де, кем де балмайды” дейді қазағым. Жар таңдау болашақ
жұптаспақшы екі адамның жұмысы болғанмен, алдымен, ата –
ананың келісімін, ақыл кеңесін тыңдаған жөн. Ата – ана сендерді
ешуақытта да жаман болсын демейді. Тек жақсы болуларыңды
ойлайды, олардың өмірден алған тәжірбиесі мол. Ойлаңдаршы,
үйлену тойларыңда орысшалап айтқанда, “Поздарвляю законным
браком!” деп жатады. Осы сөзге мән берейікші: “заңды ақау түсуімен
құттықтаймын” шығады екен. “Ақау” cөзі мақтанарлық сөз емес.
Демек, екеуің де осы сөздің иесі болып тұрсыңдар. Үйлеспей
қалғанда, қайта үйлену деген екеуіңнің де ақауың бар деген болып
шығады. Абайлаңдар, түсінген шығарсыңдар. “күндіз екеу, түнде
төртеу” деген жұмбақ бар. Бұл – ақауы барларды жұмбақтаған сөз.
Сондықтан да жас жұбайларды құттықтағанда, орысшаламай –
ақ, «Заңды некелеріңмен, қосағыңмен қоса ағарыңдар!» деген дұрыс
па деймін.
Қазақта «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деген сөз бар.
Келін болатын бала сен басқа елге келіп отырсың, яғни жақсы
болсаң, түпкілікті өмір сүретін өз еліңе келіп отырсың. «Қыз жат
жұрттық» деген осыдан шыққан, өз жұртың – осы келін болып түскен
елің. Енді сен үлкен болсын, кіші болсын, сол елдің
бақылауындасың. Әрбір сенің жүрген қадымың бақылануда.
Сондықтан да қазағым «Табалдырықтан биік тау жоқ» деп оны киелі
деп санаған. Табалдырықтан оң аяғыңмен аттауды ұмытпа. Сен
алғашқы айда халыққа жағымды болсаң, сол баға – саған берілген
баға, оны да жадыңда сақта.
Кісі отырған үйге кіргенде ізет жасауды, сәлем жасауды
қиынсынба. Ол сенің әдептілігіңді білдіреді, саған берілетін бағаң да
артады. Үйден шығарда үйдегілерге бөксеңді көрсетіп шықпай,
бетіңді үйге қаратып шық. Бұл да әдептіліктің үлгісі. Келе жатқанда
кісінің алдын кеспей, оны өткізіп барып жүр, барар жеріңнен
кешікпейсің, «Рахмет» деген алғысын аласың. Осылайша, қазақтың
әдет – ғұрып, салт – санасын сақтай біл. Одан сен ұтылмайсың,
қайта ұта түсесің, сыйлы боласың. Келген жеріңдегі атаңды «Ата»
дегің келмесе, «Көке» дей сал, енеңді, «Апа» дей сал. Қайнағаңды
«Аға», қайныңды «Кішкенем, тентек» немесе тағы басқа жағымды
сөзбен айта сал. Сол сияқты әпке, сіңлі, абысын – ажындарды да
атымен айтпай, бұрып айтсаң, олар оған мәз болады. Бұлай айтып
отырғаным – жеңіле біл, ақырыңда, жеңіс, алғыс сенікі. «Келіннің
қалауы білсін» деген құрметке ие болып шыға келесің. Мен сені
қараңғы қазақтың түк білмес өміріне итермелеп отырғаным жоқ,
түсіне біл.
Үлкенге де, кішіге де «Сіз» сөзін пайдалан, сыпайы сөйлесуге
көш. Тіліңнен ащы сөз шығарып алушы болма. Ащы да, тәтті де –
тіл. Тілің тәтті болса, онда сен де тәттісің.
177
Ал, жігітім! Сен басқа бір ұядан біреудің балапанын әкеліп
отырғаныңды біл. Оны мәпелеп өсір, қас – қабағына қара, дөрекі
сөйлеме. Сен де ұят сақта: үлкендердің көзінше әдепсіздікке барма.
Сенің жақсы көретініңді барлығы да біледі. Аймамаудың да уақыты
бар, асықпа! Сен де қайын жұртыңа барғанда күйеу балаға лайықты
ізеттілікті сақтай біл. Ол ел білесің бе, «Сүймесімді сүйемін,
сүйгенімнің арқасында» дейтін ел. Сондықтан ата - енеңе
баласындай болуға тырыс. Сонда сенің кейбір кемшілігің де
ескерусіз қалады. Сенен аяры болмайды: саған аяулы қызын да
беріп отырғанын білесің бе?!
Сендердің екі жаққа да ұнамды болуларың екі жақтағы құда,
құдағидың қызығы, татулығы осыған байланысты. Жақсы сыйласқан
жекжаттар ағайыннан да артық болмағы осындайдан.
Бір күндері дүниеге жас нәресте де келіп қалатын күні болады.
Ол - өмірдің жалғасы, біріңе бала, не қыз болса, екіншілеріңе
немере не жиен. Өзім таптым демей, атасының, әжесінің бөпесі деп
жатсаңдар, үлкендер оған мәз – мейрам болады, оны да ойлаған
жөн.
