Выбрать главу

Ахметов Балғабай

16.

Әнуарбекова Мақсат

17.

Бершімбаева Бәһар

18.

Дүйсенбаев Бердияр

19.

Ибатаева Нағима

20.

Нұрмағанбетов Құрмаш

21.

Мәкенова Құралай

22.

Дүйсенбекова Халифа

23.

Пірназарова Патыма

24.

Есіркенова Бибіхан

Өмір көрсеткіші

Мен өмірімнің бір кезеңін (18 – 40 жас аралығы) өз

омырауыма жазып (іліп)қойғандаймын ба деп қалдым.

Шындығынды да, дәл солай екен –ай! Ер басына күн туғанда

майдан шебінен табылдам, жүрдім жаумен жағаласып. Оны

көрсетіп тұрған – “Ұлы Отан соғысы”ордені болса, қан майданда

істеген,көрсеткен еңбек пе, не ерлік пе, қалай айтайын, оның

белгісі – “Қызылжұлдыз” ордені ме деймін. Өзіме өзім ой үстінде

жатып, дүниеге келдің, не бітірдің деген сұрақ ойыма түскенде.

100

Ал, “Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қыр аса алмайсыңға”

ше? Оған жауап Каз ГУ – дің значегі ме деймін. Ойлаймын, солай

да еді. Сол жылы (1963ж.) 6 баланы асыраймын, үй де салдым,

КазГУ – ді де бітірдім. Шаршағандығым сонша – кітаптың бір бетін

екі бөліп оқимын, көзім қарауытады, басым айналады. Солай

бола тұра менде (сырттан оқысам да) үштік баға деген болмады.

Программада көрсетілгендерді түгел оқыдым, конспектіледім.

Филология ғылымдарының кондидаты Орынбасар Төлегенов III

курста жүргенімде – ақ өзінің докторлық диссертациясын маған

диплом жұмысы етіп ұсыныпты –ау! Оны да кейін білдім. Қазақ

тілі грамматикасынан қорқа бермейтін болған соң, алмадым; ол

кісіге ешнәрсе де айтқаным жоқ. Диплом қорғау кезінде ғана ол

кісі байқады. Мен әдебиеттен қорғадым, үйткені мұның

бұралаңдары шатастырар дедім. Тақырып тандағаным жоқ,

жетекші таңдадым. Сүйтіп жүріп, қазақ әдебиеті емес, татар

әдебиетінің классигінен бір – ақ шыққанымды тақырыпты

алғаннан кейін білдім. Ал енді ізденуге сонда бастым. Менен

Ғылым Академиясының кітапханасы қалмады. Бұл тақырыпқа осы

күнгі академик, ғылым докторы болған Рымғали Нұрғалиев

дайындалып жүр екен ( Ғ. Ибрагимов, “қазақ қызы” романы). Бірақ

тақырыпты мен бұрын алып қойыппын. Ол өзі зерттегендерінен

маған ешнәрсе бермеді. Қазан университетіне барып, Ғ.

Ибрагимовтың юбилейіне де қатысқан екен. Ол жігіт түсіп оқушы,

Лениндік степендиант екен. Жетекшім – ол кезде, филология

ғылымдарының кандидаты Зейнолла Қабдолов. Мақұл, жетекшім

іздеп тапқаныма ризашылық білдірді. Жасаған жоспарыма да

келісті. Диплом жұмысын бір айдай күн – түн отырып жаздым.

Болмасаң да ұқсап баққа салып, М. Әуезовтың «Абай жолын»

жазу тәжірибесін пайдаландым, яғни тарихи тақырыпқа роман

жазуда, ол кісі бүкіл дүние жүзіндегі тарихи романдардың жазылу

жайын салыстырған екен.

Міне, шаршағанның әкесін сонда көрдім. Бірден көзге әйнек

киіп шыға қалдым. Көз деген қызарып, аштырмай қалды. Содан

ондаған жыл кітапқа да қарай алмадым.

Осылай теңселіп шыққанымда, маған аспирантураны ұсынды

ғой. Оған шама жоқ. Кім қаражаттан көмектеседі? Бала – шаға

ше?! О, Шіркін! Сол кез мен 40 – қа келген кезім екен ғой!

Жасымнан жетім өскен менің жілігімнің майы таусылғаны ма,

қалай?! Енді оқуға жарамаймын деппін ғой. Сонда да болса,

ұстаздықты жалғастырудамын. 1975 жылы аудан бойынша 850 –

дей мұғалім бар. Аудандық «Құрмет тақтасында» оқытушылардан

менің ғана суретім тұрған кез. Мен мұны өз табысым ғана екен

деймейін: менің ұстаздарымның, ғалым докторлар,

академиктердің маған берген, мені сусындатқан жұмысының

нәтижесі санаймын. Мен бірден оқытушылықты 1975 ж. ноябрьдің

басынан ( I тоқсан аяқталысымен) тастап жібердім. Байқаймын,

101

тапқан табысым ремонтыма жететін түрі жоқ: нерві тозған, енді

ауысудың алдына келгендеймін. Сонымен 7 жыл «Выслуги лет»

дегенге шықтым. Сол күннен бастап, анайылап айтсам,

шынжырдан босанғандай болдым.

