Выбрать главу

жейді” болды. Енді “бай” сөзінің орнына “крутой” сөзі пайда болды,

колхоз-совхоз сөзінің баламасы іспеттес “АО” (акционерное

общество), “ Фермер” сияқты сөздер пайда болды. Қызметтің жаңа

бір түрі “бизнес”шықты. Арқа сүйенері барлар " Крыша" деген жаңа

ұғымға ие болған сөзді пайдаланады. Бұрын крыша дегенді үйдің

төбесі деуші едік. Мынау одан басқашалау. Тәртіп қорғаушылармен

қатар, сол деңгейден де күштірек " рекет" деген жерден емес,

аспаннан түсті. Сонымен қатар, " заказное убийство" деген сөз де

пайда болып, әр жерден бұрқ етіп, қанға боялып та жатқандар бар.

Колхоз – совхоз тараған соң, жұмысшылардың жеке меншік үлесіне

жер де бөлінді: " көк қағаз" деген шығып, оның пайдаға жарайтын

(суландыратын), және суды аспаннан күтетін "шабындық" бөлігі

жазылған мөлшері жазылған қағаз да келіп шықты. Бірақ оны алушы,

керек десең, жерінің қайда екенін де білмейді: Осы қағаздарды бір

пысық жинап, ұжым құра бастады. Оны өңдейтін көлігі бар,

болғанымен жарамсыз. Егіс сумен бітеді. Су алу жолы үлкен мәселе.

Су енді келетін жағында басқа ел (республика), артылғанын береді.

Тұқымыңды сеуіп, сусыз түк те ала алмағандар да болуда .

Сонымен, халық дағдара бастады. Малдар да есебін тауып,

ұстағанның қолында болған жағдай бар. Қалған мал сатып алған

жанар – жағар майға ұзатылды. Осындай қысылшаң уақытта, жау

жағадан алса, бөрі етектен алады болып, жекешінің жайылымдағы

малына қарақшылар – жиендер қол салып, берекені тағы алуда.

Күннен – күнге жағдай ілгері басудың орнына кейіндей берді.

Осының бәрі ең кіші басшы ұжымды басқарушы, әрі қарай елді

басқарушыға барып тіреледі. Жақсы болса- жақсы, жаман боса-

жаман бұрынғы салынған құрылыстарды бұзу басталды. Қолы

жеткен арзанға сатып алып, өз керегіне жаратады.

Аяқталмай қалған құрылыстар тоқтап қалып, ол да сыбайласына

болмашы ақшаға бағаланып, талан-таражға кетуде. Бұрынғы колхоз-

совхоздағы алашағы бар жұмысшыларға беретін ақша болмаған соң,

сондай стандартты мол қоралар бұзылып, үлестірілуде. Бұзғанда

ретімен емес, сыртынан трос салып, трактормен бұзады. Одан

сонда не қалады? 1937 жылғы халық жауын іздесең, осы жерге

келсең табасың. Ішің ашиды. Осындай істерге керісінше, адам

қызығарлық бір елді көргенім бар. Ол – Көкшетау облысының "Үкілі

Ыбрай" совхозының "Бірлестік" бөлімшесі. Бұл елді мекенде

Қарауыл аталарының тұқымдары тұрады. Бір басқа жақтан келген

кірме деген жоқ. Бұл ауыл бөлін десе де бөлінбеген. Басқа жақтан

жіберген басшыны қабылдамаған. Өз ішінен ауыл ақсакалын сайлап

алған (зейнетке шыққан мектеп директоры). Тұрмыстары өте жақсы.

Елінде мал ұрлығы деген де жоқ. Болған екен, ауыл ақсақалына

салып, тоба қазағына таяған соң, тыйылған.

-Ал, басқа жердегілер неге бөлінген?

163

-Ол жердің жоғарыдағы басшыларына ханталапай керек.

Содан кейін ғана басқалар үлес алған, содан айтылған халге

душарланған.

Соңғы кезде бөлінген шаруашылықтарды қайтадан ірілендіріп,

біріктірмекші де болған жағдай бар. 2-3 күн жиналыс жасалып,

бірігуді әңгімелеген. Сонда ол шаруашылықтың мемлекетке бересі

қарызын айтқанда, кей жерлерде жиналған халық орын-

орындарынан тұрып кеткен жағдай да болған. Механизм деген

тозған, жаңадан келетіні жоқ. Қосымша бөлшек алатын жер тағы жоқ.

-Енді халық не істеуде? Базарға бару, қарызға алу, оған қосып

сату. Сүйтіп нарықты көтеру. Заттың бағасының өсуі осыдан.

Өндіруші аз да, алып сатушы көп.

Енді мемлекеттік өндірістерді аукционға салып сатуға келейік.

Бұл осыған дейінгіден де сорақылыққа алып бара жатыр.

