жеттік. Күн батқан кез еді. Жау жағынан радиомен: “Қалай, 51
девизиялықтар, шаршаған боларсыңдар. Енді тынығыңдар!” деп,
громкоговорительмен орыс тілінде хабарлап тұр. Сонда солар бізді
толық біліп отыр. Оншақты күн алдыңғы шепте болдық та, бас
колбасшының бұйрығы бойынша шабуылға шықтық. Әрине, жау жай
ғана беріле салмайды. Шығын деген екі жақтан да мол. Осы жердегі
соғыста Жаңақорғандық менімен бірге алынған Қайназаров
Қайыпбек аяғынан жарадар болды. Ол туралы “Жаралы жауынгер
жолдасыммен кездесуім” дегенімді жазғанмын.
Соғыс барысында бір қылтанақ жерден жүгіріп өту керек болды.
Әрине, біз байланысшылар кілең байланыс сымын(кабель) тартуда
140
боламыз. Мезгіл – мезгіл бұл жерге жау снарядтарын тастап
тұратын. Жүгіріп келеміз. Қасымдағы жолдасым қалыңқырап қойды.
Снарядтың арғы жақтан атылғаны белгілі болысымен жата – жата
кетеміз. Артыма қарасам, жаңағы жолдасым басы снаряд ойып
кеткен шұңқырда да, бөксесі сыртта жатыр. Еріксіз мені күлкі билеп
алды, күліп жатырмын. “Басың керек те, кеудеңнің керегі жоқ па?”
деп жатырмын. Ал үшінші арсыз нәрсе – ләпсі. Енді бұның екі түрі
бар: тән қажеті, жан қажеті. Мұның екеуіне де ойланып қарау керек
дер едім. Адамды адамгершіліктен тайдыратын жағынан сақ болған
жөн. Мені өз басым осы үш арсыздықтың үшеуін де басымнан
кешірдім. Үш тәулік ұйқысыз телеграфта жұмыс істегенімде, Жазып
отырған саусақтарым ісіп кетті. Бір ретте авариядан иығым тойып, 3
– 4 қабырғамның шеміршегі (басжағы) сынғанда, солар ұстасқанша 8
тәулік ұйқысыз да отырдым. Өлім жазасына кесіліп
( воентрибуналмен), өз көрін өзіне қаздырып, атар кезде "Кругом"
деген команда берген кезде, қолын көтеріп, бірдеңе деп (молдаван
еді) ыржиып күліп бара жатқанды да көрдім. Бұл күлкіні мен
мағынасыз, ессіз, сандырақ күлкі ғой деп ойладым.
Осылайша, 3 тәулік ары-бері жүруіміз менің ешуақыт есімнен
шықпай қалды.
4 партизан отрядын ажалдан құтқару
Бұл уақиға да беларуссия жерінде. Біз тұрған жердің тұсында
жау 4 партизан отрядын қоршап алып, жою қаупі төнгендігін рация
арқылы Москваға хабарласа керек. Біздің дивизияға жаудың шебін
бұзып, сол отрядтарды аман алып қалу тапсырылған-ды. Бар күшті
салып, жау шебін бұзып, оның ішіне кірдік. Жау 800 м жерден кіргізді
де, қайтадан оны жауып алды. Бұл жағдайды ірі басты командирлер
ғана біледі. Дивизияның штабы Триполье деген қыстаққа
орналаспақшы болған-ды. Байланысшылардың жұмысы тез арада
телефон сымдарын әр бөлімдерге тарту. Қыс айы, күн суық емес,
Беларуссия жері лайсаң, ыза, жер былжырап жатады. Күн сәске кезі
еді. Бір кезде байланыс торабының алдына бір снаряд келіп
жарылып, тартып жатқан желілерді қиып кетті. Мұндай жағдайда тек
рация, телефон ғана жұмыс істейді. Телеграф істемейді, үйткені біз
қоршаудамыз, өз бөлімшелерімізбен ғана байланысамыз. Сыртпен
тек рация арқылы хабарласады. Полктардан, артиллерия
бөлімдерінен басшы командирлерді қос деп, дамыл бермеуде.
Байланыс болса, қалыбына келе қойған жоқ. Мұндайда
айтатынымыз өзімізге ғана түсінетін сөздер. Сендер жақта атылып
жатқан не дегенде, картошка егіп жатырмыз сияқты сөздер.
Байқасақ, штабтан 2км. келер-келмес жерде бөлек орман бар екен.
Соның шетінен жаудың барлаушылары пулеметтен штабқа оқ
жаудыруда, штабты басып алу не құрту әрекетінде. Бұл елді мекен
қыр басында 40 шақты ғана үй екен. Жаудың атып тұрған жері
141
терезелерден көрініп-ақ тұр. Байланыс үзілген соң, шыдамағандар
байланыс торабына бұға басып келе бастады. Оны жау біліп-ақ тұр.
