бар ма. Толғатқан әйел өзі не туарып білмейді, ұл ма, қыз ба? Әңгіме
ұл не қыз тууында емес көрінеді, сол 9 ай, 9 күн көтеріп әуреленгенін
дүниеге келтіру ғой! Сол сияқты іс бітіруші де сол әйел сияқты
перзентін (азды – көпті ісін) ұзақ уақыт бойында сақтады. Оны жарық
дүниеге шығару жолын қарастырды, яғни толғатты. Ақырында, оны
шығарды да. Бұл – оның туғаны. Енді босанған әйел не туғанымен
жұмысы жоқ, сол перзентінің жүзіне қарағысы келіп – ақ жатады
екен. Жазушы да сол сияқты еңбегін көргісі келеді, өзі ғана емес,
пікірлес ауқымына көрсеткісі келетінін (тілектес қауымдарымен
талқыға салады екен) білетін едім. Айтпақшы, ішке жинағанның бәрі
перзент не туынды бола бермейді: айы – күні жетіп те, жетпей де
жарыққа шықпай қалатыны бар. Кейбіреуі жарыққа шыққанды жоқ
қылуға тырысады екен – ау! Мұны да өткенде кездестірдік. Сөзіміз
жалған болмау үшін айтайық: Жөлекте бір “Шырайлы” бойдақ
күнінде жергілікті кеңестің депутаты екен. Соны соған бейімдеушінің
өз есебі болған сияқты. Сол “ Сұлу” оң босағасында екі қабат болып,
перзентін жасырын түрде дүниеге келтіреді де, түн ішінде мал қора
жаққа апарып тастайды. Ертеңгілік сыртқа шыққан біреу бір иттің бір
нәрсені салақтатып алып бара жатқанын көреді. Қараса, жаңа туған
жап–жалаңаш сәби. Қорыққанынан дауысы шығып кетеді. Дереу
хабарлайды. Егесі табылады. Ел болып, “жабулы қазан жабулы”
күйінде қалдырады. Осының алдында ғана айттық қой, сыр да
жасырылмайды деп. “Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге
жайылады” деген мақал бар. Болған іс бізге де жетті, тіпті сол
“бейбақ” біздің елге келін де болып келді. “Сен тазға мен саз” деген
бар емес пе, өзі сияқты кемдеуге қосылды. Онымен де көп отаспай,
қайта ажырасты. Бұл әйелді безбүйрек десе болады. Мен
бұйымтайымды итке тастамай, осыдан бір ғибрат алар ма деген
мақсатпен, жаңағы, асығып, қашан көрсеткенше абыржауымның
себебі сол шығар деп тұжырымдадым. Енді біреулер білгенін біреуге
үйретпей, өзімен көрге ала кетушілер де болады екен. Ел болған
соң, әр түрлі болады екен. Мысалы, атбегі, құсбегі сияқтыларда бұл
құпия болады екен.
Біздің елде бір орыс болды. Біз оны “Федор Евсеевич” деуші
едік. Аты – жөні де солай еді. Киім тігуші өте шебер адам. Ісмерлігін
үйретпей – ақ кетті - ау; өзімен бірге арғы дүниеге алып кетті:
маскүнем неме арақтан өлді.
Ал, жазушы Асқар Тоқмағанбетов, өзі айтқандай, 72 перзент
келтіріп, 7 рет “Мать героиня” болуы керек еді, ондай атақ алмаса да,
перзенттерін беріп кетті. Соның бір жұрнағы осы менің шежіреме де
енді (“Қыз ұзату”өлеңі).
Білгенін жасыру, үйретпеу, перзентін, бұйымтайын жасыруды
мен пасық дер едім. Біреу: “Ер кісі де туады ма?” – депті. Оған: - Иә,
туады, - депті, - екіншісі.
112
Сол туғаны емес пе, Асекеңнің ( Асқар Тоқмағанбетовтің).
Кездесуде ол кісі әр еңбегін бөбегім деп санайды екен. 72 рет
толғаттым дегенін өз аузынан есітіп едім. Ал, күні бойы орағытып
айта алмай отырғаным, өз атамыз туралы шежіре жобасы еді. Кейбір
перзент нәзіктеу келеді ғой, ол ата-анасына көп байланысты.
Сол сияқты менің де бұйымтайым нәзіктеу болса керек. Оқушы
қауымым, байқап ұстаңыз, бір жерін жазым қыла көрмеңіз. Перзентім
7 айлық шала болса, 40 күн тымаққа салып, мақтаға орап, кереге
басына іліп қоюға да тура келер, кешіріңіз.
Бұлай деп жатырғаным – карт құлақ үлкендер дүниеден
ертеректе өтіп кеткен. Қазіргі кейінгі буындар, менің тұстастарым,
өткеннен хабары кем, тіпті, жеті атасын да білмейтіндері мол.
Қыпшақ шежіресі туралы мәлімет жоқтың қасы. Оның ішінде Бұлтың
тармағы осы сыр бойына тарихи жағдайдың тәлкегімен келіп қалған
жайы тағы бар. Бұл сол сыр бойындағылар жайлы ғана мәлімет.
Сондықтан да жетілмеген деп отырмын. Оқушы қауымның ішінен
толықтыратыны, кемшілігін жөндейтіні болса, оған қуанамын.