Келін, өзің біліп тұрсаң да, үй шаруасындағы кейбір басты
жұмастарды енеңнен сұрай сал, ақылдас. Енең – сенің бірінші
қамқоршың, ақылшың, анаң.
Енді сендер бірге өмір сүрудің алғашқы баспалдағынан да
өткен болып саналасыңдар. Дегенмен алда әлі кездесетін талай
асулар, соқтықпалы – соқпақты жолдар бар. Сол жолдардың
асулардың не бір қырлары мен сырларын да біліп, меңгеру деген
үлкен жұмыс, сабырлықты, ақылға салып ойлауды керек етсе керек.
«Қосағыңмен тату бол - өзгермесін ол адам.
Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай даладан», - депті М.
Кашкари. Бұл сөз әсіресе, жігіт, саған айтылса керек. «Бастан
кешкен, көз көрген» деп айтылатын қол жазбамда «Дұрысы мен
бұрысы» тарауының «Отан» деген тақырыбын оқысаң, өмірдің не бір
бұралаң жолдарын көз алдыңа елестетсең керек. Сендер әлі оны
білмеулерің де керек, ол - өмірдің тәжірибесі. Бұл жердегі идея – жан
тазалығы мен тән тазалығы. Үйлесе алмаушылардың бірнеше
түрлері көрсетілген. Сондықтан сол қателіктерден сақ болуға тырысу
керек.
Бірігіп отан құрғаннан кейін, ер адам үйге үйе бер, үйе бер.
Асыраушы адам, сенің міндетің. Ал, әйелің болса, соны дұрыс
пайдаланып, бардың берекесін келтіретін жан. «От басындағы
үнемшілдік – бүкіл тіршіліктің тең жартысы» - депті пайғамбар.
Сондықтан да, осы дәптердің мұқа басында жапсырылған газет
қиындысы бар: ол – «мойындау», автоы – Қабылбек Төретайұлы.
(«Оңт. Қаз.» 29(17189), 8/III – 2001 ж.).
178
Мойындау
«Әйелің ақылды болса - өзін бақылайды ,
Ақылсыз болса – сені бақылайды»
(немесе еркектер жыры)
Әйел барда әуелейді бағамыз,
Арулардың қас-қабағын бағамыз,
Тек солардан біз қуаныш табамыз,
Тек соларға мұңымызды шағамыз.
Жан жар біздің – жан қиысар досымыз,
Тек жан достан жомарт қылық тосыңыз.
Өмір деген бес күн жалған тірлікте ,
Әйелдерсіз болмас көңіл хошыңыз.
Өмірсерік-әр үйдегі күніміз
Жан жолдассыз не болады күніміз ,
Жарымызбен жарқын шығар үніміз.
Аруларға аппақ құшақ жайыңыз,
Аруларсыз болар ма екен жайыңыз?!
Әйел барда жарығырақ шамымыз,
Әйел деген – құдай қосқан жарымыз,
Аналардан жаралғанбыз бәріміз.
Жұбай деген сүрінгенде сүйеуің,
Өмір бақи таусылмайтын нәріміз.
Асыл жарлар-аяқталмас әніміз,
Аңсар әнсіз жарасар ма сәніміз?
Қолаң шашқа құштар болып өтеміз
Қара жерге енгенінше тәніміз.
Еркектік сөз,құй нанбаңыз, наныңыз
Сұлу десе ауырады жанымыз .
Сәл нәрсеге кіналаймыз соларды,
Сәл нәрсеге жан сұраймыз тағы біз.
Лағыл көздер-алауланған шамымыз,
Дауыл көздер-арайланған таңымыз.
Жан жар десек есімізді алады
Гүлдей қызға гүл сыйлаған шағымыз.
Сұлу айтса бір тілегін жықпаймыз,
Суық соқса арланбай-ақ ықтаймыз.
Ауыздықтап алса-дағы бас білмей,
Түптің түбі айдауынан шықпаймыз.
Ер азамат, сырымды оң ұғыңдар,
179
Алғаныңа ақ гүл сыйлап тұрыңдар!
Қиғаш қастар, ақ білектер-Хауа Ана
Ана сүтін нәр етпеген кімің бар?!
Ару, Ана мейірім мен шапағат
Мінажат қыл, тәу ет, сонан шапақ ат!
Әйел, Ана айнымайтын асыл жар
Мәңгі мөлдір, кір шалмайтын махаббат!
Қабылбек ТӨРЕТАЙҰЛЫ.
Есіңізде болсын, бәрін де келістіретін біз, әйел, екенбіз деп,
астаншылыққа кетіп қалмаңыз. Осы аналар бекер айтпаса керек,
«Отыз ұлым болғанша, осырақ шалым болсын» деген сөзді қайта
сол жастайыңыздан қосылған қосағыңызды, еріңізді, күші қайтқанда,
қартайғанда күтіңіз демекпін. Ол қартайған кезде баяғыдай үйе
беретін қаруы азайған соң , бола қойса зейнетақыға ғана қарайды.
Үйден ұзап та шыға бермейді. Ер адам үйден шықпай отырып қалған
кезінде, бала – шағаға тым жағымды да бола бермейді, қадірі де