21/VI – 1976 16:33

Денсаулықты бір жүйеге түсіріп алған соң, тағы да кітапқа

үңілуге бастым. Өмір өткелдерін қағаз бетіне түсіруге көштім.

Сүйттім де, ешқандай жанымнан қоспастан болған жайларды

жазуға кірістім. Ол «Бастан кештім, көз көрген» деген атпен

басталды да, бірнеше бөлімдерге: «Дұрысы мен бұрысы»,

«Ілгерінді - кейінді», «Құрдастардың қылығы», “Тіршіліктің

сыйқы мен сыры» , « Ойға келген оралымдар,” “ Өнеге

сөз - өрісің, өнегелі іс - ырысың» т.б. болып аталады.

Ой көлеңкесі.

Ойдың таяғына сүйеніп өткен адам.

Жарық дүниеге келген сәбиде ой мәселесі әлі бола қоймас

керек деп түсінемін. Дегенмен, ол дүниеге келісімен – ақ, бір

нәрсеге риза емес сияқты; жылап туады, шыңғырған дауысы

басқаларды шаттандырып жатады. Бұл туралы бір ауыз өлеңге

бұкіл адам баласының өмірін сыйғызып жазғам Қадір

Мырзалиевке тағзым етемін:

«Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.

Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.

Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,

Және жылап өледі, өзгені де жылатып.

Жылайтыны туа сап – жамандар бар қинайтын,

Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын».

Жаңа туған сәби жарық дүниеге үйрене алмай, бұл дүние ана

құрсағына қарағанда ұнамағандықтан жылап жатуы мүмкін. Бірақ ол

сәби сол дауысын саналы түрде ойланып шығарып жатыр деуден

аулақпын. Ой адам баласына сана сезім арқылы келсе керек деймін.

Демек , сол ой адам баласына мына жаста келеді, жетіседі деп кесіп

айту да ағаттық болса керек. Ой адам баласына тәрбие арқылы,

өмір сүрген ортасына байланысты, өмірдің түрлі – түрлі соқпақтары

десе де болар, жолдары арқылы, әсіресе, жеке басына түскен

қиыншылықтары, арман – мүддесі арқылы келе ме деймін. Солай

болса, ойсыз адам болмаса керек. Ойсыз болу деген сөз – жақсы сөз

емес. Олай болу ақыл – естің кемдігі, яғни адамға тиісті қасиеттердің

жетіспегендігі дер едім.

102

-

Сонда кез – келген адам ойдың таяғына сүйене беруі

керек пе?! - Жоқ, олай деуге болмайды. Көпшілігінде ақылдасары

бар, пікірлесері бар, ата – ананың тәрбиесін көргендерге ол таяқ

қажет бола бермесе керек.

Қазір жетпістің қырынан асып, яғни екінші бөлігіне ауыссам да,

әдетте қартайғандар үшінші аяқ орнына ұстайтын таяқты ұстай

қойғаным жоқ. Бірақ ойдың таяғын ұстағаныма, сонымен

санасқаныма көптеген уақыт болды. Менің өмірім маған соны қажет

етті: Ата – ана тәрбиесін көргенім жоқ, жетімдіктің зардабын бір

адамдай бастан кешірдім. Ақыл айтарлық, демерлік аға да бола

қойған жоқ. Болғанмен, бірге тумаған соң, басқаның аты басқалау.

Жоқ емес болды, тек аты ғана десек болады. Ал қазіргі шағымда әлі

жетіммін деуім ұят болар, естіген құлаққа бірақ сол ертеректе

қолыма ұстаған таяғымды әлі тастағаным жоқ. Қайта мықтырақ

ұстап, сүйенуді молайтып келемін бе деймін, кейде өз ойыммен өзім

сөйлесіп. Көзімді жұмсам болды, сол таяқ қолыма сарт ете қалады.

Оқушым артық па, кем бе, сіздің басыңызда бұл бар ма, жоқ па, оны

өзіңіз біліңіз. Мені бұл үшін кешіріңіз.

Бір бейбақ «Жылқылы байдың қызы болмасам да, ешкілі

байдың қызымын» десе керек. Әке – шеше тәрбиесін көрмесем де,

жетім өссем де, ауқатты, орта шаруасы бар тұқымның ұрпағы

екенімді менің әке – шешемді, ата тегімді білушілер айтқанын естідім

де. Ойдың таяғын мықтап ұстадым деп мақтануға болмайды. Оны

білемін. Ой дегенге ерік берсең, оның соңына ере берсең, сені

адастырып, керек десең, жындандырып та жіберуі мүмкін.

Адам тоқтасып, қартайған соң, ұмытшақтық деген саған жолдас

бала қояды екен. Сол кісі менімен жолдас болып алды. Ұнатпаймын

оны. Ақыры осы ұмытшақтық алжастырып жібере ме деген үлкен