ауылға қайттым.
Сау адам науқас адамның көңілін сұрау деген мұсылмандық парыз
саналады. Жеңгеміз кідіргенімді қалап еді. Мен, кісілер көңілін сұрап
үсті – үстіне келуде екен, жүргенімді дұрыс санадым. Осылар туралы
“Қанмен дарыған қасиет” деген тақырыпта жазған әңгімем бар еді,
соны айтқанымда, отанындағы баласы көшірмесін беруімді сұрады.
Оған да келістік. Атамыз Арғынбай би туралы да жазғанымды қоса
бермекші болдым.
151
Мырзағали Ұлы Отан соғысынан бұрын армияға алынады. Соғыстың
алғашқы кезінде қоршауда қалып, Мұстафа Шоқайдың легионында
болады. Францияда онымен 2 рет кездеседі. Сол үшін елге келген
соң сұраудың астына да алынады. Мұстафа дәріптеле бастағанда,
Алматыдан телестудиядан келіп түсіріп, мұны да көк экранда
халыққа жариялаған адам.
Өнегелі өмір.
Қазақ халқының басынан не бір ауыр күндер өтіп жатқанына тарих
куәлі емес пе! Кешегі халық басына түскен зобалаң заманда –
конфискация, колхоздасу – коллективизация, ашаршылық, зиялы
жандырды халық жауы деп қуғындау, жою – ату дегендерді басынан
өткізді емес пе?! Сол зобалаңның шарпуы кімге тимеді дейсіз.
Майхан әженің Орынбетінің Мырзатайына да( менің шешемнің туған
інісі) залалы тиеді. Бас сауғалап, Мырзатай қайын атасы Қалымбет
деген кісімен (Арғын) елден ауады. Әкесі сол жақта дүниеден өтеді.
Онан үш ұл бала анасымен ( балалардың шешесі) қалады, бәрі де
жас. Балалар нағашы атасы, әжесімен бірге қалады. Нағашысы
кейін елге көшіп келгенде, оларды да ала келеді. Балалардың бірі
Орынбетов болып жазылса, бірі Қалымбетов болып жазылған екен
мектепке барарда. Сонымен, шиелі ауданы, Ақтоған елді мекеніне
келіп жайғасады. Қалымбет қарт та бір жағы аурулық, бір жағы жасы
ұлғайған шағында, бір күні баласына:
-Шырағым, кімнің баласысың?-дейді. Бала:
-Қалымбетің баласымын,-дейді. –Кімнен тудың?-дегенде, бала
әжесінің атын атайды. Нағашысы баланың бетінен сүйіп, көзіне жас
алып, ауыр ойға кетеді.Бір кезде:-Балам, дұрыс айтасың, баламсың.
Мен қартайдым, әрі ауру да алқымдап қоятын емес. Мен сендерді өз
бауырларыңмен таныстырмасам, ол маған дұрыс болмайды.
Қызымнан туылдыңдар, сендер де баламсыңдар. Бар, қағаз, қалам
әкелші,-дейді. Сүйтіп өзі білгенінше баланың аталарын ретімен
жаздыртады. Білетін жиені мені де қалдырмайды. Сүйтеді де,
жоғалмасын деп, сандыққа салғызып қояды. Уақыт деген өтіп
жатады. Үлкені Қоңырат бір жесір әйелдің қызына үйленеді.
Ортаншысы Дүйсенбек ауылдағы мектепті бітіріп, өз бетінше
толпынып, оқуға кетеді. Сол кеткеннен елмен хабары да болмай
қалады.
Бір күндері ұзын құлақтан Дүйсенбек Ташкентте оқып жүр екен деген
хабар естіледі. Екі бала сол Ақтоғанда баяғы нағашыларының
шаңырағына не болып отыра береді. Бұл кезде нағашы атасы да,
әжесі де дүниеден озған-ды.
Дүйсенбек болса, Ташкент қаласындағы темір жол институтын
бітірер жылы сол қалада жұмыс істеп жүрген Арыс қаласының қызы
Құрбанкүлмен тіл табысын, қосылмақшы болады. Ресторандатып
той өткізуге шамалары жоқ, бір сол қалада тұратын өздерін
"құрама"боламыз деген Баймұрат (1921 жылы туылған) атты
азаматпен сөйлеседі. Жеке басты кісі екен, әйелі екеуі ғана тұратын
152
өздеріне лайық үйі бар-ды. Қосылу кешін сол үйде өткізеді.
Жиналғандар кілең қатар-құрбылары, студенттер. Елден келген егде
жандар жоқ. Дүйсенбектің бас көтерер туысы жоқ екен. Баймұратқа
аян болады. Той өзіне лайық өтеді. Той тарқаған соң, Баймұрат
Дүйсенбекке:
-Сенің әке-шешең жоқ па?-дейді.
