Выбрать главу

Бүкіл өмірін әкімгершілік жұмыста өткізген адам кісіге бұйыруға,

міндеттеуге дағдыланып та қалса керек. Сол сиақты кілең алуға ғана

дағдыланғандар да болады.

Солар сол орындарынан зейнетке шықса, немесе босап қалса,

сол дағдысына босатындары болып қалады екен. Әсіресе мына жол

137

күзетінде тұрушылар осыған қатты қалыптасса керек. Менің бір қой

баққан нағашым ұйықтап жатып-ақ, төсекте жатып қойды «Шайт»

деп қайырып жатушы еді.Сол дауысынан өзі оянып кетіп,бір

аударылып,екінші жамбасымен жататынын көрдім. «Ауру қалса да,

әдет қалмайды» деген осыған айтылса керек.

Солай десек те, күнделікті өмірде, ұйықтап жатпай-ақ,ояу

кезімізде сол әдетімізден арылуға тырысуымыз керек-ау деймін.

Мынау абайламай айтып қалып,кісінің көңіліне тию осыдан

келіп пайда болады. «Айтылған сөз – атылған оқ» дейді. Ізбе-із

қайтып алғанмен, тиген жеріне дақ салады.

Енді бір айтайын деп отырғаным – білген кісі білмегеніңді өсиет

етіп айтса, немесе ренжіскеніңмен татуластыруды көздесе,сенің

одан тартынғаның барып тұрған қателік болады. Біз әрбір жанұясы,

оның басшысы әлі мемлекеттік денгейге жете қойғанымыз жоқ қой.

Ал мемлекеттер арасында елшілер бар. Олар – бір ел мен екінші

елді түрлі қарым-қатынасқа байланыстырушылар. Ал біз болсақ,

соның кішкене көзге көрінер-көрінбес түйіршігіміз. Ойланған дұрыс

болады.

Өгізге туған күн өлмесе бұзаудың да басына келеді. Сондықтан

өзіңді екінші біреуден астам санама, көңіліне тиме демекшімін. Бір

ойшыл кісі кейде ойыңа келгенді айта салмай, үндемей қалудың да

көп пайдасы болады депті. Осы жағдай менің басымнан өтті :

- Үйіңе басқаларды шақырғанда, мені шақырмадың – демесі

бар ма. Менің жауабым дайын-ақ тұр. Мен естімеген болдым да,

жауап бермедім.

Жауап берсем, сол дастархан үстінде алапай-толапай болып кетер

еді.Соны айтқан адамның бұрын бір айтқан сөзін қайталасам, сол

кімге айтылғаны ашылады және сол кісі қатарымызда отыр еді.соны

ертеңіне басқа біреулер сіз соған неге жауап қатпадыңыз деп, мені

дұрыс көрмегенін айтты. Мен себебін айтқанымда: «Е, дұрыс екен

ғой!» демесі бар ма. Сонда сол кісі астамшылық айтып қойған еді.

Сондай жағдайға сол кісі өзі де жолықты. (Сыпайылап айтайын,

алғашқысы шешесінің жылдық асына шақырған, анау керексінбеген.

Керексінбегеннің кейін өз жолдасы дүниеден озды).

(Көзей Темірдің шешесінің асына шақырғанда ГАИ болған адамның айтқаны).

Құдайдан қорқу да ақылға сыйымды

«Құдайды ойлап табу –

адамзат

ақыл–ой

мұнарасының ең ұшар

басы»

(Данышпандық

субстанциясы.

Алматы 1990 408 б.)

138

29.01.2001ж. Осыдан екі жылдай бұрын Шоқан Әлімбаевтың

“Данышпандық субстанциясы”, Алматы 1990ж. кітабынан

“Данышпаандық альфасы” атты ғылыми – фантастикалық повесін

оқып едім. Әдіпкіде қызыққандығым соншама – тіпті жанжағымда не

болып жатқанын да сезбей қалдым. Өзім бағып отырған сиырымның

(бір мезгіл сиырды далаға шығарушы едім) кетіп қалғанын да

байқамаппын. Сонымен, осы әңгімені тауыспай, үйге келуді де

қойдым. Әңгімені оқып болып, бағанағы қызығудың бәрі де зым –

зиян естеп ғайын болды, - орнын реніш басып алды. Сол ренжуімді

екі күндей ойымнан шығара алсамшы! Жаңалық ашу да керек – ау.

Өзінің туған інісінің ерекше туған, дарынды баласының басына

тәжірибе жасайды. Сол ашқан жаңалықтың ақылға сыйымсыздығын

көрдім. Нобель сыйлығын алған ғалым, ақырында, өзін өзі өлтіріп

тынды. Оның өлгеніне мен өзім ренжігенім де жоқ, табалағаным да

жоқ. Тек ойыма келгені – Ұлы Отан соғысы кезінде майдан

даласында соғыс болып өткен жерден көзіме түскен бір жазу сарт

ете қалды: өліп жатқан немістің үстіндегі жазу – “ Собакам собачья

смерть!”. Бұрындары фантастикалық әңгімелерді ұнатып оқушы

едім. Ондай бірнешелеген кітаптарым да бар болатын. Сол күннен

бастап, ол тақырыптағы кітаптарды қолға алмай қойдым.

