Бір өзіндік жеті "Мен" бар-кең ұя.
Мінездері алуан жеті асаудай,
Тартар жасыл сыбызғысын баса алмай
Сегізінші болып өзім кеткенге