Дивизия командирі бұл елді мекеннен штабты басқа жерге көшіруге
бұйрықты штаб бастығына беріпті де, өзі атына жайдақ мініп, төмен
түсіп кеткендігін біздің бір байланысшы аякөздік Рақымжанов айтып
келді. Бұл жағдайдан полк командирлері хабарсыз. Енді біз де
көшуіміз керек. Байланыс торабына қойылған 10 номерлі трофейный
коммутатор болатын. Ондағы сымдарды біртіндеп ажыратуға да
асығып, комроты Кузмин жұлып алды. Сымдардың қайсысы земля
(заземление) екені белгісіз болып қалды. Жаудың пулеметінің оғы
оқтын-оқтын дуалдан да өтіп кетіп жатыр. Ол жақта қабырға деген
бөрене ағаштан.
Комрота маған заземленияларды жинап алып келуге бұйырды.
Есіктен шығуым мұң екен, маған жау оқ жаудырды. Мен тез жата
қалдым.Атылған оқ біз тұрған үйдің ішінде тұрған комрота Кузминнің
тобығын (тізесінің) жарын кетіпті. Дереу маған берген бұйрығын
өзгертіп, мынау ұйысып жатқан байланыс сымдарының
заземлениясын линиядан айырып, штаб кеткен жақтағы желіге
қосуды бұйырды. Жұлып алған коммутаторды бір телефонистке
(кейін білдік Мұқаев Дуйсенғалиға, менің «43 жылдан кейін» деген
әңгімемдегі) берді. Өзін телефон отделениясының командирі
Баймурзин қолтықтап алып кетті. Сонымен, бүкіл Трипольеде жалғыз
мен ғана қалдым. Шамалы уақытта сымдарды ажыратып, ретке
келтірдім. Бұл түс қайта бастаған кез. Жаудың разведкасының
әбіржітуі түс кезі еді. Сол кезде далалық кухняны Лобанов атқа жегіп
те үлгерген екен. Бірақ бір оқ оның қазанын тесіп өтіпті: екі жағынан
да сауылдап шаптырып тұр. Ол кухняны төмен сайға қарай ала
жөнелгенін де байқап қалдым. Қазаннан шаптырылып бара жатқан
сұйық тамақ әлі күнге дейін көз алдымда.
Кейін қарай тартылған сыммен мен де төмен түсе бастағанмын.
Бұл кезде жаудың разведкасы атуды тоқтатқан. Шамасы, тайып
тұрған болуы керек.
-
Эй связист, стой! – деді біреу. Жалт қарасам, дивизияның
артиллерия бастығы полковник. Болған жағдайды менен сұрады.
Түгел айттым.
-
Қай жерден атқылады? – деді ол. Мен көрсеттім. Менде бір
телефон, винтовкам ғана. Шинелім де арбаның үстінде кеткен.
Дереу артилеристерінің бәрін шақырып, алып бердім. Полковник
болса, қолыңдағы картасына қарап, барлығына да қайда атуын
айтып, бір – бірлеп оқ жібергізді. Бір кезде «Залпом» деп команда
бергенде, жаңағы бір бөлек орман аспанға ұшты. Өзі сәл тұрды да,
деревня ішіне қарай жүре берді. Бір кезде маған: «Не уходи, я
приду» демесі бар ма? Сонымен, мен күтіп отырмын. Ол жоқ. Мен
болсам, шинельсіз, әлі тамақ ішпегенмін. Тоңа бастадым. Штабпен
сөйлесіп отырмын. Оның бұйрығын бұзатын одан үлкен ешкім жоқ.
Қараңғы түсе бастады. Жақын жерде үй қашық. Бағанағы байланыс
142
тарабы тұрған үйге бару қауіпті. Жау жасырынып келе қалса, мен
тұрған таптырмайтын дайын тілмін. Бүкіл жағдайды бес
саусағымдай білемін. Қолға түспеуім керек, түскенде де өзімді - өзім
өлімге қиюым керек. Бір кезде комвзвод Матошин менімен сөйлесті.
Жақын жердегі үйге қанша кабель керектігін білді. Менің шинелімді,
жейтін тамақты Аягөздік Рақымжанов арқылы жібергенін айтты. Бір
кезде ол да келіп жетті. Сымды жақын басқа бір үйге тартып, сонда
орналастық. Мен болсам, дуананың асасындай қалтылдап жүрмін.
Орыс пешіне от жағып, тамақ істеуге кірісті. Пеш үстіне шығып едім,
денем жылынып, көзім ілініп кетіпті. Бір кезде мені оятып еді, бөлме
іші толған солдат, кір қожалақ, олар да дірдек – дірдек етуде. – Ау,
мынауың не?! Мұнда ешкімді кіргізуге болмайды ғой дедім. Бұлар өз
бөлімдерінен ажырап қалған қаңғыбастар екен. Дереу шығара
бастап едім. Рақымжанов екеуін ертіп, бір жерге бармақшы болды.
Сұрасам, келген соң айтамын деді. Бір кезде келді де, екеуіне
бастарыңды сағала, жөндеріңді тап деп, шығарып жібердік.
Рақымжанның қолында бір байлаулы заттары бар. – Мыналарың не?
– дедім мен.
-
Бағана жау штабқа шабуыл жасағанда, мен комдивтің үйіне
телефон құрып жатырғанмын. Стол үстінде самовар қайнаулы еді.