-Әке-шешем ертеректе қайтыс болған,-дейді. –Біздің ықыласымыз
сендерге ауып тұр. Бізге бала боласыңдар ма?-дейді. Бұлар үнсіз
отырып, ақылдарына сала келе, бала болуға келіседі. Сонымен,
Дүйсенбек пен Құрманкүл "Өкіл бала" болса, Баймұрат пен Жұпар
“Өкіл Әке – шеше” болады. Дүйсенбек оқуын бітіріп, сол Ташкент
қаласында темір жолдың құрылыс жағының инженері болады да,
Құрбанкүл болса, сол қаладағы винзаводында жұмыс жасайды. Ол
кездерде қаланы кеңейтіп, ескі үйлерді бұзып, жаңа құрылыстардың
айдай қарқынды жүріп жатқан кезі. Дүйсенбекте өзіне лайық
құрылысында жүк машинасы бар. Сол бұзылған үйлердің күйген
кірпіштерін жинастырып, өздеріне үй салуға кіріседі. Қаланың
жанынан(пригород) жер алады. Құрылыс материалдары жинала
бастайды. Баймұрат болса, бір заводта қарауыл екен, ол да қарап
жатпай, жиналған материалды пайдаланып, үй салуға кіріседі. Үй де
салынады. Үй Баймұраттың атында, бәрі бірге түрып жатады. Көп
ұзамай, дүниеге ұл бала келеді. Атын Серік қояды. Серік –
Баймұраттың немересі. Қуанышта шек жоқ. Қашан күледі, қашан
сөйлейді, қашан жүреді дегенді ыждағатсыз күтуде. Байекеңнің
ермегі Серік, жұмыстан келсе, айналдыратыны сол Серік. Қаладан
Дүйсенбекке 2 – қабаттан екі бөлмелі үй де тиеді. Бұлар бірде онда,
бірде мұнда жүріп жатқан кезі екен. Елдегі үшінші бала, Есенбек
үйленеді. Бұл да әке-шешесі жоқ, өз қатары жетім қыз екен. Бұл
кезде мен үш балалы болған кезім. Менің де асып бара жатқан
жағдайым жоқ. Бірақ нағашыларымнан мәліметім толық. Бірақ әлі
араласа қойғанымыз жоқ болатын-ды.
Дегенмен, мен олардан көп үлкенмін, үлкендігімді білдіруім керек те
деп, Есенбектің келіншегіне құтты болсын айтуға бел байладық. Бұл
кезде ол ағасы Қоңыратпен бірге еді. Қаңырат болса, екі қызы бар,
әлі жас. Бірақ өзі көптен науқас – туберкулез екен. Әйелі трактор
айдайды. Өзі тракторға жарамаған соң, әйеліне берген екен.
Біздің алғашқы келуіміз. Сөз үстінде баяғы нағашысы жаздырған ата
тегі туралы қағазды сандықтан алды. Бұлардың мені, әйелімді
бірінші көруі. Бұлардың әжесі менің әжеммен(Күланмен) бір үйдің
қызы болатын. Осылайша, бір – бірімізбен қатынасып кеттік. Бір
күндері Дүйсенбек отпуск алған екен, күн бата қасында 7 жолдасы
бар үйге келді. Бұл кеш 2 май күні болатын. Бұл келіс те
нағашымның менің отаныма алғаш келуі. Мал сойылды, құрмет
жасалынуда. Таңғы сағат төртте жүрмекші болды. Шығарып салдық.
Осыдан бастап, бір – бірімізбен араласып та кеттік. Бұл келісте өкіл
әкесі Баймұрат та бар. Біз келін алғанда, Баймұрат та тағы бірге
153
келді. Менің балаларым (Нұрлан, Ғалым, Нұржан) олардың
отанында бірнеше рет болып жүр.
Баласы Серік темір жол институтында оқып жүрген кезінде, армия
қатарына алыныпты. Сол мерзімді кезін өтегенше, Баекең екі рет
қиыршығыстағы балаға барып та келді.
Дүйсенбек білікті маман ретінде темір жол салуға Кубада үш жыл,
Ауғанстанда 1,5 жыл жүріп келді. Кубада бүкіл семьясымен екі жыл
болды. Бала ол кезде жас, бастауыш класта оқиды. Екеуінен де
келген соң, кезектен тыс “Волга” машинасын берді.
Бір күндері сол машинасымен келіп, баланың үйлену тойының
болатынын бір ай бұрын хабарлап кетті. Тойға бір күн бұрын
немеремізді ертіп бардық. Той қыздың үйінде екі күн, келген соң екі
күн болды. Өз үйінде өзбек, орыс, қазақша өтті. Бәрі жетеді. Қалада
тұрғанмен баяғы соқтырған жер үйі, өз әуле жайы бар. Баекең болса
дихан, далаға да сол қарайды. Бұл кезде ол зейнеткер.
Бала үйленген соң, үкімет үйінде Серік тұрады да, Баекеңмен бірге
Дүйсенбек әйелімен. Серіктің де жұмысы бар, мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінде, Ленинградқа барып, екі жыл оқып келген. Серік те
қызды болған кез. Бір күні телефонмен Баекең қатты науқасты
болғанын хабарлады. Қазір үйде, ауруханада көп уақыт күзеттік те
деді. Хабарды есітісімен бір өзім жеттім. Бұл кез менің Түлкібасқа
келген кезім болатын. Барсам, Баекең азып қалған екен. Төсекте
жатыр. Әңгімелесіп байқасам, тән ауруынан жан ауруы басымдау