Выбрать главу

адамдарды, кешіріңіз, айтқаныңа, өсиетіңе көндіре алмайтын да

кезің болады – ау. Сондайда «Малдан да кейінсің» деген сөз еріксіз

ауыздан шығып кетеді – ау. Байқайықшы, оқушым, осыған бармайық

та. Есі ауысқан бір сара, есі түзу бола тұрып, «Өзі білмейді, білгеннің

тілін алмайды» да, қарғыстың ең жаманына ұшырайтындар кездесіп

– ақ жүр. Адамда сана – сезім, ақыл – ес бар дедік қой. Сонымен

қатар ,онда намыс, ар – ұят та бар. Солай бола тұра, санасыздардың

қылығына көшушілерді кім деп атаймыз? Ол жынды емес, ендеше

кім? Кешіріңіз тағы да, мен оларды адам тәрізді – пошымды хайуан,

оның да жаман түрі дер едім. Хайуанның жақсысы өз нәсіліне

шаппайды, тиіспейді, қорғайды, қамқорына алады.

Осыған дәлел ретінда мынаған қараңызшы. Бұл болған уақиға.

Ертеректе аздаған жылқы ұстадым. Өз биелерімді бір жолдасымның

үйіріне қосқанмын. Соның ішінде құдамның да 2 – 3 биесі бар – ды.

Бір күні соларды сыртынан түгендеп келейік деп шықсам, құдамның

бір биесі ішінде жоқ. Іздеп те тауып аллдым. Алыс емес, Бір қырдың

астында құлындап қалған екен. Қасымда сол үйірдің иесі бар еді.

Биені жылқыларға қосайық десек, жаңағы бие жанына жолатпайды.

Ылажсыз көбін айдап, сол биеге әкелдік.Айғыры жас құлынды

өгейсінеді екен. Бәрін қосып, құдыққа суғаруға әкелдік. Жаңағы

құлыпдаған бие басқаларын жолатпай тұрып, алдымен өзі су ішіп

алды. Енді өзінен өскендерге ішкізіп, басқаларды жолатпай тұрды.

Біз оған таң қалдық. Былай шыққан соң, олар шашырап жайыла

бастады. Айғыр келіп, жас құлынды бөтенсініп, әрекет жасағаны мұң

екен, қасында тұрған басқа бір бие, құлынмен жатырлас, айғырды

тепкінің астына алып, қуып жіберді.

Біз тасадан қарап тұрмыз. Айғыр құлынға қарай жақындады

дегенше, жаңағы бие ортаға түседі.Хайуандар да бауырмашылдары

болады екен – ау дестік. Менің бір жазған әңгімен бар. Ол –

«Ақсақалдылардан айрылғанбыз ба?» деп аталады. Сондағы

168

адамдарды мен мына жануарлардан кейін бе дер едім. Хайуан

құрлы болмағанымыз ұят –ау, ұят!

Бір кездерде қазақтың кең байтақ даласы төрт түлік малға толы

еді. Оны асыра сілтеумен совет үкіметін орнатамыз деп жойып

алдық. Тағы да бірлесіп, әжептеуір – ақ қалге келіп едік. Тағы да қап

талапайға түсірдік. Есімізді соңғы он жылда жыя бастағандаймыз

дейміз, мұнсыз күнің қараң.

Адам баласының күн көрісіндегі азықтанудың ең бай түрі –

балық. Сол балықты да жаппай жою түріне кірістік. Ол судың

ластануынан. Айтуын қағаз жүзінде айтамыз да, теңіздің, көлдің,

өзеннің суын түрлі улы затпен улаймыз, қалдықтарды суға ағызамыз.

Келешекте ішетін таза ауыз суға да зәру болмасақ болар еді. Алла

тағала мал дәрігерісіз – ақ, зоотехниксіз – ақ өсірген хауандары

баршылық еді. Олар жабайы хайуандар. Бұларды да күндіз – түні

демей таусуға айналдық. «Ашыққаннан құныққан жаманға» салынып

барамыз. әсіресе осыны жоюшылар көлігі барлар, ұшағы барлар –

лауазым иелері.

Осылардың бәрін жойып тындырсақ, бір кездері ғалымдардың

жазғанын оқығаным бар – ды: хайуандар шөп жеу арқылы бізді

етпен, сүтпен қамтамасыз етеді. Сол етті шөпті концентрациялау

арқылы, сол еттің беретін калориясын, қоректік қасиетін жасауға

болады деген – ді. Сол ғалымымыз бар болса, дүниеден өте қойса,

жазып кеткені бар шығар, сол жолмен қоректенеміз де. Оған дейін

малды өсіріп те алармыз. Осылардың ешқайсысы да болмаған

жағдайда, көршіміз, әрі бір кездердегі құда – жекжатымыз

қытайлардан үйренеміз де. Солар дүниедегі тірі заттардың бәрін де

қорек орнына жұмсайды екен ғой.

Оқушым, “Нысап сайын береке” депті ғой. Нысапсыздыққа

салынбайық та. Табиғаттағыны түгел жоюға асықпайық та. Біз асыл

жаратылған адамбыз ой. Табиғатты аялайық та, қамқоршысы

болайық.

