шегінер кезінде, алдыңғы шепке мотоциклмен бірнеше атқыштарын
қалдырып, бар екен десін деп, оқ атып тұрады да, зым – зия
мотоциклмен тайып тұрады. Ол да өздерінше әдісі еді. Қуып келе
жатқан әскерлерді ойламаған жерден күтіп алып, байқаусызда
шығынға ұшыратуы да болды. Осы атыстың ішінде оқтан қорықпай-
ақ қарғалар ұшып жүреді. Сондай жауды қуып келе жатып, бір
алаңда, қалайда, шамасы отыздан кем емес теңкиіп-теңкиіп жатқан
адамдарға кез болғанымыз бар. Жанына жақындай бергенде, бір топ
қарға өліктердің үстінен аспанға көтерілді. Жатқандардың
барлығының да көздері жоқ, шұқып тастаған. Адамның қай ұлт екені
белгісіз, ісіп кеткен. Адамның қай халық екенін бет ажары, көзінен
таниды екенбіз-ау дедім. Ал, қарғалар айналақтап ұшып жүр.
Адамдардың құзғын қарғаны неге жек көретініне осы жерде көзім
жетті. Біреуге ұнатпағанда "Құзғын қарға сияқтанбай құрышы!"-деп
жату бар. Сондықтан айтылған сөз екен ғой. Бұларды жинайтын
арнайы топ бар. Олар әлі келіп жеттіге алмаған ғой. Сол екі арада
құзғындардың істегені анау.
Алпысбайдың тиген пайдасы
Бірнеше күн жауды ысырумен жүріп, бір елдімекенге келгенде, жау
бекініс жасап, жүруді тоқтатқанбыз. Әрине, жауды ысыру кезінде
шығын мол болады. Алдыңғы шепте траншеяда жауға қарсы оқ
ататын жауынгерлер өте сиреп қалған екен. Дивизия командирінің
бұйрығымен траншеяға біздің (байланысшылардың) батальоннан он
адам жіберілуі керек болыпты. Бұл хабарды коммутаторда отырған
Алпысбай біліп отырған-ды. Бұйрық өз жолымен комбаттан
комротаға жетеді. Онда тек адамның саны ғана айтылған, кімдердің
баруы керектігін енді кейінгілер шешеді. Алпысбай болса, бұл
хабарды қалт жібермей тыңдап отырады. Ол коммутаторда, мен
телеграф аппаратындамын, өзімізше қазақшалап, сырымызды айтып
отырмыз.
- Сағындық, жаңа комрота алдыңғы шепке кімдерді жіберу керектігін
комзводқа тапсырды. Солардың ішінде сенің де фамилияң бар,-
деді.
Ертеректе телефон отделениесінің жұмысын ретсіз маған
жүктегенде, мен комротаға сөз қайтарғаным болатындығы бар-тын.
Сол кезде ол қабағын да шытып еді. Кекшіл мінезі әр кезде-ақ
сезілетін. Өзі - Украйнец. Ол халық көбіне солай болады. Мен де
дереу қарап қалмай, телеграф аппаратының ключін (кілтін, қолға
ұстап тықылдататын тұтқа) ұстадым да, корпусты шақыра бастадым.
Менің не істеп отырғанымды менің командирлерімнің ешқайсысы да
білмейді, оның маманы емес. Осы кезде біздің бөлмеде сол комрота
146
да тұрған. Корпус жауап берді. Мен: - Пригласите к аппарату
начальника связи корпуса. Просит начальник связи дивизии – деп,
тықылдаттым.
-
У аппарата начальник связи корпуса, - деді.
-
Извините, просил я сам, я телеграфист Алтынбеков. Сейчас
меня хотят отправить на передовую. На передовой в траншеях
совсем мало солдат. Я в курсе дела, что Вы хотите взять меня к
себе - деуім мұң екен. Коммутатордан корпустың бленкері ашылып
кетті.
-
Вызовите мне начальника связи дивизии – деді. Дереу
Алпысбай қоса қойды. Екеуіміз де қосыла тыңдап тұрмыз. Бөлменің
ішінде комрота тұрған. Дивизияның байланыс бөлімінің бастығына: -
Сейчас же телеграфиста Алтынбекова направьте к нам с вещевыми
– продовольственными документами. Я на место его направляю
двух бойцов. Из них один телеграфист, другой рядовой солдат –
деді.
-
В чем дело, я ничего не понимаю, разрешите мне быть в курсе
дела – дегенде, корпустағы бастық бізді айтты демей, мен осының
бәрін телефон арқылы тыңдап білдім деп, бізді қағыс айтты.
-
Разрешите связаться с комбатом – деп, рұқсат алды. Осы
кезде корпустағы бастық Алпысбайға аналардың сөзін маған қосып
отыр деп бұйырды. Біз екеуіміз де бәрін тыңдап отырмыз.
-
Кто у телефона? – Комбат. – Почему Алтынбекова направляете
на передовую?
