белді, беделді халық ағартушысы – Біләл Сүлеев.
Үміт, Ильфа дейтін екі қызымның және Болат дейтін ұлымның әкесі –
осы күнге шейін қазақ поэзиясында алдына жан салмаған ақын –
Ілияс Жансүгіров.
Кенже ұлым Мұраттың әкесі – Мұхтар Әуезов», - дейді Фатима
Ғабитова «(«Адам ата Һауа
на» газеті №9 желтоқсан 2000 ж.).
Біз оған не дейміз? Мақтансаң, мақтан! Сендей – ақ болсын ана!
Фатима бір байдан екінші байға ұшқалақтанып қосылған жоқ,
тағдырдың жазуы солай болды: Алғашқылары дүниеден өтеді де,
кейінгілеріне қосылады.
Өмір деген талас, әрі кетсе бәсеке, муқату сияқты. Өзімен замандас
біреуі байдан байға зырғыдың деп кінә тақпақшы болғанда
Фатиманың оларға айтқаны «Мақтанамын» екен.
Сол Фатиманы мен Мұхтар Әуезовтің табытының басында отырған
кезінде көрдім. Табыттың басында Валентина Николаевна
(Мұхтардың әйелі) мен Фатима қатар отырды. Сол кезде оған біз таң
қалғандай едік.
Қазақтың үш бірдей дүлділінен тұқым алып қалған, оларды асырап
жетіктірген Фатимаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Ал әкесі белгісіз ұл – қыз тауып жүргендер аз ба? Жеткілікті. Олар
тапқандарына тәрбие бере алмай, немесе ораулы шүберегімен
біреудің есігінің алдына қалдырып та, кетіп жүрген ғой.
Көкек анадан сақтасын Алла!
14/I-2001.
Тартылып бара жатқан татулықтар
«Зиялы деп жүргенің –
мұжық, биязы деп
жүргенің бұзық болып
шығады»
Шариғат бойынша айтсақ, осы өмір сүріп жүрген кезіміз жалған
дүние көрінеді. Біреу ерте, біреу кеш бұл дүниеден өтері ақиқат. Бұл
– табиғаттың заңы. Сол өмірді тату - тәтті, қызықты, жарасымды етіп
өткізгенге не жетсін! Дүниеге жалаңаш келесің де, бұйырса шыны
киім деп аталатын шамалы ғана шүберекке оралып кетесің. Басқа
әкететінің жоқ. Жиған – тергеніңнің бәрі де қалады. Кейінгіге не
қалады? Қалса, өзіңнен тараған үрім - бұтағың қалады. Бұл дүниеде
кейінгілерге үлгі боларлық ісің, еңбегің, үлгі - өнегең қалады. «Кәрі де
бол, жас та бол – қадірлес бол тіріңде.
132
Қалар бір күн алтын бас – қазылған көрдің түбінде»
(Қырғыз мақалы).
Әр жастағы адамның өзіне лайық жолы болады. Сол жолдан
ауытқымағанға не жетсін! Әр адам өзінің ісіне өзі есеп бере білгенге
не жетсін!
«Ашу – араз, ақыл - дос» дейді қазақ. Сондықтан да өзің есеп бере
біл, қате кетсең , кешірім сұра ! «Әсіре қызыл тез тарайды» дейді
халық .Әсіре қызылға салынсаң, аяғыңның сүрінері сөзсіз.
Осы соңғы кезде қатар жүрген, әрі жас шамалары бір – бірімен
шамаластар арасы суылыңқырап бара жатқандай. Неге олай дейсіз
ғой. Оған себептер алуан түрлі сияқты: Ең алдымен, мынаны
ойлайықшы: «Шошқада бас бар, мойын жоқ, ақмақта бас бар, пайым
жоқ» (Қадыр Мырза Әли).
Қатармын деп, ойнап сөйлеп, жанына батырыңқыратып жіберу
болса, ішке кіріп алған ащы судан соң, қызуыңды көтеріп, өзіңе
лайықты ақылыңды ашуың билеп кету тағы бар. Сондай –
сондайлар бар. Енді соған есеп беріп, басқа біреуді керек етпей – ақ,
табысу жағы кеміп барады. Олай істеудің орнына, отқа май құйып
жату да табылып қала ма, қайдам?
«Өзіңді - өзің сыйла, жат бойыңнан түңілсін!» деген қайда?! Жат
жұртта жүргеніңді неге ұқпайсың? Қарт кісілердің айтатыны бар еді: -
Баратын үйім таусылып барады, - деу.
Сендер ол қарттық жасқа (80-90-ға) келген жоқсыңдар ғой! Соған
келгенде, егер осы күнгі есің дұрыс күйінде болсаң, осы ой соған да
келеді. Оқушым, кешір осы жазғанымды. Атыңды нақтылап айтпасам
да, ойланшы! Осы жағдай сенің басында бар ма? Кім де кім өз
қателігін мойындаса, білсе, сезсе, ол адам түзеледі. Егер де
мойындамаса,білгісі келмесе, «Өзің білме, білгеннің тілін алма,
қарғыстың ең жаманы сол болады» - ға жолықтым дей бер.
