түрлі талон берілді. Оны да (талонды) сатып берді. Бірін сактық
касса арқылы сұм қоғамдар (акционерлік қоғам) бізге аударсаң, өсімі,
ұтығы болады деп еді. Олар өздері байып жатыр да, халық айдалада
қаңғырып тағы қалды. Міне, жаңағы ақша төлеп, президенттікке
кандидат болушылар осы құрдымға кеткен ақшаларды иеленушілер
114
деп білемін. Уақтылы пенсияны да алмайсың. Соның кідірген
айларында, одан пайда болатын өсім де солардікі.
Қазақ бұрын пенсиясыз да күн көрген, бала-шағасы әке-
шешесін асырауға тиісті деп, қалай аузы қисаймай айтты десеңізші!
Сонда қазақ елі жетілген ел ме, берекесі қашып кетілген ел болғаны
ма?!
« Көпірден өткенше, қызыңды алайын, көпірден өткен соң,
қызыңды ұрайын » деген сөз бар қазақта. Сол депутаттар сайлау
алдында « жарылқайтынды » да шығарды. Немесе,
облысты басқарушылары не де болса, кәрілерден, қақбастардан,
шығады деп, бірдеңені желеу етіп (совет армиясы күні, 23 ақпан),
құттықтау қағаз да жазады(Қызылорда обл. болған уақиға). Ал, 9 май
жеңіс күні, сайлаудан өтіп алған соң, елеген де жоқ. Үйткені ол
құттықтаған.
Телеэкранда зейнет ақыларын халық 1998 ж. алды деп
хабарлайды. Шындығында, ол – ақпар. Жаңа жылда әлі екі айдың
зейнетақысы төленген жоқ.
Ел басқарушы қарамағындағы халықтың жағдайын білуге
шығатын болса, алдын ала көшеге дейін сыпырыла бастайды.
Кемшілікті көрсетпеуге тырысады. Келуші де кемшілікті көрмеуге
тырысады. Халықтан ол ел басқарушы соншама неге қорқады,
жасақтарын соңынан ертіп жүреді. Меніңше, ел басқарушы халықпен
бірге болса, сол халықпен тең дәрежеде болуға тиіс. Ал, бұрынғы
хандық замандағыдай болғысы келсе, онда демократия деген сөзді
ауызға алмауы керек.
Осы халықтың түбіне жетіп бара жатқан нәрсе – күншілдік,
билік құмарлық, өтірік айтушылық. Қала берді, жағымпаздықтың
зардабы, іс білетінді бөлектеп, тақымға бұрылатындардың елге би
болуы, әкім болуы. Олардан түсетін түсім бар. Ол түрлі жолмен сый-
сыяпат болып жетіп жатады. Осыдан барып, қалталының қастасы
ақылға толы болады да, билік те соның қолында болады.
Бұдан халықтың жағдайы жақсармайды. Ат төбеліндейлер
жақсарып, әлсіздер әлсірей береді. Оның ақыры наразылық
қақтығысқа айналады. Еркіндік, сөз еркіндігі делініп еді. Шындықты
көзге бажырайтып, бетіне басып айтатын газеттерге де тыйылым
салынып тасталды. «Ордалы жылан» кітабын оқыңызшы, бәрі
дәлелденген. Ұйымдасқан топ деп отырғанымыз осылар. Одан не
шықты? Жазушы қуғынға ұшырады, қуылды.
Бір кезде газет бетінде «Қазақтың жауы – қазақ» деген
тақырыппен мақала басылған-ды. Ендігі қалып тұрғаны бірімізді
біріміз дұшпан қылып көрсету, жала жабу ғана қалып тұрғандай
сияқты. Бұл бағытпен кете берсе, ол да болмай қалмас.
Атамыз қазақтың үлкенді сыйлау, құрметтеу, тыңдау, әдептілік
жолы дегендерінен айрылып барамыз. Үлкен өмірден өтер-ау.
Кейінгіге сол теріс мінездің кесірі тиіп, әдетке айналып кетпесе болар
еді.
115
Қазіргі халық соқыр емес, бәрін де біліп те, көріп те отыр. Енді
қалайша ел басқарушыға сенім арттырады? Шыдамның да шегі бар.
Шыдап-шыдап келіп, бір күні жарылуы да ғайып емес.
Осы ақылдымын, данышпанмын дегендер күндердің күнінде
тағынан тая қойса, не өлсе, халық соларды басқаша атауды да
шығарып алды. Шынымен, солар соңғы атаққа, тайғаннан кейінгі
атаққа, ылайық болмаса, солай аталар ма еді?! Халыққа құрметті
болмаған биліктің не қажеті бар деймін-ау! Сонда солар, керек
десең, өзімен ауыз жоласқандарымен де бақталас- ау, шіркіндер!
Нағыз ақылды, данышпан болса, дүниеден өткеннен кейін де
халық аузында мақталатындай, үлгі болатындай болмас па еді?!
