қолдады деп мен өз басым айта алмаймын. Сол үшін де, бұл сотқар
арамызда жүрсе, халықты соңына ертіп, біздің былығымызды
бетімізге баса береді деп, бір шет елге, Италияға, алыс елге,
елшілікке жіберіп отыр деп санаймын. Оның онда емес, мұнда
тындыратыны мол еді. Көзге көрінбесін, сүйел сияқты болмасын деу.
Халықтың қамын ойлаған ерді халқы ұнатады. Сол келесі сайлауда
президент болып кетер ме екен деушілер де жоқ емес-ті. Шешіп айту
әбестік болар, бірақ ол теледидарда президенттікке таласпаймын
дегенді айтты ғой.
Мұхтар ше? Мұхтар – жайғана батыр емес, арқалы батыр дер
едім. Ол сөйлегенде арқасы қимылдап кетеді. Жұрт бұғып, тұншығып
тұрған кезде, айқайлап шықты емес пе? "1986 жылғы Желтоқсан -
1917 жылғы кіші Октябрь!" Бүкүл дүние жүзіне мәлім болды. Ал,
осыны жасаған, қазақ халқын басынған, арабы төбет ше?! Оны
қолдап, әлі сақтап келе жатқандарды ойлаңызшы!
Сол кезде де ішімізде ықпа, жоғары орында отырушылар болды.
Тіпті солардың сойылып соғып, халқын ұмытқан сатқындар да болды
емес пе?! Мұхтар болса, қайыспай қарсы тұрды, халқының намысы
оны қоздырып жіберді. Мұны да алыс болмаса да, бір елге, қырғызға,
елшілікке жіберді: Тынышталсын, сотқарлардың соңына түсе
бермесінге салды. Ол түсе берсе, олардың сүйенішінің көңіліне тиіп
қоларымызға басты. Әрине, мұны жасап отырғандарды мен
ымырашылдар дер едім. Демократия, шындық деп тұрған кезде,
тиісті адамдар еншілі сыбағасын алуы керек еді. Жазықсыз кетіп
барады емес пе!
Неге жазықсыз жандар жала жабылып, көздерін халықтың жауы
деген атақпен жойып жіберді??? Олар –озбырларға жол бермес, ел
ағалары, нағыз ел басшысы бола алатын жандар еді. Халықты
мәңгүрттендірсек, ашсақ алақанымызда, жұмсақ жұдырығымызда
болсын саясаты еді. Ұмыт болатын да, ұмытылмайтын да жайлар
болады. Сол жайсаң жандар өскен топырақта бұғып қалған
тұқымның барлығы. Бірақ ондайларды тек өз басының қамын
ойлаушылар әлі қақпайлауын қоймай келеді. Байыйық, кәсіпкер
болайық деп ұрандайды. Қайта құрамыз деп, бірлескен шаруа құрған
(колхоз, совхоз) кезіміздегі ата-бабаларымыз жиған-тергендерін
қайта бөліске салдық: бөліске ең алғаш ие болғандар тағы да стол
басындағылар. Аласысын алып болған соң, елдегі еңбекшілерге
бөлініңіздер деп жар салып, оларды бөлді. Олар не алды?
123
Жарамсыз, сілімтігін алды. Көптен ала алмай жүрген еңбекақысына
базар нарқынан жоғары бағаға мал берген болды. Еңбекақы-айлық
деген жоқ, сол кездегі шаруашылықтар үкіметке қарыз болып қалған
делінеді. Құрылыстар да сатыла бастады. Оның да жарарын қолы
жеткен иеленді. Бітпей қалған құрылыс біту орнына, талан-таражға
ұшырады. Көзі көріп отырған басшы жоқ, үйткені қоғам күйреген,
жауап беретін басшы жоқ. Іздеген ізшіге(қылмыс іздеушіге) дәл осы
кезде халықтың жауы кім екені көрініп-ақ тұр. Бірақ қазіргі көз
ондайды көрмейді. Сыбайласқан басшылар, өз командасы бар
басшылар шықты. Тіпті менің ақылыма сыйыспайды: Халық
сайлаған депутаттарды жақтырмаса, президент тарқатын жібереді!!!
Енді бір депутаттарды бүкіл халық болып сайламайды,
уәкілдіктердің дауыс беруімен-ақ сайланады. Сонда халық қайда
қалды? Бір кезде ССРО-ға депутат партия, профсоюз ұйымдарының
қаулысы-протоколымен-ақ өтіп, депутат болып шыға келген. Сондай
депутаттың бірі-Горбачев еді. Қандай зұлымдық жол тапқан!!! Сол
кезде-ақ халық оны ұнатпайтын-ды. Дауысқа түссе, өтпей қаларын
білген залым. Сол, ақырында, не істеді? Халқын, елін сатты да кетті!
Ой, ұятсыз-ай! Тағы президенттікке ойы бар. Бар мүлік аукционға
түсіп, саудаға салынды. Кім болса, ол болсын, көп берген алады.