Сонда сен «Өз ағасын ағалай алмаған, кісі ағасын жағалай
алмайдыға» душар баласың. Бұрын бірігіп бірге баратын жерлеріңе
ұнатпай қалған бұрыңғы серігіңмен баруды тоқтатып қойғандарыңды
сезесіңдер ме? Соны басқа халық біледі. Қазіргі адамның көзі –
рентген сәулесі. Ойға келгенді айтпай қоюдың да кейде пайдасы
болады екен. Оған да ерекше мән берейік те.
14/I-2001.
Сырты бүтін, іші түтіннен сақта!
«Тәні қарадан
жаны қара жаман»
(Монғол мақалы).
Бұдан бұрыңғы әңгімемнің тақырыбы «Жылтырағанның бәрі
бірдей алтын емес» деп аталынып еді.
Бұл әңгімеде сондайды қозғайды.
133
Адам баласының пайда болуы Шығыстан , оңтүстіктен
басталғанын білеміз. Сол алғашқы пайда болғандардың қатарында
қыпшақтар және қазақтар екенін «Қыпшақтар және қазақтар» (Ахас
Тажутов, «Қыпшақтар және қазақтар», Қызылорда, 2000 жыл)
кітабынан оқуыңызға болады.
Қазақтар өз жеткіншектерін үйлендіруді ата – ананың міндеті
деп санаған. Сондағы мақсаты солардың жанұялары бұзылмауын,
құдандалы жақтардың бір – бірімен тату тәтті тұруын алдын ала
ойластыруынан. Бұрындары «Үйлену оңай, үйлесу қиын» деуші еді.
Қазірде осының екі жағы да қиынға көшіп барады. Үйткені үйлену
менің өз жұмысым, өз билігім өзімде деп, тереңірек ойламаудың
салдарынан бармағын тістеушілер көбейін барады. Бұл жағдайда ұл
бала жағынан да, қыз бала жағынан да бар. Ақылдасып пішкен тон
кең де, кем де болмайдыны” түсінбегендіктен. Ертеректе, 50-60
жылдарда, Алматы қаласында жоғары оқу орындарында оқып
жүрген студент қыздар арасында бір жиын – дискуссия өтеді. Сонда
қосылғандардың ажырасып кету жайы талқылапған. Біреулері жігітті,
біреулері қыздарды даттап жатқанда, бір әлі тұрмыс құра қоймаған,
пайымды – байсалды келген қыз сөз алып айтқан екен: “ Қателік,
алдымен, біздің өз басымыздан деп санаймын. Айлап, апталап
таныс жігітімізбен жүргенде, тек қана жағымды жағымызды
көрсетеміз. Некеге тұрып алғаннан кейін, бұл енді менің жеке
меншігіміздегі зат. Қалай жасаймын десем, өз еркімдегіге шығады.
Бұл – дұрыс емес. Шын махаббатпен қосылғасып, өмір бақи тіл
табысып, махаббатқа кір келтірмеуді ойламаймыз. Содан барып,
қосылған қосағымыздың жүрегіне ақау түседі, ол ұяғая келе
пықсиды, сөнеді, ажырасып тынады демесі бар ма. Бүкіл отырған
тыңдаушы: “Ойпырмай, мына қыз неткен ақылды!” – деп, таң
қалысады.
Қателік қыз жағынан ғана бола бермейді, жігіт жағынан да
ұшырасады. Ол – ішкілікке санылу. Арақ деген тек жабық ыдыс
ішінде ғана тыныш тұратын зат екенін бәріңіз білесіз. Шамаңды
білмесең, сені ақылдап алжастырады. Ақылдан алжасу –
адамгершіліктен ажырау. Мастығың тарқаған соң, адам болдым ғой
дейсің бірақ жүрекке түскен дақ қалады. Ол ертең тағы
қайталанғанда, жараға айналады. Сонымен іс бітеді. Сонымен,
тақырыбымызға оралайық, оқушым. Қателеспейтін адам кемде –
кем. Қайта – қайта қателесу дегенді әдетке айналдыру – азғындық.
Осындай азғындыққа салынғандарды мен сыртты бүтіп, іші түтіп
дегім келіп отыр. Осы қосылып жатқандарға: “Поздравляю с
законным браком!” деп құттықтап жатқандарды есітіп жүрсіңдер. Сол
“брак” сөзіне талдау жасайықшы. Орысша –брак, қазақша брак –
ақау. Ақау түскенмен де құттықтай ма екен, ойлаңызшы. Осыны
орысшаламай – ақ, қазақшалап, заңды некелеріңмкен деуге неге
болмайды. Сол сырты бүтін, іші түтіндерге “брак” деген сөз қосылып
ақаулары мүжіліп, тозушылыққа ұшырап жүр ме екен деймін.
134
Осы жанұяның бұзылуына, көбінесе, әйел жағының осылдығынан
болады – ау деймін. Оны алдағы айтқан студент қыз айтқан жоқ па.
Жолдасыңа деген қамқорлығың, махаббатың ешбір нашарламай,
өзіңе қызықтыра білсең, ол ұзамайды. “ат айналып, қазығынан