Мұнай, газ өндіру, электр жарығымен қамтамасыз ету сияқты

өндірістерді жекеге беріп, оның өнімдерін күн санап қымбаттату

соның егесінің қолында. Жанар-жағар май қымбаттаса, барлық

заттың нарқы көтерілді. Ол халықтың жанына батуда. Сол байлық

қазақ жерінен шықпай ма.

Сол жер астынан сатып алып жатыр ма Бұрын қалай өнсе қазір

де солай.Осы басқаға тәуелділіктің түбі кезінде зиялы ,білімді

адамдарымызды жау көріп, көзін жоюдың салдарынан . Совет

үкіметін құру 1937 жылғы жағдайда қаншама білімділерден

айрылдық. Кейінгі жастарды жетілдіруге уақыт керек.

Сол сияқты электр қуатын иеленушілер де бірінен кейін бірі

ауысып, жемқорлықтың жаңа жолына түсті. Бұл да бағаны көтеруге

басты.Бейбітшілік заманда бұрын болып тұрған жағдай неге жоқ Бұл

басқарушыдан. Бір жерді оңдырмаған бастық екінші жерге барып

орналасады, оны да оңдырмайды, оның крышасы бар. «Ордалы

жыланды» оқысаңыз, сондағылар әлі үкімет басында жүр. Қалайша

біз оңаламыз. Ондайлар бізді оңалтпайды, жоғалтады. Шындықтың

көзін ашушылардың көзін жоюға тырысушылық бар: соңына кісі

салып, өлтіруді ойластырамыз.

Егеменді ел болдық. Дінімізге жол берілді дейміз. Бәрін бірдей бір

тарының қауызына сыйғыза бермейік, іштерінде діннің қадірін кетіріп

жүргендер аз ба Ауыл, ауданды былай қойғанда, тіпті облыстағы дін

басшысының ішінен де дүмше шығуға (Маңғыстау облысы).

Алматыдағы мешіт зорға дегенде аяқталды. Ол айтпаса да халыққа

түсінікті болды, ақырында, басшысы өзгеріп тынды. Ендігі басшысы

ол жолға бармаса керек, дұрыс қалыпқа келтірер. Дегенмен,

басшылар болып, халық болып қолға алып, бұзылып кеткен сананы

жөндемесе, адам айтқысыз жағдайға кеттік емес пе? Намыстан

айрылдық қой, әсіресе, қазақ қыздары қандай болып барады?

Жоғарыға жалтақтаудың зардабынан оңтүстіктегі аудандарымыз

Өзбекстанға берілді. Ол елмен қатынасымыз оңды деп ауыз

толтырып айта алмаймыз.

164

Советтендіру кезінде елден еңіреп кеткен боздақтарымыздың

тұқымдары жер шарының түпкір-түпкіріне шашырап кетіп еді. Соның

қалдықтары ата қонысына келгендеріне азаматтық алуы,

қамқорлыққа бөленуі мәз емес. Кейбіреулері кері қайтқандары да

бар. Сонау Қытайдан келген дәрігер Тибет медицинасын менгерген

екен. Орысша білмейді, азаматтығын ала алмаған. Соған жұмыс та

берілмегенін оқығанымызда, бізде кімнің қадірін түсінеді деген ойға

келесің.

Тірлік істеу керек, бизнесті үйрен дейді. Өзінің тұрған жерінде ол

болмаған соң, басқа қалаға жас келіндеріміз бірнеше ай бойы

жанұясын еріне қалдырып кетіп жүр. Олардың бұзылып та кетіп

жүргендері кездеседі. Ал үйінде қалған жас балаларының жағдайы

жетісіп тұр дейсіз бе! Басқа қалаға ерлер шықса, полицейлер

жүргізбейді, амалсыздан әйелдер баруға мәжбүр. Халқымыздың

санын толтырып отыратын жас келіндер, аналар балалы болуды

тоқтата бастаған, асырай алмайды. Туғандарына берілетін

жәрдемақысын ала алмайды. Соны босатушылардың ішінен «Тегін

ақша ғой» деп, қол ұшынан дәметушілердің бар екені де сезілуде. Не

деген масқара туылған сәбиінің туғанға дейінгі, туылғаннан кейінгі

декретін алмағанына бес жыл болғандар көптеп табылады. Ол қайда

кеткен? Адасып жүр, не қалтаға түсіп кеткен. 8 – 9 бала асыраған

аналарға берілетін күміс алқаның шыққаны әлдеқашан. Ол да жоқ.

Өткізілген документ жоғалды дейді, тағы өткізілді, әлі жоқ. Енді осы

аналардың зейнетақысына қосылатын қасымшасына 2000 жылдың

июнінен тоқтап қалды. Тағы документ жинау үстінде. Соңғы документ

қай күні Астанадан өтсе, сол кезден қосымша теңге қосылады – мыс.

Ал тауып ала қой шындықты.

Кезінде радиодан капиталистік елдерді жамандағанда, кезектесіп

сұңқылдайтын едік. Қазір өзімізде қандай екен? Алматының

көшелерінде жұмыссыздар көшенің өн бойында қатарласып, жер