Абай да қалтасыз емес еді ғой. Бірақ ол тек қана адамгершілікті
қолына ту етіп көтеріп, бүкіл адамзат баласын әділдікке, бірлікке,
достыққа, білімділікке, сыйластыққа үндеп өткен жоқ па! Соны солар
да оқыды. Аузында Абайдың ақыл тұтарлық сөзі бар да, ісінде ол
жоқ. Кілең бір тоты құс. Әділетсіздік ең жоғары басшыдан шығып
жатса, төмен қарай былғанған үстіне былғана түседі де, ақыры
Хайуанаттың істемейтін ісінен де төмен болады, яғни біріне бірі
қастандық ойлайды, жояды, құртады. Соның жолына түскендердің
аяғы есірткі ішеді, шегеді, ақыры, санасыз әрекеттерге барады.
Біреуді құртады, өзі де құриды.
Дүниедегі жаратылған тіршіліктің ішіндегі ең асылы адам
болса, соның ең азғыны да адам болуға айналды, айналып та
барады. Ақыр заман дегенді қолдан жасауға неге асығады екен
десейші!
Егеменді ел болдық деп аузымызды айқара ашамыз! Сол
егеменді елдің егесін мен байқай алмай келемін. Неге дейсіз ғой?
Сол егемендік алғалы бері экономикалық құлдыраудамыз. Ақыл-ой,
парасат, адамгершілік қасиеттеріміз молаю орнына орта түсіп бара
ма деймін. Сана, тәртіп, ар-ұят деген аяққа басылуда.
Темір тәртіп деген армия қатарында болуы керек болса, сол
армиядан қашу басталды. Мұнда да тәріп басшыда жоқтықтың
салдары-Қашушы кім?-Отан қорғаушы жастар. –Неге олай? –Ол жас
отаным бар деп сезінбейді. Ол қорлық көрген соң қашады. Енді
қашқындарды қайта келсе, жазаламаймыз, оны ұрып-соққан тиісті
жылын өтеп, аулына кетіп қалды ғой демекші. –Ал сол бөлімдердегі
сорақылыққа жол беріп отырғандар ше? –олар орнында. Қадыр
Мырза Әлндің "Бұқпа" газетінде беріліп жүрген
"Жазмыш"әңгімесіндегі атақты адамдардың өзін өзі өлімге қыюы-
апаруы неліктен?!
Қайта құру озу ма, әлде тозу ма?
Ұлғайған соң адам неше түрлі ойға шомып, жақсы қайсы,
жаман қайсы, түзу қайсы, ақырында, осылай қарама-қарсылық іс-
әрекеттерің пайда болуы неліктен деген сауал сенің ақыл-ойыңды
116
жегідей жей береді екен, жей береді екен. Соған өз пайымдауымды
шимайлап көрейнші дедім де, кірісіп кеттім. Адам баласы дүниеге
келген соң, азды-көпті өмірдің талқысын басынан өткізуі кімге болса
да айдай анық. Жабайы болған кезеңді қозғамай-ақ қояйық.
Ұйымдасып қауымдасқан, ебіне лайық ел болып, мәдениетке
иеленген кезден кейінгі өмірді-ақ сөз етейікші. Осы алтын деген бір
зат бар емес пе? Соны қандай ылас затқа қосып жіберсең де, көз
тартып, жылтырап жатады. Сол сияқты жақсы дегеннің бәрі де сол
өзі тектестің ішінен ерекшелігімен айқындалып тұрады, соны тани да
білу керек-ау!
...Екі қосшыға бір басшы болуы қажет екен. Демек, ел болу үшін
әрқашанда басшы керек. Сол басшы қандай болғанды қалайсың
деген сауал осы әңгімені тудырып отыр. "Аяз би" ертегісін оқымаған
қазақ кем де кем болар деп санаймын.Оқымасаңыз, оқыңызшы.
Содан кейін осыны оқып, пікірлесейік. Болған ба, болмаған ба
онысында айтарым жоқ. Бірақ менің білетінім – халық арманы.
Арман деген – болашақты көксеу, аңсау, соған баратын жағдайларды
жоспарлап, іске асыру. Халық қадыр тұтқанын тастамайды, оған
зияндық жасамайды, бағалай біледі.
Ол үшін ондай басшы әділ, адал, іскер, алдын болжай алатын
болуы керек. Қандай іскер болжампаз болғаныңмен, әділдік пен
адалдығың кем болса, онда сенде қадыр деген болмайды. Сенің ісің
ілгері дамымайды. Өйткені халық саған сенбейді. Сенің жоспарлаған
ісіңді тыңдаушы- халық. Сондықтан да сен халқыңның арасында
еркін жүре алмайсың, қорқасың. Қорықпасаң, неге сен жүрген
жеріңде жан- жақты қорықшыларыңды ертіп, маңайыңа шағымы бар
жандар неге жолай алмайды. Сондықтан да сен халықтың тынысын
білмейсің. Ат төбеліндей өзіңнің төңірегіңді, жағымпаздарыңды ғана
білесің. Соның өтірік ақпарына сенесің. Олар саған көпшілік халықты
көрсетпеуге тырысады. Бір ғана мысал – қалалы жерде осы