III. Өсімдіктер.

Жер бетіне тамырлап шыққан көк өністің бәрін өсімдіктер қатарына

жатқызамыз. Сонымен қатар, суда да өсімдіктер бар. Соның біз

әңгіме етейін деп отырғанымыз бұтақтан шығатын жапырақ жаятын

түрі, яғни ағаштар деп аталатын түрі. Мұның өзі жеміс – жидектер,

жеміс салатындар және жабайы ағаштар, жеміс бермейтін түріне

бөленеді. Оның құрылыс материялына жұмсалатын түрлері де бар.

Осы өсімдіктердің бәрі де адам баласына пайдасы зор: жемісі бір

болса, жапырақтары біз демалатын ауаны жаңартып тұрады,

көлеңкесіне саялаймыз, құрылыс материалдары болады. Тіпті

болмағанда, отынға пайдаланамыз. Бұлар да тірі, өлісі болады. Тірісі

уақытысында көктейді, ұйқыға кетеді. Ал өлісі құрап қалады, ақыры

отынға жағылады. Бұған да күтім керек. Табиғат өсімдігімен құнды,

көрікті, өмір сүруге ыңғайлы. өсімдіксіз адам, жан – жануар, құрт –

169

құмырсқа өмір сүре алмас еді. Ол өсімдіктер оларға азық,тіршілік

көзі болып саналады.Бұлар да өзара талас – тартыста тіршілік етеді.

Күннің жарығына, жерден алатын коректік азығына таласады.

Бірінен бірі қорқады да. Жеміс беретіндері өзара тұқым жағынан бір

– біріне жақын, бір – бірімен байланыса алады, бұдандасады, яғни

түрлері жаңартылады. Сол жағынан олар сүйек дәнділер, семішке

дәнділер болып бөлінеді. Солай бола тұрып, әр сорттары өзара

бірыңғай бөлек тұрғандарын ұнатады. Яғни гүлдеу, ұрықтану кезінде

тозаңдары тозаңдануы біріңғай болуы керек. Осының бәрін

реттестіретін, игеретін тағы да адамзат. Бұлар да ауруға

шалдығады, қартаяды, тозады. Жақсы тәжірибесі бар бағбандардың

қорасына қірсең, шыққысыз рақаттанасың. Түрлі әнші құстар сол

ағаштардың ішінде жүреді. Бұлардың да жауы болады: құрт –

құмырсқа, көбелек, бұтағын сындыратын, жапырағын жейтін

хайуандар, ақырында, жемісін аламын деп сындыратын адам

баласы. Күтімі жақсы болса, жемісі де мол болады. Осындай

пайдасын біле тұра, оған зияндық әрекет жасайтынның ең бастысы

тағы да адам. Бір мезгілдік пайдасын ғана ойлап, керек десеңіз,

бұтағын да сындыра-мындыра жемісін алады, немесе қолына ұзын

құрық алып сабалайды. Өсімдік те зорлыққа шыдай алмай, айтуға

тілі жоқтықтан жылайды. Сенбесеңіз жүзім ағашын көктемде

кесіңізші, бойынан суы ағады. Ол су емес-ау, жаны-қаны десе де

болады. Олай болған жүзім сол жылы салмай да қалады, салғаны

мен өте аз болады.

Осындай өсімдіктің қадірін білмегендер, білсе де бір мезгілдік

пайдасын көздеп, қысқа қарай отын дайындамағандар оны кесіп,

жағып та жүр. Шеннен шыққандар орман-тоғай ішінде от жағын, оны

сөндірмей кетіп, бүкіл орманды өртке шалдықтырып жүр. Ол жерге

ондай ағаш өсіру үшін жүздеген жылдарды керек етеді. Олай болса,

өсімдікті күте біл, есігіңнің алдын көгерт, жайқалып тұрсын.

Адам баласының ғұлама ұлыларының қатарына қосылатындары

бар. Қазақтар оның бірін Әкім Лұқпан деп атап жүр. Ол кісіні мың

жасаған дейді. Ол мың жыл жасаған емес, әрбір суқбаттасқан жақсы

адамдармен пікірлескендерін бір жасқа санаса керек. Ол кісінің

туылғандағы қойылған аты-Хұсайын.

Жүзімнің хұсайын деген сортын сол кісі будандастырып жасаған. Сол

сорт сол кісінің атымен аталады. Сіз де сондай адамсыз. "Болмасаң

да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз" деген бекерге айтылмаған. Сол

Хұсайынды бүкіл дүние жүзі біледі: үлкен дәрігер болған.

Медицинада Абиценна, Ибн-сина деп те атайды. Оның "Конон

врачебной науки" атты 10томдық еңбегі орыс тілінде Өзбекстан

Ғылым Академиясының баспаханасынан басылып жарыққа шыққан.

Онда аурудың барлық түрі, емдеу тәсілдері, оған қолданылатын

дәрі-дәрмектің барлық түрі бар. Ол кісі дәрілердің барлығын

өсімдіктердің түрлерінен жасаған. Демек, өсімдік-өміріміздің шипасы,

азығы