қаупім бар.
Уақыт жетіп те келе жатқанын күн санап сезінемін. Тізгін
дегенді тиісті егесіне берген де дұрыс – ау. Бірақ бірден түгелдей
жіберу әлі ертелеу ме деймін. Дегенмен, бәйге атының тізгінін
мәреге жақындағанда, шабандоз бірте – бірте босатқан. Әдісін біз де
істегеніміз жөн бе деймін. Бірден босатсам, тұлпар болып шығып,
алды – артына қарамай, қарасын көрсетпей, айырылып қалуға да
болатын жағдай болады. Бұл – жануарларда болатын жағдай.
Дегенмен, бәрін де бір Алланың өзі жаратқан емес пе? Сол дағды
адамға ауысса, қалай болар дейсің. Сонымен, сол ойдың, таяғы
маған осы шежіре, естелік іспеттес біраз нәрселерге түрткі болып,
соларды жазған болдым. Кемшілігі , артық кеткен жерлерін
кешіріңіздер.
Елдегі құрдастарымның, замандастарымның өмірінен де
жазған болдым. Кім екенін басқа бір жерге (кейіпкерлерді) жазармын.
Ақиқат болған жайлар екеніне кәміл сеніңіз.
103
Бұдан былай ойдың таяғының орнына, қартайғанда «үш аяқты»
деп аталатын таяқты ұстаған да жөн бе деймін. Ол таяқ - әсемдіктің
таяғы емес, үшінші аяқ, құлан қалмаудың құралы.
Оқушым, оны сіз де теріс дер қоймасыз деймін. Жас шағында
адам батыр болады ғой. Сол батырлықтың алғашқы кезі саналы
батырлық емес: өйткені жас сәби еш нәрседен де қорықпайды. Ол
жақсы – жаман, пайдалы – зиянды толық түсіне бермейді. Оның
бәрін ол бірте – бірте түсінеді. Жас сәбидің қолына жылан берсең,
ұстайды. Ол оның не зат екенін білмегені. Білген соң, оған ол
жоламайды, қашады. Демек, жас кездегі батырлықтың бәрі саналы
болмағаны. Ал есейгеннен кейінгі батырлық та, саналық та, кейде
саналық ойдан гөрі қызулық басым болуы да кездеседі. Бекер
айтпаса керек халық даналығы «Батырда ес болмайды” деу.
Көпшілігінде жас адам қорқудан аулақ болады. Ал қартайған
шағында, әлсізденгенде, қорқу жағы басым бола берсе керек.
Қорыққан дегенді тіпті жамандыққа тели беруге болмайды ғой деп
санаймын. Әрине, тіпті қорқақтық тәуір нәрсе емес. «Қорықпас келін
қой басынан қорқады» деу осыған дәлел сияқты. Қорқудың да
саналы, санасыз жағы бар ма деймін. Саналы жағына, алдымен,
Құран кәрімді оқып отырғанымда «Құдайдан қорық» сөзін аяғыңды
басқан сайын, яғни оқыған сайын, көз алдымнан өтіп жатады. Бір
жерінде де “Құдайды сыйла” сөзің кездестіргенім жоқ. Кітапта
Құдайды “Алла” деп келтірген. Бұл – саналы қорқу. Сыйлаудың
төркіні – қорқу. Қорықпасаң, сыйламайсың. Ал, аты жоқ, жөні жоқ
үркек қорқу – нағыз қорқақтық болар. Біреулер айтады, өлімнен
қорық дейді. Жоқ, оған мен келісе бермеймін. Сен өлімнен
қорыққанда, сонда өлмей қаласың ба?! Олай қорқу үркектік болар.
Әдепсіздікке, санасыздыққа барма, өлесің десе, ол – бөлек. Толық
түсіне білген жөн. Дүниеге келгенің анық болса, сол дүниеден кетерің
де дәл сондай анық. Ал, өлемін деп қорқу – ақымақтық. Өлмеймін
деп, өлімнен қашу да, ақылдылыққа жатпайды. Бірақ, Алла айтыпты
дейді ғой, “ Сақтасаң, сақтаймын” деп. Сақтанусыз біле тұрып,
“Құдай сақтасын” деген бір сөзді ту қылып ұстап алып, оны бұзылмас
заң етіп ұстауды да дұрыс демеймін.
Дүниеге келген соң, адам деген атақты атқа ие болып алған соң,
адамгершілік қағиданы сақтай отырып, жарық дүниеде өзіңе жайлы
жағдайды жасауың тек қана өзіңе, тек қана өзіңе байланысты. Солай
бола тұрып, тағы да адам деген атыңа кір келтірмей, өз өмір
тәжірибеңді, ақылыңды, өзіңнен кейінгі ұрпағыңа насихаттауға
міндеттісің. Мейлі ол оны іске асыра ма, керексінбей ме, бірақ сен
айтуға міндеттісің. Менің ойым осыны жазып кет деп отыр. Сауатым
болған соң, менен кейінгілер оқыр деп жазып та отырмын. Жазуға да
шамам келмей қалатын уақыт боларын да сезінемін: ағам
Сағынбайдың соңғы өмірінің 20 шақты күнінде күзетінде отырдым.
