болмай ма?
Қазақ халқы ұтымды сөйлеуге шебер халық.
Не бір ұтқыр сөздермен жіпсіз – ақ байлап тастамаушы ма еді.
Қазақты қазақшылыққа, жастарды әдептілікке, ұтқыр сөйлеуге
үйретейік те.
125
Мысалы, мына бір ұтқыр айтылған, тақпақтап айтылған сөзді
екінің бірі шеше де алмайды. «Аңдымай сөйлеген ауырмай өледінің»
дәл өзі.
«Екі жолаушы атпен келе жатыр екен. Екеуінің де астында
жорға ат. Қарсы алдынан бір жігіт келе жатады да, сөзбен
қақтығысады: «Мына жігіттің жорғасын-ай, қасына қыздан ерткен
жолдасын-ай!». Қыз: «Жігітім, байқап сөйлеңіз! Менің шешемнің
шешесі бұл кісінің қайын енесі, мен сонда бұл кісінің әлде несі?!» -
демесі бар ма!
Немесе, баланың ақыл – ойын жетілдіретін, әрі шебер сөйлеуге
баулитын «777 жұмбақ» кітапшасын да үлгі етуге болады ғой,
ағайын.
Алтын той аясында.
Анам марқұм Айнагүл Орынбетқызы (көкмұрын):-
сағындығымды шегіртке жылы бидай орағанда тудым,- деуші еді.
Сол сөзі есімде қалыпты. Ол кезде тууы туралы куәлік деген атымен
жоқ. Менің құжатымда 1922 ж. 18 мартта делінген, бірақ ол ақақат
емес. Осылайша бүкіл өмірім өтіп келеді. 1946 жылы да шегіртке
егісті басып қалды емес пе! Сол шегірткеден егінді қорғап қалу
барасында сәті түсіп, сөз айтып жүрген қызым Раушанмен Тиянақты
уәдеге келіп, 29 мамыр (август) күні қосылдық. "Қоныс аудару" деген
әңгімеде айтылған, бұл жылы біздің алтын тойымыз өтуі керек еді.
Сол созыла келе, тағы шегіртке жылына тап болғанын қараңызшы.
Биыл да, 2000 жылы, егінді шегіртке басты. Осы жылы Ақпан
айының басында Алмастың үлкені Зере ұзатылды. Осы жолы
балаларымыз жиналып, шешеміз 70 жасқа келгенін (10 ақпан) атап
өтпекші болып ұйғарысыпты. Ақтаудағы екі қыз (Патихан, Парнеш)
оны жазға алмұрт піскенде өткізуге кідіртті. Сонымен, той 29 шілдеге
ұйғарылды. Құда-құдағилар, ағайын-жекжаттар, жора-жолдастар
жан-жақтан тойға шақырылды (Көкшетау, Ақтау, Қызылорда,Шиелі,
Шымкент, Туркестан, Шу, Тараз, Алматы, Ташкент). Той да айтылған
уақытысында басталды. Тек қана Туркестаннан келетін ағайын-
туысынан қаза болып, келе алмады, бірақ телефон арқылы тілегін
білдірді, оған рахметімді айттым. Тойдың бейне материалы толық
түсірілді, содан көресіз.
Бала би (Бименбет) кесенесінде.
Орта жүзге белгілі атақты билерден саналатын қыпшақтың бас биі
Арғынбай, қала берді Бұлтыңнан Бала би біздің арғы бабаларымыз
екенін шежіре кестесінен көруңізге болады. Сол біз туып өскен ауыл
Бала би ауылы атанғанына 5 жылдай болып еді. Бала би бабамыз
Жаңақорған ауданына қарасты №26 аялдамаға жақын сырдария
жағалауындағы үлкен қорымға жерленген екен. Содан топырақ
126
әкеліп, "Оқшы ата" әүлиесіне кесене орнатылғалы да жылға жақын
болып еді. Соның кесенесін ашу рәсімі 5/VIII – 2000ж. болды.
«Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» уақиғасынан қоныс
аударған Бұлтыңдар «Шілік» деген жерде де бар дегенді есітуші
едім. Осы қоныс аударып келген соң, осы ағайындарды іздестіріп,
өзім сияқты шежіре жұмысымен айналысқан інім Нұрғали
Сарынбекұлын (Қызылшекпен) тауып, Сыр бойындағы Бұлтың
ағайындарымен қауышқандай болдық. Бірлесіп шежіре жобасын да
жасауға бет бұрдық. Құдай қаласа биыл Сыр бойындағы Бұлтыңдар
кестесі жарық көруі керек. Әрине, бұған күш салушы ініміз Нұрғали.
Сөйтіп бұл жақтан бес ата Бұлтың табылып, бабамыз Бала бидің
кесенесін ашу рәсіміне 5-6 жеңіл машинамен 4/VIII-2000 күні түсте
шығып та кеттік. Бардық , Оқшы ата әулиесінде болдық, құран
оқыдық. Аудан болып ат салысқан екен, жақсы өтті. Видеоға түсіріп
те алды. «Бала би», «Оқшы атадағы 7 әулие», «Қыпшақтар,
Қазақтар» деген кітапшалар және «Оқшы атадағы жеті әулие» деген
плакатын, Бала би кесенесінің екінші бетте түсірілген 2001 жылдың
календарын алып қайттық. Толық материалды сол бетке түсірілген
пленкадан тамашалауға болады. Керек етсеңіз, Шиелідегі құрылған
«Бұлтыңдар қоғамынан көруге болады. Сондағы түсірушілердің
касетасынан көшіріп, Нұрғалиға, өзіме де әкелдім, 6/I-2001ж. Видео
касета «Бала би асы" деп аталады.