-
Я не в курсе. Разрешите узнать.
Алпысбайға өзін комротаға қосуды талап етті. Осы кезде
Алпысбай комротаға трубканы бере қойды. Сөздері саңқылдап
естіліп тұр. Біз болсақ, түк те білмегендей, өз бетімізбен отырмыз.
Комбат комротаға: - Я на место Алпысбекова направляю самого
тебя. На место Алтынбекова кто ты? Ты – пешка. Что ты знаешь в
аппарате Морзе? Он мне нужен. Любой офицер может заменить
твое место! – деді. Ал комрота Кузмин қызарып кетті де, шыдамай
сыртқа шықты. Комбатқа кеткен болуы керек. Іс осымен аяқталды.
Бір тәуір жері корпустың байланыс бөлім бастығы бізден білгенін
айтқанда, жағдай басқаша болуы мүмкін еді. Сол күйінше бұл
білінбей кетті. Дегенмен, іштегі кегі ұмытылмаған комрота мені
ұмытпағаны ғой. Трипольедегі заземленияға жұмсауы, маған
атылған оқтың өзіне тиюі. Тіпті болмаған соң, сол деревняға мені
қалдыруы да содан ба деп ойлаймын. Алпысбайға да менің көмегім
болды. “Біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт” – депті ғой. Ол туралы
жазғанмын. “Топырағың торқа болсын, Алпысбай!” оқыңыз.
Қосыла қуанғаным – ай!
Осы соңғы жылдары адамдар арасындағы қарым – қатынастар
қазақ деген атымызға лайықсыз реңді көбірек сездіріп келетіндей еді.
147
Өткен жылы елге барып қайтқанымда, дәл сол істерді өзім
жасағандай, мәз – майрам болғаным бар еді. Әңгіме сол жайында
Ә.Ш. деген зейнетке шыққан азамат бұрындары басқа облыстарда
басшы қызметтерде жүрген еді. Соңғы кезде елге келіп орналасқан.
Бұрындары қызмет бабы болып, ағайын – туыс дегенмен ісі
болмағандай ма, әйтеуір, елге келіп, өз үрім – бұтағын сұрастыра
бастаса керек. 30 жылдан астам ба уақыт хабары, қатынасы болмай
кеткен бір қарындасына барады. Ері дүниеден озса керек. 5 бірдей
жиенімен қарындасын табады. Соларды ағайындарымен
таныстыруға елге шақырады. Егін – терім жиналып, қол жұмыстан
босаған шақ, ауылдық жерде сабан той деген кезең болады. Жақын
туыстарын да шақырып, қарындасы – жиендерімен әжептеуір той
іспеттес бас қосу болады. Ағайындары көптен көрмеген бауырларын
көріп, екі елдің азаматтары шүйіркелесіп қалады. Қарындасын
жиендерімен еліне аттандырарда, шақырған ағасы өзі мініп жүрген
жеңіл машинасын жиендеріне мінгізіп жібереді.
Қандай жарасымды, тамаша десеңізші! Жарасып – ақ тұр
емес пе?! Жиналған халық бәрі де дән риза.
Қарындасы да төркініне риза болып, туыстарын қонаққа
шақырысып тараған екен. Сол болған күннің ертеңіне бір жұмыспен
сол үйге барғанымда осыны естіп, қазағымның қазақшылық
дәстүріне қуанып қайтым.
Екінші бір жай, бұл да сол жылы болған іс. Бұл іске онша ұзақ бола
қоймаған, дегенмен бұған да 20 жылдын шамасы өтіпті – ау.
Н.С. деген қарындасымыз өз теңін тауып, өзімен қатарлас жоғарғы
білім алған балаға қосылған еді. Қосылулары соңғы кезде салтқа
айналғандай, той жасамай – ақ табысқан.
Дегенмен, көп ұзамай, құда шақырыс болып, құда жекжаттар бір –
бірімен табысқан. Сол құданың ішінде мен де болғанмын. Бала
үлкен мекеменің бас есепшісі, қызымыз да бір мекемеде бас маман
болатын – ды.
Қызмет орындары аудан орталығында да, үйлері ауданнан он шақты
шақырым қашықтықта. Автобустар қатынайды, жұмыстан кешікпейді.
Құда ұзақ сапар науқасты кісі екен. Көзінің барында құдаларын
көргісі келіп шақырған – ды. Көрдік, науқасы әжептеуір – ақ екен.
Құдасын атқарған соң, екі аптаға жетпей, ол кісі дүниеден озды.
Хабар жетісімен бардық. Ол дүниеге, ұзақ жолға, шығарысып та
келгенбіз. Арада көп уақыт болған жоқ, бір күндері жеңгіміз ешқандай
себепсіз( күнде қатынап істегенше, ауданға енші алып келіңіздер)
қызын үйіне алады. Бұл жағдай біразға дейін созыла береді. Екі жас
бірін – бірі қатты ұнатқан – ақ. Әрине, басқа жанұяға жасап отырған