Бір нәрсе айта ма, тапсырмасы, тілегі бар ма, не дер екен деумен
отырдым. Соңғы минуттары, соңғы демі таусылғанға дейін (11
104
апрель, 17 сағат 10 минут, Қызылордаша), яғни 81жасында
қайтқанда күттім. Ешнәрсе де айта алған жоқ. Кім біледі, сол жағдай
менде болмасына. Сондықтан да жазып отырмын.
Ағайын – туыссыз емеспін. Бұл қонысқа көшетінім туралы
ешқайсысымен де келіскенім жоқ. Маған айтқандары да болды,
көшпеуді. Қоныс аударуды өз шаруам деп санадым: Экологияның
зардабын сезіне бастадым, аз күн қалған өмірімді тазалау жерде
өткізуді мақсат санадым. Ендігі ойымның маған айтатыны – саған
кеткеніне ішпей риза болмаған туған – туысың бар ма, жекжаттарың
бар ма, уақытын тауып, әдейі арнайы барып, дүниеден қайтқанына
бата сал, дұғыңды оқып, тірісіне жүзбе – жүз кесдесіп қайт дейді.
Соны дұрыс көріп отырмын. Менің өмір тәжірибемде өткендердің
өзімен қоса жиған – тергенді алып кеткенін көргенім де жоқ, естігенім
де жоқ. Және бұл дүниеден тойдым, мәңгілік жайыма қайтайын деп
барғандарын да көріп, есіткенім жоқ. Тағы да бұл дүниеден кетіп
бара жатқанына қуанып бара жатқанын да көрген де, есіткенім де
жоқ. Сонда қалай?! Ол дүниеден өтуге қарсы ма? Жоқ. Олай болмас.
Ол – лажсыздық. Қолынан келері жоқ. Қарсы тұра алмаушылық. Сол
маған да, саған да, бәріңнің де басыңа туары сөзсіз. Бұған мен кәміл
сенемін. Ендігі тірі кезімде қолымнан келері не? Артыма із қалдыру.
Күндердің күнінде “Солай еді – ау!” дерлік бірдеңе қалдыру. Ол,
біріншіден, ұрпақ. Екіншіден, айтып жүретіндей уағыз, пікір сөз. Тіпті
болмаса, өз өмірімнің тәжірибесі, өмір сүрген кезеңімнен естелік пе,
әйтеуір бірдеңе. Соған осы бұйымтай бола ма деп отырмын.
27.04.1998ж. 15сағ.52мин.
Алматыша.
Үш толқын.
1996 жылы қыркүйек айының соңғы кездерінде елге барған
едім. Баруыма басты себеп болған 10/X – 96 ж. Тасболат үшінші
келінін алып, тойға шақырған. Дәл сол күні Райхан Асанмен бірге
Кокшетаудан бізге келмекші де болған. Сонымен, мен тойға
кешігіп, өткен соң бардым, 20 күндей жүрдім.
Қазан айының бірінші аптасында демалыс күні әдет бойынша
мұғалімдер күні деп саналатын, дәстүрлі мереке күні еді.
Туған ауылым бұрынғы «Қазақстанның XXX жылдығы» совхозы
Шиелі ауданы. Бұл жерге түстен кейінгі сағат 3:00 тегі
жолаушылар таситын автомашинамен аудан орталығынан келіп
жеттім.
Осындағы балам Нұрғалымның үйіне кіруім мұн екен, бір бала
қолыма шақыру қағазын жеткізді. Мазмұны – «Бүгінгі 16:00 да
болатын мұғалімдердің төл мереке күнінің қонағы
болыңыз.Мұғалімдер коллективі».
Бұл мектеп Абай атындағы қазақ орта мектебі еді де, мен онда
көп жыл жұмыс істеп, зейнетке кеткеніме (алдында выслуги лет,
105
соңынан жасым келгендіктен) 21 жылдан асып барады. Мұндағы
дәл қазіргі жас ұстазрдардың ұстаздарының ұстазы менің Ұлы
Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі шәкірттерім еді. Мерекелік
кештеріне де келдім. Жүзден астам кілең жастар. Барлығы да
мені таниды, ал мен болсам, танитынымнан танымайтыным көп,
кейбіреулерін түсіне қарап, ата – аналарына ұқсатамын,
шырамытамын.
Мерекенің дәстүрі бойынша алғашқы құттықтау бөлімі өтіп,
ұстаздар мен шәкірттерінің бірлескен өнер – сауық кешіне
жалғасты. Ұмытылып бара жатырған қазақ халқының ата
дәстүрлік тәрбиелік мәні зор әңгімелеріне де ойысты. Бәрі де
жарасымда орынды болып жатты.
Бір кезде мен қасымда отырған зейнеткер ұстаз
Алдабергенұлы Тұрсынбайға:"Мына менің қасымда отырған
немеремнің аты- Мөлдір, өзі биыл 3-класста өте жақсы деген
бағамен оқиды. Бұл қызым өзінен бастап, 22 ата-бабаларының
атын жатқа айта біледі",- дедім. Тұрсынбай кешті жүргізушіні
шақырып алып, сыбыр ете қалды. Бір мезгілде кешті
жүргізуші:"Алтынбекова Мөлдір сіздерге өзінің әкесінен бастап, 22