Выбрать главу

Көпжасар ептеп аяғын баса бастады. Әлі балдақ қолда. Олясын

бала-бақшаға жұмысқа да орналастырды. Бұл кезде елде ер

азаматтар жоқтың қасы. Көпжасар ауыл советке хатшылыққа

орналасты.

Бір күндері Оляның анасы науқастанып,телеграмма

келді.Коляға барып қайтайын деп қолқа салуда. Коля әлі балдағын

тастай қоймаған кез. Жолға жарамайтынын айтуда.Шыдамы

болмаған Оля анасына кетті.

Хат-хабар келіп тұрады. Анасы тәуірленіпті. Оля болса қыз

туыпты. Хат келіп тұруда еді. Бір күні Оля: - Коля! Егерде сен келе

алмасаң, үйленгің келсе, менімен бірге істеген анау қыз ше (бір

қыздың атын атайды), соны алуға рұқсат-деп жазыпты. Ол қыз да

адамгершіліктің тұтқасын ұстағандай қыз болатын-ды. Оляның хатын

Көпжасар соған көрсеткенде,келіседі де үйленеді. Балалы-шағалы

болады. Бұл кезеңдерде хат алысу тоқтап та қалған кез. Көпжасар

түрлі қызметтерге ауысқан. Жора-жолдастар да мол, жетерлік.

Совхозды да басқарды, партия ұйымдарын да басқарды,

Зоотехник те, бухгалтер де болды. Арада бірнеше жыл өткен.

Аудандық партия ком-ң хатшысы жан жолдасындай болған кісімен

Минводтың Кисловодск курортына екеуі жолдама алып, демалуға

барады. Бұл кез Көпжасар аяғы жазылған, тік басады, Бірақ бір

таяқты әлі тастай қоймаған, ол таяқ оған үшінші аяқ болып тұр.

Демалу аяқталады. Екеуі сырлас, өмірлерін түгел білетін. -Москваға

баралық, Оляның ескі адресімен іздейік-деп келіседі.

-Подарка алсақ болмай ма?

-Алдымен тауып алайық. Подарка қашпас

-Мақұл, келістік.

Іздеп жүріп, ескі адреспен,пригородный поезбен келіп те жетеді:

Адресін айтып, көп этажды үйдің жанына келеді. Әдеттегідей,

екі кемпір отыр екен,сұрастырады. Олар: - Вы спрашиваете, Мать

казашки что ли? - дейді. Бұлар: - Да - дейді. Бір бойжетіп қалған қыз

қолында сумкасы мен өте шығады.Артынша көп ұзамай тағы бір

әйел өтеді. Жаңағы екі кемпір: - Вот что пришла с сумкой, это та

девушка казашка. А та, каторая пришла после неё, Это мать той

девушки-дейді. Үйінің номерін сұрап, есігін тықылдатады. Есік те

ашылады. Көпжасар көрінгенде, Оля: - Это ты Коля! - деп құшақтай

алады. Қыз төргі бөлмеде екен, көпке дейін онымен жұмыстары да

болмай, әңгіме дүкеп қыза түседі. Оляның анасы да келеді. Сый -

құрметтің бәрі де түгел өтеді.

Келесі күні бұлар үшеуін де қалаға ертіп апарып, қалағанынша

кейіндіреді, Сыйлығын жасайды.

183

Жүретін күніне екі күн қалғанын айтып, жатқан жерін,

телефонын береді.

Келесі күні Оля қайта шақырып қонақ жасайды. Кетерінде

Коляның бала-шағасы,әкесі анасына сый - құрметін беріп жібереді.

Көпжасар бұларды қонаққа шақырады. Келер жылы Оля қызымен

анасымен келе жатырғанын айтып телеграмма береді. Бұлар

сомолеттен күтіп алады. Бірнеше күн қонақ етеді. Бүкіл ауыл болып

қатты сыйлайды. Оля баяғы өзі ал дегенімен Көпжасардың екінші

әйелі ауыл сыртына серуендейді. Кетерінде Көпжасар Оляның

анасына 100 ондатор терісі, 3 алтынсұр, 3 көк қаракөл терісін береді.

Көпжасардың анасы қазақтың оюлы текеметін ұсынады. Машинамен

аэропортқа әкеліп, қаланы қыдыртып,сомолетке билет алып,

мінгізеді,қоштасады. Содан көп ұзамай, Оляның анасы дүниеден

озыпты. Соңғы кезде хабары жоқ көрінеді. Қазір Көпжасар сол өз

аулында тұрып жатады. Соңғы алған әйелі дуниеден озған екен,

біраз уақыт болып қалыпты. Өзі 1925 жылғы екен. Денсаулығы

нашар, кілең курорт, санатория, госпиталь, ауруханаларда көрінеді: l

дәрежедегі мүгедек. Сахарный да науқасы бар екен. Қолында таяғы,

ширақ, қатты режимде, дәрі-дәрмегі калтасында. Бір комнатада үш

адам болдық. Қасымызда полковник Айнақұлов Әбекең. 12/6 күні

түнгі 12/30 да Ғалым аварияға ұшырап, мені Нұржан алып кетті.

