тыныштық заманда ертеңгілік кезде, үйден шығарып тасталған
қоқыстың ішінен нан теріп жеп жүргендерді барған сайын көремін. –
Ол адам ба, әлде хайуан ба? – Жоқ, ол адам, шошқа не сиыр емес. –
Ол неге жейді? – Аш болған соң жейді. Істейтін жұмыс жоқ, істеуге
шамасы жоқ. Көбінесе ондайлар зейнеткерлер. Зейнетақысы
жетпейді. Қаладан кеткісі жоқ. Зейнетақысы өзіне қаратып алдым
деп аталатын пәтер ақысына жетер – жетпес. Ол сорлының
асырайтыны да жоқ. Мұндайлар жастар ішінен де байқалады. – Неге
олай дейсіз ғой? – Істеуге жұмыс жоқ. Ол сорлының құшағында сәбиі
бар. – Неге ол туған деп тағы сұрайсыз – ау?! – Ол да адам емес пе?
Табиғаттың өз заңы бар. Ол бала некелі емес. Сіз сұрамаңыз, мен
оны айтпайын.
Бір кездерде социалистік қоғам, капиталистік қоғам деп, екіге
бөлушілік бар еді. Соның алғашқысы біз едік. Сол қоғамды қазір
жерден алып, жерге салып жамандаймыз. Сол қоғамды бұрын кім
басқарса, сол әлі басқарып келеді. Сонда ол бұрынғыдан жақсартты
117
ма, оздырды ма?? Көшеге шығып, кетіп бара жатырған кез келгеннен
сұраңызшы. Осылай сұрау дегенді дағдыға айналдырды ғой.
Экранға түсетіп болған соң, қорқып, ойын айта алмайтыны да
табылса керек. Озғанын қайдам, аяқталмаған құралыс бұзылып,
қиратылуда. Дайын тұрған құрылыстар бөлшектендіріліп, жетпей
жатқан жалақыға үлестіріліп бітті.
Қолынан келгендер қарауындағыларға жалақысын ақшалай
төлемей, заттай беруді шығарды. Мұнда да пайда табу бар.
Ханталапай дегенді бала күнімізде үйде отырып, асықпен ойнайтын
едік. Қазіргі сорпаның бетіне шығатындар ол ойынды басқаша
ойнайтын болды. Сол ойынпаздардың соған қаншылықты еңбегі
сіңді екен десеңші! Енді бұзатын зат таусылайын деген соң, завод –
фабрика, өндіріс орындарын, мұнай ,электр, газ жүйелерін, суды да
қалталыға, әрине шетелдіктерге, сататын болдық. Мұнда да
делдәлшілердің (брокер) пайдасы бар. Олар енді содан
пайдалынатын затты өзімізге сатады. Нарқын өсіру соның еркінде.
Ондағы жұмыс қолдары да соның еркінде. Құлдық қоғам басталғаны
ма? Енді жерді, ауаны сатсақ байимыз – ау! Мақсатымыз баю емес
пе!
Егеменді ел болдық деп қуанып, жүрегіміз алып ұшып жүрдік
емес пе? Сол елді басшысы бәрін сатып біткен соң, неге басшы
болады деген тағы бір сауал тауды. Әлде оның басқа бір ойы бар ма
екен?!
Біз оқығанымызда коммунизм құрамыз деп оқып едік. Оның
школьный товарищі орыс елін, Россияны, басқарып еді. Олардың
философиясы, данышпандығы, басқаша ма, қалай??? Ол болса,
елін сатқан жоқ – ау, жиған-тергенін, халықтың алтынын, алып тайып
тұрды емес пе! Сол ұятсыз әлде де қайта келіп, тастап кеткен еліне
басшы болу ойында бар. Орнында қалған Ельцины, Алла ықпал етті
ме екен, өлмей тұрып, ықтиярымен орнын тастады – ау! Басқаларға
да үлгі болсын деген өнегелі өсиетін айтып кетті емес пе? Сонда ол
сол сөзді кімге айтты екен десеңізші?! Оны тыңдайтын басшы бар ма
екен? – Оқушым, осы бір сауал қойғың келіп тұр, байқаймын, айта
қойшы. – Осы сіз бәріне ырза болмағандайсыз, ойыңыз не? – Жауап
берейін, оқушым. Мен қаным таза қазақтың қанынан пайда болған –
ау деп санаймын. Олай болса, осы кез келген “Президент”, “Әкім”
деген атаудан гөрі елдегі бұрынғы бұған қарағанды әділеттілеу-ау
дейтін ел ақсақалы, ел ағасы басқарған ұяттылығы басымдау
басшылық. Біз осы барған сайын арымыздан айырылып барамыз.
Ынсап, әділет мейірім үшеуі қосылып адамның ұжданын (совесть)
құрайды екен. Осы үш белгі бойымызда бар ма екен, оқушым,
ойланайықшы. Мен ешқайсыңа күмән тудырып отырғаным жоқ,
жалпыламай айтып отырмын, осыдан қол үзіп бара
жатырғандарымыз да жоқ емес – ау.
