көрінеді. Тән дегенде қанның қысымы екен де, жан дегенде
қартайған шағында түрлі қаңкү сөздер, яғни ағайынның «Бар болсаң,
көре алмайды; жоқ болсаң, бере алмайдының» сабағы сияқты екен.
Әдепкі күні – ақ орнынан тұрып, әңгімелесу барасында сауығуға бет
бұра бастады. Көңілі де серги бастады. Келесі күні есік алдына
шығып та әңгіме – дүкен құрысытық. Үш күн әңгімелесіп, іштегі
жатқан шерін тарқата айтты.
Жоғарыда айттым ғой, “Құрама” деп аталатын аталас ағайындары
қартайған шағында арамызға кел деген екен. Барып көрейік,
аңдысын байқайын деп барыпты да. Үш күндей болған екен, әдепкі
күні арқа жарқа қарсы алғанымен, келесі күндері сырлары мәлім
болғандай. Сонымен мақұл дей қоймай, қайтып келсе керек. Сол
айтылған сөздер Баекеңнін қан қысымының артуына әсер етсе
керек. Бір күндері Баекең ауруханаға түседі. Ойлану барасында
күзетке де енеді. Күндіз кемпірі күзетсе, түнде өкіл баласы Дуйсенбек
күзетуге барады. Кел деген ағайындары мұны есітсе де бірі де
келуді білмейді. Бір күні бір келіні келіп (жақсы сыйласатын болса
керек), кетерінде 2000 сом ақшаны дәрі алуға жұмсаңыз деп
ұсынады. Баекең қаражатым бар, балаларыңа жұмса деп алмаған
соң, ол келін ренжитінін айтады. Сонымен, ол келін ақшаны
қалдырып кетеді.Бір күні жұмыстан келе жатқан Дуйсенбекке
ертеректегі көршісі армян жігіті Баекеңнің көрінбей кеткенін сұрайды.
Баекең ауруханада, күзетте екенін естиді. Сол күннен бастап, сол
154
армян жігіт те Дуйсенбекпен күзетуді бөліседі. «Құрама» аулындағы
ағайындары ат ізіп әлі салмайды. Баекеңнің үйге келгені сол екен,
Дуйсенбек соны маған хабарлаған екен. Мен барғандағы Баекеңнің
маған айтқандары осы болды, үй Баекеңнің атында екенін айтып
едім ғой. Осы жағдайдан кейін Баекең баласы Дуйсенбектің атына
үйді аударуды ойластырады, баласына айтады да. Бірақ Дуйсенбек
оған басу айтып, олай жасамаңыз дейді. Баекең аналардың ойын
түсініп, әйтеуір бір қаза бар ғой, олай – бұлай болып кетсем, аналар
сені талауға барады. Сондықтан көзім тірісінде атыңа аудар деп,
қайта-қайта айта береді. Сенің адалдығыңа көзім жетті ғой.
Елдегілер сені қинайды, атыңа аудармасаң болмайдыға басады.
Мұны да Баекең өз аузынан баяндады. Мен де жұбату сөздер айтқан
болып жатырмын. Баекең науқасынан әжептәуір-ақ айыққандай
болып қалды. Іштегі алып бара жатқан ылаң сөздер сыртқа шықты
ғой, іші босап та қалды емес пе.
Алла туғаннан жарылқай ма, бөгдеден жарылқай ма, ол бір Алланың
ісі. Бір - бірімен туғаннан артық сыйластықпен өмір сүріп жатқанын
қанша рет барғанда да көріп жүргеніміз бар–ды. Мен рұқсат сұрап,
ауылға қайтуға бет алдым. Мені шығарып салуға шыққанында,
Дуйсебектің өз аузынан жоғарыдағы жағдайды тағы есіттім. Көп
ұзамай, тамды Дуйсенбекке аудартыпты. Жазға қарай бір күні түс
ауа тағы Ташкенттен телефон арқылы байланыс басталды. Баекең
00
қайтыс болыпты. Намазы ертең сағат 6
-да дейді. Бұл қалай, таң
атпай шығады ма деген ойға қалдым. Хабарды ала сала,
машинамен түнделетіп жеттік. Сүйтсек, Ташкент уақытымен біздің
уақыттың 2 сағат айырмасы бар екен. Сонымен Өзбекстан
тәртібімен бізше сағаи 8 00 -де намазы өтіп, жерлеп те келдік. Кейін
тағы барып, құран оқып та қайттық. «Құрама» аулындағы туыстары
сауында келмесе де, намазға келгендерін көрдік.
Дуйсенбектің елдегі Қоңырат деген ағасы он жылдай туберкулезбен
ауырып, ертеде қайтқан–ды. Оған Дуйсенбек намазына үлгеріп келе
алмады. Елдегі ағайындар болып жерлегенбіз, Дуйсенбек намазы
өткен соң келген. Ағасынан қалған екі қыз тұрмысқа шыққан
болатын.
Қазір Дуйсенбек сол үйде шешесі саналатын Жұпармен бірге тұрып
жатыр. Бізбен де байланысып тұрады. 29/VII – 2000 ж. біз Алтын
тойымызды өткіздік, оған алдын ала хабарладык. Әйелімен келді.