Қоштастық та қойдық.

Қатын ауыстыру немесе ауысқан

«махаббат».

(тарихи болған оқиға)

«Елуде есін жинамаған,

алпыста ақыл тоқтата алмайды,

алпыста ақыл тоқтата алмаған,

жетпісте желігін ноқталай алмайды»

(мақал.)

Алматы облысының Балқаш ауданы маңында Калинин атындағы

колхоздың басқармасы Оспан деген кісі болыпты. Ал сол колхозда

өндірістік бригадир болып істеуші Жақып екен. Жақып болса өз

жұмысына тынымды, қарауындағыларға жайлы, парасатты,

сабырлы кісі болса керек. Ал әйелі ажарлы, мына көркім барда

маған кім қызықпайдының бірі екен, уақтысында партия қатарына

өтіп те алған-ды. Өз кемерінен екі қызы бар. Оспан да, Жақып та

партия мүшесі. Оспанның әйелі партияда жоқ, үй шаруасында

байсалды, ұстамды әйел. Бір ұлы бар кезі екен.

Қай кезде де ұрғашы сыңай танытып сүйкенбесе, еркек жанаса

қоймайтыны табиғи заңдылық. Сондай бір кезеңі болып, Жақыптың

әйелі колхоз бастығына несіне қызыққанын өз іші біледі, сыңай

білдіреді. Қанша дегенмен еркек емес пе, қайталана берген соң,

еркектігіне басып қалады. Ол іс әдетке айналып та кете бастайды. Ел

184

іші бұл жағдайды сезіп қойып, өсек-аяң бірден екіншіге өте

бастайды.Мұны Оспанның әйелі де ұзын құлақтан хабарланады. Бірақ

әйелдікке баспай, қызметіне әсері тиеді дегені болуы керек. Осы

колхозда партия ұйымының хатшысы Көпжасар Ташкентбаевтың да

құлағына бұл іс жетеді. Аналар сөз қозғай қоймаған соң, бұл оны

сезбеген болып та жүрген кезі екен. Бір күндері әңгіме жарияға ауыса

бастайды. Аудандық партия комитетінің хатшысы Бедеубаев Ханза

Көпжасармен қатар дос-жарандығы бар кісі екен.

-Ай,сен анау қарауыңдағылардың әдепсіз ісін біліп жүрсің бе?-

дегенге келеді.

Енді істі қарамаса, Әбүйірсіздікке апаратынына көзі жетіп,

Көпжасар әр қайсысын жеке шақырып, істі анықтайды. Жазбаша

анықтама да алады. Ең соңында бұл істі Жақыпқа да айтуға тура

келеді.Бюро мүшелерімен ақылдаса келіп: - Не істейміз? - дегенге

бюроға салуға үйғарады. Іс насырға шабатын болды. Көпжасар бұл

жайды ауданның хатшысына айтқанда, колхозға лайық басшы болатын

кім барға келеді. Келісе отырып, Колхозды Жақып басқара аладыға

келеді. Партия жиналысында қаралып, Оспан мен Жақыптың әйелі

партиядан шығарылады. Бірақ сотқа берілмейді. Оспан әйелімен

ажырасады, бала әйелде, үй де әйелге қалады. Жақыптың да әйелі

ажырасады, қыздары әкесінде қалады. Үй-жай да Жақыпта қалады. Екі

бетсіз ,,махаббат” иелері ұзамай-ақ жұптасады. Күндер өтіп жатады.

Колхозға жалпы жиналыста бастық болып Жақып дайындалады.

Бір күндері келіп, бұрынғы Оспанның әйелі Жақыпқа келіп:

-Қане Жақып, анау екеуі өз «Махаббаттарын» тапты ғой! Біз не

істейміз? Әңгімені қой, сен менен тәуір әйел таба алмайсың. Екеуміз де

қосылайық-дегенді айтады. Сонымен бұлар да қосылады.

Бір күндері ішіп-жеп қалған Оспанның үйінде көже қатық болмайды.

Ұятсыз бұрынғы Жақыптың әйелі Жақыпқа келіп жағдайын айтып,

изолятор малдан ақшасына мал алады. Жақып ешқандай кедергісіз

адамгершілік жасайды. Осылайша бір ауылда өмір өтіп жатады. Ер

кісілердің арасында қастандық пікір деген болмайды. Баяғы аудандық

партия ком-ң хатшысы отарыста: Анау қатындарын ауыстырған

азаматтар ма?- дейді.

Оспанның жұмыссыз екенін айтып, I хатшы арқылы ондатр

шаруашылығының бастығына тапсыртады: хатшы ондатр

шаруашылығының бастығына: Мына Көпжасар саған бірдеңе айтады,

сен соны орында-дегенде, ол: - мақұл дейді.

Сөйткен Жақыптың соңғы әйелі қосылғаннан соң, бірнеше балалы

болады. Жақыптың бұрынғы әйелі болса, Оспаннан түк те тумапты.

Үлкендері дүниеден өтіп кетіпті. Оспан ізсіз қалса, Жақып үрім-бұтақты,

елге қадірменді жанұяға ие екен. Алла өз лайығын жасапты.