Академик Лихачев: “ Адамгершілік тәрбиеге шешуші мән
бермейінше, ендігі жерде қоғамның өмір сүруі екі талай” – деп, үзілді
118
– кесілді түйеді. Қазақтың аяулы жаны ғалым Шәкәрім
Құдайбердіұлы да осыған үндес пікірді өзінің “үш анық” кітабында
айтады. Бұрын халық елдің ақсақалын, ағасын өздері тыңдайтын еді
ғой. Қазір ше? Қазір жоғарыдан тағайындайды. Ол сол
жоғарыдағының адамы, халықтікі емес. Халық не болса, ол болсын.
Жоғарыдағы ожданы бар адам үлкенді сыйлап, кішіге қамқоршы
дегенді білетін еді. Ұят, инабаттылықты сезінетін еді. Әр жұмысты
жасамай тұрып, ақыл – кеңеске келуші еді. – Сол жолдан қалай
айырылдық, әлде адастық?
- Иә, дұрыс сауал. Оған да жауап іздейік. Мешеу қалған ел деп,
Ресей қоластына ендік. Ол өз саясатын, әкімгершілігін жүргізді.
Жүргізіп қана қойған жоқ, тіпті қанымызға дейін дарытып та жіберген
жерлері мол болды:
1)Сауатымызды ашты, сонымен қоса діннен де аулақтатты, тілімізді
жоюға айналды.
2)Арақ – шарап ішуді үйретіп қана қойған жоқ, керек десеңіз, біз
олардан оны игеруді арттырдық.
3)Наркотик деп аталатын зиянды, есті алатын, ішу жолын
пайдалануды да меңгертті.
4)Кейбіреулеріміз, тіпті, оның дінін де қабылдадық.
5)Әсіресе соңғы кезде газет–журнал беттеріне болсын,
теледидардан өнегелі көрілім емес, қарауға ұялатып, жиіркенетін
көрініс те беріледі. Олай болса, бағынамыз деп айырылғанымыз да
бар, әуестеніміз деп адасқанымыз да жетерлік.
- Осыны тыюға бола ма? - Әрине, болады.
- Неге соны жасамысқа? - Ә! Оған да шектелу қойылды ғой. Бас
жағында айттық қой. Барлық тұтқалы орынға өз адамы, қала берді
тақымға бұрылатындар отырды. Іс білетіндер аулақтатылды емес пе!
Теледидарда өнегелі бейне хабар бастала беріп еді, ол басшы
алынып, өз адамы басқарды. Қанын шығара шындықты айтқан
газеттерге тыйылым салынды. Осы бір еркіндік берілді деген бір
хабар бар. Ол – «77 күн» хабары, әзіл – оспақ сияқты, түбінде
шындық жатыр. Одан шығын жатқан қорытынды жоқ. Тек қана көруші
күлкіге мәз боламыз да қоямыз. Ертеректе «Ара» журналы шақса,
шағып алушы еді. Қазіргінің зәрі таусылған.
Халқым, елім деп даусымды қатты шығаруға да бата алмайтын
болдық емес пе?
Мен соны уақытысында білмейді де қалыппын. Білгенде
қолымнан не келуші еді, дегенмен, айтып отырғаным ғой. Парламент
президентке жақпаса, халық сайласа да, жалғыз президент тарқата
алады, тарқатты да. Сонда дара билеу болып шыға келмей ме?
Демократия деген сөз артын қысқаны болып шыға келеді.
Ел басқарушылар ішінен некен – сияқ жексұрындар да
табылуда. Олар ол орынға қалай барған? Кезінде қолдаушы болған
болу керек. Кейін түрлі жағдайлармен жақпай қалған жағы да болуы
мүмкін. Пенде болған соң ойына келеді ғой. Меніңше, ол сол үлеске
119
(Ханталапай) келіспеді ме, әлде жоғарырақ орынға(таққа) дәметті ме
екен дейсің (Қажыгельдин). Айта берсем, осы сияқты «озушылық»
толып жатыр. Сонда қайда барамыз, келешегіміз не болады деп,
өзіме - өзім ренжимін. Оқушым, сенің ойың қай жағында екенін өзің
білерсің.
2030
20+20+20
«Бедел парасатқа емес,
парасат оған үстем
болуға тиіс»
(Бала биден)
Болашағымызды жоспарлағанға не жетсін. Қазір қай елді
мекенге барсам, 2030 деген жазу көшелердің көрнектілеу жеріне
жазылған. Бұл жазу болашағымыздың тақырыбы іспеттес нәрсе. Бір
кездерде, осы қайта құру қоғамына дейінгі кезде, «Коммунизм» деген
сөз осы 2030 – дан да жарық сияқты, тірі адамның жарық дүниедегі
пейіші сияқты елестейтін еді. Солай етіп дәріптейтін де болатын. Сол
коммунизм деген сөзді айтуды қойдық. Жеткесін қойдық па, әлде
жетпей-ақ оның желкесі үзілді ме, оны айта алмаймын. Тіпті сол
қоғамды аузымыз қисаймай – ақ жамандап та жүргеніміз жоқ па!?
Адам болған соң, болашағымызды, барар бағытымыздың алдына
адасып кетпес үшін қарақшы сияқты бір деңені қадау керек-ау