Әйелінің екі ағасы бар болатын–ды. Соның біреуі дүниеден озған
екен. Бірақ оны бізге хабарламапты. Жетісін өткізген екен. Көңіл
айтып жатырмыз. Ол ағасы Қазақстан жерінде тұрса керек. Қазір
Серігінен 3 немере сүйіп отыр. Қазақстанға келгісі келеді. Олар
Өзбекстанның азаматы болып саналады. Екеуі де жұмыста.
Дуйсенбек зейнетке шықса да, белгілі маман болған соң, әлі сол
инженерлік жұмысына қайта шақырып алыпты. Қазіргі заманда бір
155
елден екінші елге келу, жұмысқа орналасу деген оңайға соқпай
қалды. Әсіресе, Өзбекстанның заңы бұл жөнінде тіпті басқаша.
Үйіңді сатпайсың, азаматтықтан шығу үшін долларлап ақша төлейсің,
яғни 8*120 доллар=960 доллар төлеу керек. Одан кейін азаматтық
алу, жұмысқа тұру тағы проблема.
Аңсаған Әбдіғани.
Құрбан айттың үшінші күні болатын Түс кезінде Төлебай деген құдам
(кіші келіннің ағасы) жеміс ағаштарымды көріп, ұлайтынын ұлап
берші деп жүретін. Соған барып едім. Ұлатамын деген ағаштарын
ешкілері кеміріп тастапты. Әйелін бір үй шақырып кеткен екен, мен
алдыртпадым: бастары қосылып қалған екен, ырқын бұзбайын
дедім. Үйге келсем, немерем бір шал келіп отыр демесі бар ма?
- Ассалаумағалейкум! - Әләйкумуссалам! Кел, құшақтасып көрісейік.
Сағындым ғой сені! – деп, бет–ауызымды аймалап жатыр Әбдіғани
құрдасым (Әлиханов Ә.). Кемпірім де мені жоқтатпай, әңгіме – дүкен
құрып жатыр екен. Әбдіғани Сарыағаш ауданының “Атамекен” деген
жерінде тұрады екен. Менің адресімді елден алдырып,балаларының
адасып кетесініне қарамай, аңсап келген екен. Көзіне операция
жасаған, нашар көреді екен. Өткен – кеткенді айтып, әбден ішті
босатыстық. Екі күн бірге болдық. Шақырған жерге де бірге бардық.
Бірақ жаяу жүріске жоқ, скорость біріншіден басқа жоқ, қолынды
таяқ. Кемпіріне, бала–шағасына сәлем айтысып машинаға міңгізіп
салдық. Сол Әбдіғани мен инфаркт болып жатқанымда да келіпті.
9/III 2001ж. Әйелінің қырқы 28/III 2002ж. өтпекші.
Қатарыңды қай кезде іздейсің?
Кім де болса өз қатарын іздемей тұрмаса керек. Қараңызшы,
көпшілік қауым жиналған жерде бірауық тыныштық сақталып, тым–
тырыс уақыт бола қойса, жас шамасына қарай адамдар бөлек–бөлек
ұйлығыса бастайды: Жастар жағы қимылдамаса, зерігеді; ойын–
сауыққа қарай бейімделеді. Сол сияқты одан жоғарғы буындар да
топтаса бастайды. Әңгіме – дүкенге, ауысады. Яғни осылайша жас
шамасына қарай топтастырсақ, былай бола ма деймін:
1) Жастар
2) Орта буындағылар
3) Ағалық құра бастағандар
4) Қарттар.
Жастар. Бұлардың өзін оқу жасына дейінгі топтар, орта дәрежелі
мектепте оқитындар, мамандықтар бойынша оқитындар деп шартты
түрде бөлуге болады.
Бұлардың барлығы да аз ғана бос уақыты болса, қарап отыра
алмайды. Бұлар үнемі қимыл кезеңіндегілер деуге болады. Адамның
қуаты жас кезінде аяғында, одан кеуденің орта тұсына, ақырында
дененің жоғарғы жағына ауысатын көрінеді ғой. Сондықтан да соған
лайық іс - әрекеттерге ауысатын сияқты.
156
Енді осыларды зеріктірмей, уақыттың көңілді әрі әдепті, мәдени
түрде өткізуін қарастырған жөн бе деймін. Оның түрлері алуан түрлі
болып келеді. Тек қана соны басқара, ұйымдастыра білу керек.
Пайдалы еңбекті ойын түрінде жүргізіп – ақ, саналы өмір сүруді
үйреткенге не жетсін. Бір қалыпқа, ізгілікке келтіріп алған соң,
олардан басқа іс - әрекетке уақыты болмай да қалады. Ондай істі
керек етпейді де. Ұйымшылдыққа дағдыланғандығы соншалықты –
қатарын іздеп, жалғыз отыруға дәті шыдамаса керек.
Орта буындағылар. Енді бұлар, жастар сияқты үнемі қимылдай
бермей, бір мезгіл еңбекпен де айналыса бастайды. Яғни күн көріс
әрекеттерге көшеді. Ата – аналарына, қала берді туыстарына көмегі