Шымкент қаласында тұратын Сарыпбеков Нұрғали інімнің
хабарын есітіп (бұл да шежіремен айналысушы), кездестім. Бұлтың
қыпшақтың ішінде қызылшекпені екен. Інісі бардың тынысы бар
дегендей, шаршап жүргенімде, жиған-тергенімді түгел қолына табыс
еттім. Әлі де жинаудамыз. Енді жарық көруі де ұзақ болмаса керек.
Наурыз, 2002 ж.
Ой елегіне салыңызшы.
Қалталының қалтасы толған ақыл мен билік
“Ақ шаштының бәрі ақсақал емес”
(Халық мақалы)
“Аяз би” ертегісін оқымағаныңыз кем де кем болар. Сол Аяз би
кім еді, билікке қалай жетті және оны халық не үшін армандағаны
бәріңізге мәлім болар. Сол халық арманы, аңсағаны бола ма деп
ойлаушы едік қой бір замандарда.
- Аңыздағы Аяз би адамнан қорқушы ма еді?
- Жоқ. Халық оны қадір тұтатын, сыйлайтын. Ондай ел басқарушы
болса, одан артық адамзатта қадірменді жан болмас еді.
Адам баласы жаралғалы бір-біріне деген қастандық, қызғаныш,
бәсекелестік тынатын емес. Қайта оқып, білім алып, мәдениетті
болдық деген сайын, әділетсіздіктің, қулық-сұмдықтың көзі де
ашылып, “демократия” дегенді ұран қылып, аузымызды айқара
ашып, іс жүзіне келгенде, бәрін де жекелеген кісілердің құлқын
құмарлығына жеңдірудеміз. Сөзге келгенде шешен, қиуын
113
қиыстырып, ізін білдірмей, бәрін де тып-типыл, кедір-бұдырының
бәрін тақтайдай етеді, "демократияға" жеңдіреді. Осылай
етушілердің басшысы да, қостаушысы да, жинақталған тобы да бар.
-Олар кімдер?
-Оның басында ел басқарушы отыр да, төңірегінде жақтаушы
жағымпаздары бар. Жіліктің майлы басын сорушылар. Ал оларға
қарсы шыға қойғандар кездесе қойса, оны жұмыстан тайдырудың
әдісі мол-ақ. Сондықтан да, іштей сезгеніңмен, "Күш қазандай
қайнайды, күресуге дәрмен жоқ" болып қала беруге тура келеді.
Күресіп көр, қалай жеңер екеңсің. Сондайлардың "заказной" өлімге
душар болғандары да бар.
Ағылшынның философы әрі саясатшысы Эдмунд Берг:
"Жамандықтың үстемдік алуы үшін жақсы адамдардың әрекетсіз
отыруының өзі жеткілікті"-депті ғой. Қараңызшы, бір кезде "Семей-
Нивада"қозғалысын Олжас Сүлейменов бастап еді, Арал мәселесін
Мұхтар Шақанов көтерді, сонымен қатар 1986 жылғы Желтоқсан
Құрбандарын да қаймықпай айтты. Олар қазір бастаған ісін
жалғастыруға мүмкіндігі жоқ, мемлекеттік басқа жұмысқа жіберілді.
Сотқар адам елден тысқары жерге жұмсалды. Екеуі де кітап жазу
үстінде болса керек. Мен кітап жазып отырғаным жоқ. Бірақ ойға
түйгенімді жарияламасам да, қағаз бетіне түсіріп отырмын. Оқушы
болса, кейінгі жастар жалған хабардың, саясаттың сыры қайда
жатқанынан хабардар болсын дегенім.
Мемлекеттік негізгі заң да өзгере салуы оп-оңайға айналған.
Шығып жатқан әртүрлі заңдар бар да, оның орындалуы жоқ. Әшейін
бар ма, бардың өзі. Қолында билігі бар топ, оны айналып шыға
салады. Тіптті сол заңды бұзушы айып ақшасын төлесе, оған жаза
қолданылмайды. Бұл да заңда көрсетілген. Сонда тәртіп деген қайда
барады? Бүкіл халық болып, делегаттарын парламентке депутат етіп
сайлайды да, ол жалғыз президентке ұнамаса, оны тарқата салады.
Сонда не болды?! Бұл нағыз дара билеушілік емей немене???
Сайлаудың жаңаша тәртібін де жасап алыпты. Президентке
депутат болып тіркелу үшін белгілі суммада ақша төлеуі керек те,
оны жақтаушылар болып подпись жинауы керек. Ақшасы жоқ адам
ше?! Сол ақша қайдан жиналған ақша екен?! Егін егіп пе, мал бағып
өсіріп тапқан ба екен?! –Жоқ. Қоғам өзгеріп жатыр, ыдырап, бөлініп
жатыр. Мемлекеттік сақтық кассадағы халықтың маңдай терімен
жинағандары бар еді ғой. Жоғалмайды, ұры ұрламайды, өсіп тұрады
деген еді ғой. Ол қайда? Өспек түгіл өшіп кетті. Колхоз, совхоз
дегендер тарады. Соны ұйымдастырғандағы халықтың үлесі деп, екі