Әрине, дастархан жасалған – ды – дейді.
-
Ал мынау не? - десем.
-
Мыналар жейтіндер де, мынаусы іш киім, ал мынау комдивтің
шубасы – деп тұр. Көптен киім ауыстырмағанбыз. Дереу шешініп,
ішкі киімдерді орыс пешіндегі жанып жатқан отқа қостық. Бізді жеген
паразиттер азабын көріп жатты – ау. Бірақ, сәлден кейін - ақ,
денеміз қайтадан жыбырлай бастады. Бүкіл денедегі киімді
жайлағандар, биттер, қайтадан өз ісіне кірісе бастады. Шабуыл
кезінде жуыну, киім ауыстыру деген болмаған. Бұл тек біздің
басымыздағы жағдай емес, барлығы да солай. Биттеген адамның
аузы көпіргіш болады екен. Оны бастан кешірдік те, үш күн жаудың
қоршауында болдық. Тамақ самолётпен тасталып тұрады. Партизан
отрядтарын аман алып қалдық. Үш күннен кейін корпустан телеграф
желісін тартып келді. Баяғы жайдақ атпен кеткен комдив полковник
Серебриковтың не болғанын білмей де қалдым. Майданда да КГБ
тәріздес контр смерш деген болады. Солар иеленген болар, кейін
білдік, штаб дивизия орналасқан үйдегі радист жігіт отырған жерінде
сол күйі қалыпты. Дуалдан келіп тиген оқтан жан тапсырыпты.
Шубаны сол жерге тастап кеттік. Оны бізден сұраған ешкім де болған
жоқ. Ал самаурын, жасалынған дастархан да сол күйінде.
Полкқа байланыс сымдарын тарту
Штаб дивизиясы бір жерден екінші жерге көшкенде, бүкіл
байланысшылар тез арада барлық әскери бөлімдерге байланыс
тартуы бірінші орында тұрады. Бұл жағдайда Беларуссия жері,
орман іші. Қыс кезі, түн мезгілі еді. Біздің дивизия көптен бері тұрған
143
әскери бөлімді алмастырып, соның орнын(оборонын) басуы керек.
Бір түннің ішінде барлық бөлімдер орын – орындарына жайғасуы
керек. Мен телеграфистер бөлімшесін басқарушы едім. Оның ішінде
әйел жыныстыларын(қыздар) қалдырамыз да, бұл сияқты дала
жұмысына әдеттегідей, ерлер барады. Қарауыма өзімнен басқа он
байланысшы алып, полкқа кабель тартуға шықтық. Осы жолы бізбен
қабаттасып танктер де қозғалысқа енді. Бұл жағдайды қиындата
бастады: біріншіден, біздің кабелімізді үзсе, екіншіден, танк дауысы
шыққан жаққа көрінбесе де, жау оқ жаудыруды үдете түседі.
Қасымда Ақтөбелік Алдамжаров бар, екеуміз тартылған кабельді
ағаштарға ілеміз, не жолдан өтетін жерлерге көмеміз. Осылайша
келе жатқанда, майдан шебіне жақындап та қалдық. Әлсін - әлсін
снарядтан оқ жауа бастады. Бір кезде кабеліміз шолтаң етіп шыға
келді, үзілген. Екінші ұшын іздеп жүргенде, анадай жерге бір снаряд
келіп түсті, жарылмады, айға шағылысып жарқырап жатыр. Біз
болсақ әдепкіде – ақ жалп – жалп жата қалғанбыз. Снаряд әлі
жатыр, жарылар емес. Сондай – да жағдайлар болатындығы бар:
соны жасайтын зауыттардағы қолға түскен тұтқындар жарылатын
запалын салмай жібереді. Әрі - бері жатқан соң, кейін қарай
жылжып басқа жағынан айналып шықтық та, кабельдің екінші ұшын
іздедік. Анандай жерде біреудің селтиіп тұрғанын көрдік. Келсек,
өзіміздің байланысшымыз.
-
Неғып тұрсың? – кабельдің екінші ұшын ұстап тұрмын-дейді
жыламсырап.
-
Неге сонша әбіржейсің?
-
Маған да оқ тиді. Жауырымның сырты ашып барады.
Раздевалов пен Бажау қайтыс болды, тағы екеуі ауыр жарақат алды
– дейді. Кабельдің ұшын ала салып, өзіміз жақтағыға қосып,
жаралыларға жеттік. Дүйсекенов Смағұл (телеграфист) снаряд
осколкосымен бірнеше жерден, екінші бір телеграфист аяғынан
қозғаушы жилкасы қиылған. Өз аяғын өзі жинай алмайды. Бажаудың
маңдайынан тиген снаряд мыйына кіріп кеткен, Раздеваловтың бір
аяғының бас жағы бел омыртқасы арқылы басынан асып, басының
астында жатыр. Полктің командирінің саяси жөніндегі орынбасары
кездесіп, жауынгерлерді рухтандырып, жігерлендіріп әңгіме айтып
тұрған кезі екен. Жан – жағында солдаттар барлау болса керек.