Сондайлардың да халықты босқыншылыққа душар еткендері көрініс
тауып жүр. Тағы да ондағы наразылық тудырғандарды ел
басшылары ұнатпайды. Енді әділдікті қайдан табасыз?! Кентау,
Жаңатас қалаларында осы жай болды. Бір мақал пайда болыпты:
“Жауымның жауы – менің досым? Жарыған екенсің достыққа!!!
Өндірісіңді сатып алған досың солар ма дер едім. Құрылған жаңа
қоғамда(Қайта құру) екі түрлі Купон арқылы үлес берушілік жүрді.
Екеуінде де аларда аздаған теңге төлеп алдық. Бірін жинақ кассасы
арқылы ірі кәсіпкерлерге аудардық: Содан үлес алады екенбіз.
Екіншісі чемоданымызда сақтаулы. Қай күні тышқан жеп қоятыны
белгісіз. Екеуі де түк пайдасы жоқ дүние ме деймін. Арбау, арбау,
арбау! Оған қоса алдау! Сенуді қойдық – ау. Бір тәуіп айтыпты – мыс
ауру адамға: “Тәуір болып кетесің, жазыласың!” Соған сенген
науқасқа ой түсіпті : “Жазыла – жазыла тәуіпке ұят болды. Енді
өлмесем болмас!” – деп. Сол тәуіптің емі сияқты болмаса игі еді.
Не деуге болады?
Қазақта “қойшы көп болса, қой арам өледі” деген мақал бар. Осы
кезде әкім де көп, президент те көп-ақ. Сонда неге көрмейді, неге
егелік жасамайды екен деп таң қаласың да қынжыласың. Совет
кезінде салынған құрылыс, не аяқталмай қалған құрылыс
егесіздіктен бұзылуда, талан-таражға түсуде. Соған кеткен қаражат
осы тірі жүрген халықтан жиналған емес пе? Малдарға салынған
стандартты комплекстер қалай болса солай қиратылып, отқа
жағатын дәрежеде бөлшектенеді. Бітіп, аяқталуға жақындаған
124
үйлер, мектептер талан – таражға ұшырауда. Дәл соғыс болып өткен
жерлердей ауылдың, елді мекеннің орны бар. Осыларды жергілікті
ел әкімдері неге көрмейді? Бұлар елге қалай басшы болады деген
күмән туады көңілге. Әлде әкімдердің ауысының салдары ма екен?!
Жылтырағанның бәрі бірдей алтын
емес.
Әдепкіде теледидардың көк экранынан не бір таңғажайып
көріністерді көріп, мәз – майрам болысып жүрдік. Кино, концерт, ән –
күй тыңдап, бала – шағымызбен рақаттанып қалатынбыз. Бір
кездерде “Парасат” деген рубрикамен тәрбиелік мәні бар жақсы
хабарларға сүйсініп – ақ қалып жүрдік. Бұл жағынан қарағанда
теледидардың адам тәрбиесіне, әсіресе, жастарды инабаттылыққа
тәрбиелеуде ерекше роль атқарғандығында құн жоқ десе де болады.
Қайта құру дәуірі деп, көк эеранда да жексұрын көріністермен
былғай бастағанға ренжисің. Видео көріністерде тәрбиелік жолы жоқ,
әдепсіз көріністерге қарауға ұяласың. Ал жастар болса, ол
көріністерден өнеге ала алар ма екен?!
Ұру, ату, өлтіру жолдарын үйрету болып шығады.
Осыны спорттық хабарға, мәдениетті көрініске жатқызуға болар
ма екен?! Шет елдік “ Секс” түрлерін көрсеткенде, міз бақпай тесіліп
қарап отырған жастардың (ер, әйел жынысты) беттері
шіміркенбестен отыратындары да бар. Біз инабаттылыққа
тәрбиелейміз дейміз. Сүйте тұра бетсіздік, ұятсыздықты
уағыздағандай экраннан көрсетеміз. Қарамай-ақ қойыңыз дегіңіз бар,
қалайша жалпы халықтың көзіне тосқауыл боласың? Талғампаздық
деген кез келгеннен табыла бере ме екен? Сол көрініске әлі ақыл –
парасаты жеттікпеген, тіпті тілі де шықпаған сәби де қарап
отырғанын неге ескермейді екен?! Өнегелілікке, инабаттылыққа,
сыпайылыққа үйрету оп – оңай жолмен келмейді. Ал теріс әрекетке,
жағымсыз іс - әрекетке, былғаныш сөздер мен сөйлеуге үйретудің
қажеті жоқ. Басқа бір халықтың тілін үйренгенде, алдымен, былапыт
сөздерді тез қағып алып, керісіп қалғанда, өз ана тіліңдегі ұнамсыз
сөздерді төгіп – төгіп жіберіп, басқа халықтың тіліндегі сөзді
қолданып, нүктесін қоятының да бар ғой.
Кешкілікті сәбилердің ұйқыға кетер алдындағы хабарда
аруақты әжелердің сәбилерін ұйқыға тартатын әлдилеген әуенді
сөздерін неге бермеске. Балаларды ерлікке, ата-ананы ардақтауға,
сыйлауға уағыздайтын қызықты ертегі - әңгімелерін ойластыруға