Выбрать главу

азаяды. Балаға, келіңге ана жақындау болады. Сол осырақ

шалыңды қақпайламай, қас – қабағына қара. Күші барда

пайдаландың ба, енді керегің жоқ деме. Ойлашы осы бала шаға жоқ

кезі, өзіңнің туған ата – анаңды тастап, осыған келіп қосылған жоқ па

едің? Ендеше оны өкпелетпе, аяла. Ол сенен соны керек санайды.

Екеуіңнің де екінші бала болған кезің осы кезең.

Ал, өмірге келіпсің, жар тауып қосылыпсың, бала – шаға өсіріп,

жетілдіріпсің. Қалдырып бара жатырған бала- шағаң - өміріңнің

жалғасы. Одан басқа кейінгіге не қалдырып бара жатырсың?

Бұл сұрақ кез – келген адамға оп – оңай жауап бере қоятындай

жеңіл болмаса керек. Дегенмен, өмір сүргендердің бәрі із – түссіз

кете бермегенге ұқсайды ғой, ойланарлық жай екен. Мен болсам,

зейнетке ерте шықтым да, жеті жылдай күйзелген денсаулығымды

түзеген болдым. Содан кейін - ақ қағаз бен қаламды ермек етуге

кірістім. Ерте баста естелік сияқты бірдемелерді түртпектеген болып

едім. Соны шежіре жобасына жалғастырып жүргенімде, өзім сияқты

жастау інім де табылып, соның қолына табыс еттім, сол шығарар.

Одан бөлек «Бастан кешкен, көз көрген» дегенді бірнеше бөліктерге

бөліп, біреуге ұнар, біреуге ұнамас қалдырып бара жатырмын ғой

деймін. Көлемі – төрт дәптер( екеуі 96 парақ, екеуі 48 парақ), оған

тағы да қосқандарым бар.

Мұндай да жандар бар екен – ау?!

Осы жерде Бауыржан Момышұлының бір сөзі есіме келіп

отыр: «Сен бір ауыз да сөз қоспа, мен бір де бір өтірік қоспаймын...»

дегені.

Сол сияқты мен де бір де бір жадымнан сөз қоспауға тырысып,

өмірде болған бір тарихи жағдайды кейіпкерлерінің өз аузынан

айтуынша беруге тырысып отырмын. Жер аттарын түгелдей

180

тәптіштеп жазып алмағаныма кешірерсіздер. Уақиға Ұлы Отан

соғысы жылдарында Москва қаласының төңірегіндегі бір

госпитальдан басталады. Ұлы Отан соғысына алынған қазақ

жауынгері соғыста жарадар болып, Москва түбіндегі бір госпитальға

түседі. Ауылдық жерде оқыған, қойшының баласы, орысшаға да

жетік емес, бұлдұр – бұлдыры ғана бар. Алматы облысының Балхаш

көлі маңынан. Аты – жөні Көпжасар Тәшкенбаев маған кездесуі 4 –

12/VI – 2001 ж. аралығы. Екеуміз де Алматы қаласындағы

госпитальдамыз. Көпжасар болса, соғыстың соңғы кезінде екі

аяғынан бірдей жарадар болып, Москва түбіндегі бір госпитальға

жайғасады.

Дәрігерлер ары айналдырып, бері айналдырып, бір аяғын кесу

керек десе, Көпжасар: «Кеспеңдер, кескізбеймін !» - деп көнбейді.

Аяқтың екеуі де ауыр жарадар. Әсіресе біреуі икемге келмейді. Кесе

қойса, тізеден жоғары кесу керек. Сонымен, аяқ кесілмейді. Емделу

барысында кесу керек деген аяқ созылмайды, жиырылған күйі.

Төменгі жағы сенуге де бет ала бастайды. Бұған операция жасаушы

орыс әйелі, хирург екен. Санитаркалар, медбикелер кілең жұлындай

жас орыс қыздары. Көздері жәудіреген, бар ықыласымен еңбек етеді.

Тіпті, жарадарлардың көңілін тауып, шаттандыруға шейін барады.

Ауырған жерлерін сылап - сипап, уқалап жүреді. Жандарын аямай,

коляскаға отырғызып алып, жас сәбилерді ойнатқандай да

әрекеттерге барады. Далаға да шығарып, серуіндетіп те келеді.

Бір Оля деген 16-17 жас шамасындағы қыз Көпжасарды бар

ықыласымен күтуге ала бастайды, үйіне де алып барып, тұз-дәмін де

ұсынады. Оның шешесі хирург, жаңағы Көпжасарға операция

жасаған сол әйел екен. Көпжасарға өзінше «Коля» деп те ат қойып

алады. Коля болса, күн сапап тәуірленіп келеді. Бірақ аяқ икемге

келмейді, біреуі тартылып тұр. Қос болдақпен жүргенде, екінші аяқ

жиырылып тұрады. Жүріп жаттығу барысында жерге үші, тиер-тимес

қана. Жерге тиіп кетсе, жаны шыға жаздайды, Оляның ермегі Коля

болады. Сүйретеді, жүргізеді, үйіне апарады, қайтып әкеледі. Шешесі

болса, госпитальда дежурда жүріп қалатын кезі де мол болады.