Біздің байланысшылар да солардың қасында. Біз байланыс сымын
соларға тартып келе жатырғанбыз. Жаңағы замкомполк ҚазақССР –
ның депутаты, Ленин орденді кісі болатын. Ол кісіні мен бұрын
көргенмін. Ұшып келген снаряд сол кісіге тікелей тиеді де, пәршек –
пәршегін шығарады. Қасындағылардың өлгені өліп, өлмегені
жарадар болады. Сол кісінің денесін ертеңіне бөлшек – бөлшек
болғанын қалтаға салып жинады. Дәл сол жерде мен штабқа
хабарлап, жаралыларды жіберуге көлік шақырдым. Лобановты
жібердік деп хабарлады. Күтеміз, күтеміз, шана әлі жоқ. Шыдамай,
штабқа қарай өзім тартып бердім. Штабқа жүз метрдей қалғанда, бір
144
ағаш арасынан аттың пысқырғаны естілді. Барсам, шанада Лобанов,
бүркеніп отыр. Мұнда келмеген жының қайда келсін. Балағаттап
жатырмын. Дереу жаралыларды санбатқа жібердім де, кабельді әрі
қарай тартуға кірістік. Бажау мен Раздеваловтың документтерін
алып, денелерін сол жерде қалдырдық. Оларды теріп алатын
арнаулы көлік, адамдар бар. Осылай жүргенде таң да атып, жарық
болып қалды. Күн де сығырайып шыға бастады. Алдыңғы шепке таяу
келіп те қалдық. Алдымызда жалаңқы жер. Жүрген адамды жау
көреді. Айналып тартуға кабеліміз аз. Қалайда осынан тіке тарту
керек. Осы кезде артымыздан бізге ыстық тамақ та келіп жетті. Бұл
шананы тез қайтару керек. Бізден де басқаларға осы асты апаруы
керек. Жамбасымдағы кателогыма ыстық тамақты құйғызып,
шананың жақтау ағашына отыра салдым. Нанды балтамен шауып
үлестерді. Тас болып қатып қалған, ыстық нанды суыққа шығарған
соң тастай жасаған. Қойныңа тығып, жылыған жерін мүжисің де,
қайта қойңына тығасың. Жау жағынан зеңбірек даусы шығуы мұң
екен, снарядтар келіп түсе бастады. Біздің қасымызға бір снаряд
түскені сол шанады ат жалп ете қалды. Мен болсам, әшейінде жата
қалатын, қолымда кателогім сол жақтау ағашта отырып қалыппын.
Дереу бас сауғалап, орман ішіне кірдік. Әйтеуір, адамдарымыз аман.
Ал енді кабельді тіке тарту керек. Анау жалаңқы жерде теңкиіп –
теңкиіп жатқан адамдардың өлігі. Соларды бетке алып, еңбектеп,
бауырымызбен жылжып, келесі өлікке әзер жетеміз. Соны паналап
дем алып, тағы солай әрі қарай тартамыз. Не керек 500 метрдей
жерді осылай өтіп, телефон сымын алдыңғы шепке жеткіздік.
Байланыс бар екен. Сол жерде осы полкқа бұрын штабта ақша
жағын басқарған Бегимов дегенді(бұрын Жаңақорған аудандық ақша
бөлімнің бастығы) адамның аздығына байланысты жаяу әскерлерге
қосқан екен. Таң алдыңда окопта отырып, үлкен дәрет қысады.
Қасындағылар осы орныңда (траншеяға) отыра сал да, күрегіңмен
лақтырып жібер дейді. Ол кісі бұрын алғы шепте болмаған. Оны ол
кісі ұят санайды да, басын окоптан көтеруі мұң екен, маңдайына
снайпердің оғы сарт ете қалады, осыны есіттік. “48 жылдан соң”
деген тақырыптағы әңгімеде Дүйсекенов Смағұл туралы жазғанын
бар.
Дивизия осы жерден басқа жере ауысатын жолы, мен алғашқы
көлікпен кеткен едім. Соңғы көлікке жүк тиеп жатқанда, жау самолеті
атқылауынан Курганова Софья деген( еврейка) телеграфистка жан
тапсырыпты. Сонымен, менің отделениямнан өлген Раздевалов
(Ақтөбелік) телеграфист еді. Кез келген адам телеграфист жұмысын
істей алмайды. Оған маман, жаттыққан адам керек. Соловьева Нина
да телеграфистка болатын. Ол да үй ішінде отырғанда – ақ дуалдан
өткен оққа ұшып дүние салған. Осы қыста төрт телеграфистен
айрылдым: Үшеуі өлді, біреуі жарадар.
Құзғын қарғаны неге жек көреміз?
145
Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңінде біздің адамдарымызды
самалетпен де қуған кезі болған екен. Ілгері қарай жылжуы да осал
болмаған. Ал, кейін қарай шегіну кезінде өзінің істегені, өз басына
қайта келген жерлері де болды: алғы шепте айқаса тұрып – тұрып,