Ойға келген оралымдар
Бұрынғылар айтқан екен, дүниеде
Үш орны толмас жетім бар:
«Ел басшысыз болса,
жер жаңбырсыз болса,
сөз тыңдаусыз болса жетім»-
деген екен Жетек көреген.
(«Ел аузынан»,Алм.1985,90-б.)
«Қызың бар ма көзі мөлдір,
Жарың бар ма сөзі мөлдір?
Ұлың бар ма жасқанбайтын?
Жоқ осыдан асқан байлық!»
(Қадыр Мырза Әли)
Мишель Нострадамус,Ванга көреген болса,
Мен тек көргенімді айтамын.
(Сағындық Алтынбекұлы)
Кіріспе орнына
127
Ертеректе бір жазғанымда ретсіз қасыңдағыны түрте берсең,
ашуына тиюің мүмкін. Қағазды түрткілесең, ақ қағаз саған тиісе
қоймайды дегенім бар еді. Оқыған адам өзіне керек екен десе,
бірдеңесін алар ойына, керек етпей жатса, Абайша айтқанда, өз
сөзім өзімдікі. Сонымен, қарап отырмай, өзімше, бірнәрсеге жарап
отырайын. Әңгімелесетін қасымда қатарласым да жоқ, бары алыста,
азайып та барады ғой деп, осылайша қағаз бетін шимайлауды
әдетке айналдырып отырмын. Ол ойлар да анда-санда ғана келеді
десем де болады. Сол кезде жазып тастамасам, кейін ұмыт та
болады. Сол ұмытатын жасқа жақындағаным болар. Асқар
Тоқмағамбетов айтпақшы, өзінің туындыларын перзенттерім дейді
екен ғой. Менен шығып жатқандардың шикілеулері де болуы мүмкін,
ол тарихқа жасаған (болған жағдайға) жала емес, менің жазу-сызуға
әлі жеттіге қоймағамдығымнан болар. Жан-жануар, адам баласынан
аналар да түсік тастап, не шала туып жатады ғой. Оның қатарға
қосылатыны да, өліп қалатыны да болады емес пе. Азар болса,
солай болар.
Шындыққа бергісіз өтірік
«Азатын елдің ұрысы билейді,
озатын елдің дұрысы билейді.»
Уақытты өткізу үшін бе, әлде жол жүріп келе жатқанда, жолды
қысқарту үшін бе, әйтеуір, әңгіме айту бар.Бір әңгіме бір әңгменің
шығуына ұйтқы болатыны тағы бар. Сондай әңгімеден осы әңгіме
шығып кетті емес пе. Ертеде ел басқарушылар өз төңірегіне
ақылды, ойшыл, алдын болжағыш көрегендерді жинайды екен.
Солармен кейде кеңесіп те отырады екен дегенді есітуіміз бар еді.
Ел іші алтын қазына депті ғой халық. Атағы әлі жер жара
қоймаған, өзіндігі бар, мақтаншақ та емес, кісілікке де жаны құмар
емес бір кісі бар екен. Сол отырған жерінде алдын болжайтындай
әңгіме де айтады екен. Ерекше бір қасиеті де бар ма, кім білсін, тағы
бір сезгіштігі – көргіштігі де болса керек. Бірақ оны ешкімге жария
етіп мақтанғысы келмейді екен. Осы адам тұралы мәлімет біздің ел
басшымызға да жетсе керек.
Арнайы адам жіберіп, сол кісіні өзіне алдыртады.
Осы кісі ел басының алдына барғанда, төр алдына бір
жолбарыс аяғын созып жіберіп, керіліп жатыр екен. Басқа жан оны
көрмесе керек. Сол кісімен ел басы жеке отырып , әңгімеге көшеді.
Барған кісінің әгімесі, жауабы ел басына ұнайды. Болашағы бар,
өзіндік егесі де бар екенін айтады. Төрдегі жолбарысты ел басы да
көрмесе керек. Бірақ ол соның әруағы іспеттес. Ұнаған адамын ел
басы өзінде қолдырғысы келеді. «Ішіңіз пыспайды, сіз секілді 20
шақты адамым»бар, әңгіме – дүкен құрып отырасыздар, жалақыныз
да жаман болмайды», - дейді. Бірақ бұл барған кісі: - жоқ, елде
менің бала-шағам, елім, халқым, ағайын-туысым бар. Солармен
128
үнемі бірге болуды ұнатамын. Мен қажет болып жатсам,
алдыруыңызға болады-деп, келісім бермеген екен.
Бұл жерде менің ойыма көшелерде «2030» деген жазуы бар
плакат сарт ете қалды. Көзіме сонда керіліп, аспанға атылып бара
жатқан жолбарыс та елестеді.
Кім біледі?! Болса, болар. Егесіз әруақсыз адам болмаса керек