Коляның онымен еркін сөйлесіп кетуге орысшасы жете бермейді,

дегенмен, кейде ымдап та ойын білдіре бастайды. Госпитальдың

бастығы енді мұның майданға баруға мүмкіндігі жоқтығын айтып,

елге қайтару керектігін айтады. Бірақ Көпжасардың өздігімен елге,

Балхашқа, келуге мүмкіндігі жоқ. Мұны біреу үйіне әкеліп салу керек.

Соғыс кезі, ондай адам жоқ. Елінен баратын, алып қайтатын да адам

жоқ.

- Ай! Коля! Анау сені күтуші Оля деген қыз саған өте құмар ғой.

Оны өзің де білесің. Сен егер оны аламын десең, ол сені еліңе алып

барады. Ал, Көпжасар болса, ол шешімге бара қоймайды.

- Аяғым болса, мынау, икемге келмейді. Мен қалайша әрекет

жасамақшымын – деп, қамығады. Сөзбен айтылмаса да, Оля

Колясының ойын түсініп, анасы дежурда кезінде Коляны үйіне алып

181

кетеді. Амалын өзі тауып (тәптіштемей – ақ қояйық), икемдейді.

Қысқасы, Коля алмақшы да, Оля тимекші. Анасы болса, көп

ойланғанымен, жалғыз қызының көңілін қимай, келісім береді.

Коляны Оля еліне жеткізуге бел байлайды. Документтер

дайындалады. Жол азығы, талоны, билеті бәрі дайындалады.

Сонымен, поезбен бірнеше күн жүріп, Алматыға да жетеді. Бұл

кезең-соғыс жылдары. Енді Балхашқа жеткізү, ауылдағы қой бағып

жатқан әкесіне жеткізу ісі оңайлыққа түспейді. Елде ішіп-жем де аз,

көлік жағы тіпті жоқтың қасы. Арбаға да мініп, бір ауылдан екінші

ауылға, қайыққа да мініп, бір жерден екінші жерге жету болады.

Жолда бір үйлерде 1-2 күн аялдап та қалу бар. Қай бір жетісіп

отырған халық, ішіп-жеуі де кемдері таршылық сезімін де білдіріп

алады. Оларға бұлар: - Біздің азығымыз өзімізге жеткілікті, сіздер де

қосыла жеңіздер дейтін де кезі болады. Сонымен бірнеше күн

дегенде, енді аулына 50-60 км жер қалады. Почта тасушылар болса,

көлік таба қойса, түйемен, не жаяу келеді екен. Түйеге де мінген

уақыттары болады.

Әттең, сау болса, жаяу-ақ жететін жер қалды-ау деп отырғанда,

далалық жердегі әр жердегі ауылдардың бірінде отыр еді. Алыстан

бір қара көріне бастайді. Бірте-бірте жақындай түседі. Алдында

бірдеңе жортып келе жатқандай ма? Солай да екен. Аттыдан озып,

Көпжасар соғысқа кеткенде өзі асыраған күшігі үлкен төбет те болған

екен. Келе сала Көпжасарға құйрығын бұлаңдатып, еркелеп,

иіскелеп, қолын жалай бастайды. Екеуі де бірін-бірі таниды. Далалық

жерде қазақтың қой баққан жүнді барақ төбеті келгенде, Оля

сескенейін деп еді, енді ол да денесі үйреніп, итті жақсы көріп тұр.

Атты адам жақындай келіп, аттан түсе сала, баласын құшақтап

жатыр, сүйіп жатыр, көзінен жас та шыққан, мауқын баса алмай,

біраз тұрды. Қыз болса, селтиіп тұр. Ойында: «Қалай қабылдар

екен?» деген күдіксіз де емес.

Бір кезде әкесі: - Балам, мына қыз кім? – демесі бар ма? – Бұл

қыз мені осында алып келе жатырған жеткізушім. Бұл болмаса, мен

келе алмас едім. Сол жақта қалар да едім. Қаласыңыз келініңіз

болады. Қаламасаңыз қайырамыз да – демесі бар ма?

- Жоқ, балам, сені маған әкелген болса, бізде сөз болмайді –

деп, қыздың маңдайынан сүйіп, арқасын алақанымен қақты.

Қыз болса, демін терең алып, уһ! Дегендей еді. Көпжасардың

аяғының біреуі атқа мінуге келмейді, тартылған. Әкесі болса, соның

бәрін есебін тауып, бір үзеңгіні шешіп алып, тартылған аяқты

салбыратпай, оны да сүйейтіндей жасады. Ердің артынан тоқым,

көрпешені ыңғайлап қомыттап, Оляны да жайғастырды. Жуас

қойшының аты соның бәріне көніп тұр, тырп етер емес. Өзі атты

жетектеп, ауылға тартып кетті. Баласының жете алмай келе

жатқанын Ташкенбай ақсақал ұзын құлақтан есітіп, шыдамы болмай

жеткені екен.

182

Үйге де жетті. Анасы баласын көріп, тірі келгеніне қуанышы

қойнына сыймай, бүкіл туған-туысқан мәз-мәйрам болуда.

Мал да сойылуда, ағайын-туыстар да жиналуда. Бүкіл ел орыс

қызы демей, бәрі өз баласындай қарсы алды. Уақыт өтіп жатыр.