Міне, кешеден бері тағы да сол бұрын ренжіген кітабымды қолға

алдым. Осы кітаптың ең соңында афоризмдерді оқыдым да, кітаптің

ішіне еніп кеткенімді өзім де білмей қалдым.

Дүние жүзінде барлық нәрсе дерлік қарама-қарсылыққа

(антоним сөздерге) құрылған ба дейсің: бар-жоқ, жақсы-жаман т.б.

Біреу жаңалық іздеп жатса, екінші біреу қолынан келмейді, көре

алмайды. Соған кедергі жасауға тырысады: осы кітаптағы

"Данышпандық формуласы" тақырыбын оқысаңыз білесіз.

Осы кітапта "Қызғаныш – дерт секілді; кеудеңе бір кіріп алса,

оңайлықпен шықпайды; шыққанынша сені де, құрбандығын да

күйретіп тынады"- депті (407-б.). Осы "Сыйлау" деген сөз бар, соның

төркіні-қорқу. Неге дейсіз ғой? Оған жауап – құдайдан қорқу керек.

Қорықсаң сыйлайсың. Демек, "Құдайды ойлап табу – адамзат ақыл-

ойы мұнарасының ең ұшар басы" (408-бет, жоғарыдағы аталмыш

кітапта).

Алғашқы ғалым құдайды есіне алған да жоқ, есіл-дерті жаңалық

ашу, өз қара басының даңқын шығару. Туған інісінің баласын өлімге

қиды, өзі де тынды.

Ал соңғы ғалым болса, адам баласына деген көзқарасы тіпті

басқаша. Ол өз басының қамынан адамға деген мейірімділігі басым.

Жеке басының мүддесін тоқтата біледі: адамға берілген "нәпсі"

дегенді жеңе біледі. Баласының әкесіз қалуын нәпсісінен жоғары

санайды. Өзінің негізгі дұшпаны кім екенін біле тұрса да, оған

зияндық ойламайды. Сол дұшпанының бірі теріс ісімен өлімге өзін

өзі алып барса, екіншісі кешірім сұрап, өз басын өзі иеді. Құран

кәрімде саған дұшпандық жасаған адамнан кек алуға тырыспа,

139

ондайға Алланың жазасы дайын делінген. Бірақ көпшілік қауымның

бір мүшесі болып саналатын біздің өзіміз осыны түсінбейміз, есесін

қайтаруға тырысамыз әдетте, кісіге істеген қаянатың бос кетпейді.

Естен кетпес үш тәулік.

Бұл уақиға кешегі Ұлы Отан соғысының жылдары еді.

Белоруссияның Велиж, Усвятск деген аудандары бар. Мен алғаш

болған 101 ОСБ (отдельная стрелковая бригада) үш күн соғыста бар

болғаны оншақты км. ғана алға жылжып, Мишуково, Зайцево елді

мекендеріне жеткен. Қатты қырғында бригада өзінің 75% -ын

қатардан шығарған (9 мың адам болатын). Содан бізді 51 СВОСКД -

ға (стрелковая Ветебская ордена Суворова красно знаменная

дивизия) қосқан болатын. Енді бізді Жоғарғы Қолбасшының

қарауындағы резервіне алғанына бір ай болған. Қай жақтан жау

қысса, бізді соған айдайды. Бір күні жау Велиж қаласы жағынан

қысқанда, Усвятскідегі тұрған бізді сол бағытқа айдады. Екі арасы

80км. Шамасы. Қалайда болсын сол жерге бір тәулікте жаяу жету

керек. Күн демей, түн демей жүріп келеміз. Әр екі сағатта 10 минут

қана демалыс беріледі. Тамақ ішу де жүріп бара жатып, құрғақ

тамағымызбен тамақтанамыз. Әдепкі тәулікте шаршағанмен,

шыдауға тұра келді. Бір күн тәулікте келіп те жеттік.

Келісімен жау Усвятск жағынан қысты. Енді бізді сол жаққа

қайтадан айдады. Барлық қару – жарақ, ішетін тамағымыз өз

бойымызда. Мұндағы ең қиын нәрсе ұйқы болады екен. Алғашқы

күннен бастап – ақ, ұйқы дегенге уақыт жоқ. Үзіліс кезінде берілген

10 минутта жата – жата кетіп, ұйқыға кететіндер де бар. Оларды

тепкілеп жүріп, тағы қатарға тұрғызып, тағы жүру. Усвятскіге де екінші

тәулікте қайтып жеттік. Жау қайтадан Велиж жағынан қысты. Дереу

қайтадан солай қарай баруға бұйрық берілді. Есітуші едім, дүниеде

адам баласы басына кездесетін үш арсыз нәрсе бар деп, ол – ұйқы,

күлкі және ләпсі. Жүріп келе жатқанда, қатарласып келе жатқан

адамдардың ішіне кіріп кетіп, көзің ілінеді, бірақ аяқ жүріп келе

жатады. Құлайтын жан – жағыңда орын деген жоқ. Қанша мезгіл

көзіңнің ілінгені белгісіз, көз шырымын аласың. Велижге де келіп