Выбрать главу

Когда всевышний решил

Сотворить женщину

Из ребра мужчины,

Не долго калебался

Насчёт того,

Какой ей

Дать Характер

В это время к Богу

Приползла Змея

И попросила

Изменить её

Природное назначение.

Всевышний ей ответил:

«Нет, ты будешь

И вперёд продолжать

Ползать на брюхе.

Но в данный момент

Я в размышлении

Над созданием

Нового, многоликого

И непредсказуемого существа.

Мне, пожалуй, понадобятся

Особенности твоего нрава...»

И Бог, собрав,

В одном сосуде

Лучи горящего солнца,

Свежесть родника,

Красоту и нежность цветка,

Щедрость осени,

Влюбчивость мотылька,

Верность лебедя,

Изменчивость хамелеона,

Непостоянство ветра

Плаксивость облака,

Покорность коровы,

Упрямость осла,

Болтливость сороки,

И хитрость лисы,

Добавил туда

Ещё самую малость –

Ярость, коварство

И злопамятность змеи.

199

Усердно и тщательно перемешав

Все собранные своиства,

Всевышний и сотворил

Прекраснейшую женщину.

И торжественно передавая

Это творение

В руки мужчине,

Бог посоветовал ему:

«Будь благоразумен

И крайне осторожен –

В ней твоё счастье

И неизмеримая печаль,

В ней опора

И в ней же

Твоё разрушение.

Если ты не сумеешь

Управлять своей женщиной,

То в её действиях

Непременно возьмут верх

Отрицательные черты.

И ещё запомни:

Мужское преимущество –

Всегда в его силе

И в помыслах властвования.

Их потеря –

Твоё окончательное порожение

Перед женщиной!»

И я до сих пор

По отношению к женщинам

Придерживаюсь

Этих правил.

Көңілде пайда болған сұрақ:

Осы автордың өз жары Ақеркедей ме екен? Ал, осы сұрақты қойып

отырған өзімдікі ше?

Мен ол туралы айтқан сияқтымын: «Жіберіп алған қателігім» деген

тақырыпты қараңыз. Ол – баларымның анасы. Кемшілігі – күндердің

күнінде тұйыққа тірелгенде, ақыл – кеңес қоса алмайтындығы. Оған

себеп – оқымағандығы, басты себеп - өз қатесін мойындамаушылық.

Ондай жан еш уақытта да...

Дүние жүзінде белгілі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың алғашқы әйелі

Абайдың Мағауиясының қызы Кәмилә еді. Тарихи жағдайларға

байланысты ма, Мұхтар Александр Фадеевтің балдызы Валентинаға

үйленеді. Бұл – екінші әйелі. Бір естелігімде Мұхтар Кәмиләнің

наласына қалдым ба дегені де бар – ды. Кәмиләні өте жақсы көретін

200

айтқанымда. Сол Мұхтар Москвада операция үстінде қайтыс болып,

Алматыға алып келгенде, туыстары Мұхтардың денесін өз үйінін

есігінің алдына қоюды айтады. Мұхтар сол өзі тұрған үйін

салдырғанда, келешек музей бола ме дегені бар екен. Осыны

Валентина айтқанда: «Что вы говорите, я ночью боюсь выходить» -

депті ғой. Ақыры сол үй музей де болды. Директоры Валентинадан

туған Ләйлә болды; Ләйлә Дінмұхамед Қонаевтің келіні еді, Асқар

Қанаевтің әйелі. Мұхтармен қоштасарда Абай атындағы опера

театорында табыт басында Валентина мен Мұхтардың үшінші әйелі

Фатима(Ілияс Жансүгіровтың әйелі) қатар отырғанын көзім көрді.

31/XII – 2001. 06 08

8/XII – 2001. 03 сағ. 58 мин. Шымкент қаласы.

Мухаммед – ақылды,

Мишель Нострадамус – данышпан

Мұхаммед пайғамбарымыз да, әйгілі көрінкел Мишель

Нострадамустың өзі де көздері жұмылып кеткенде, кенеттен ой сап

ете қалса керек. Сол келген ойларын біріншісі ояу кезінде

жанындағыларға түгін қалдырмай айтады екен. Жанындағылар да

құйма құлақ жандар ұмытпай, жадында сақтайды екен. Мұхаммед

пайғамбарымыз дүниеден өткен соң, сол айтылғандардың негізігде

«Құран Кәрім» құрастырылғандығын оқығаным бар еді(Құранның

жазылу тарихынан).

Сол сияқты Мишель Нострадамус та ойында қалғандарын өз

қолымен қағаз бетіне(өлең түрінде,әрине, жұмбақтап жазылған)

түсіргендігін «Мишель Нострадамус» кітабынан оқып едім.

Нострадамус болашақты данышпандықпен болжағандай

болса, олары іске асуда. Маған да бір әдет пайда болып, түн

мезгілінде ұйқым ашылып кетіп, көзімді жұмсам, түрлі ой көз

алдымды шарлайтынға айналғаныма біраз уақыт болды. Сол кезде

сол ойымды жазып тастасам жаздым, жазбасам ертеңіне айрылып

қаламын. Сол әдет тағы келді. Мен қазір Шымкент облысының

кардио орталық ауруханасының реанимация бөлмесінде жатырмын.

Бұл жерге келемін деген үш ұйқтасам, түсіме де енбес еді. 28 – 29 –

30/XII – 2001 күндері денсаулығым болмай, әр күнде денемнің

қысылғандығы(приступ) болды. Соны анықтауға орталық

диагностикалық жайға келсем, жүрек ауруы деп тауып, маған

«Крупноочаговый инфаркт миокарда задней стенки, острая стадия»

деп диагноз қойып, бет қаратпай осы жерге алып келіп жатқызғанына

төртінші күн болды.

Әшейінде мың қиял адам, енді ойламағанда қайда

оймақшысың болды – ау. Ұйқы келмей, тағы да әдетке бастым. Бірақ

мен ақылды да емеспін, данышпан да емеспін. Оған, оқушым,

201

сіздерден кешірім сұраймын. «Бастан кешкен, көз көрген» деп

аталатын жинақ төрт бөлімді еді. Мынау соған жалғас бірдеңе болар.

Мен болсам, асқазаным екен ғой деп ойлағанмын.

Бұған дұшар болғандығымды осы биылғы жаз бойы

ауырғандығым, жанұяда болған жағдайлардың жиынтығынан ғой деп

қорыттым.

Өмірге келгенің анық болса, одан өту де айдай анық. Бұл -

өмірдің заңы. Оған реніш те, уайым да жоқ. Тек сол өмірмен

қиналмай қоштасқанды дұрыс деп санаймын.

Бұл жерде Ұлы Отан соғысына қатысқандарды тегін емдейді

деп еді. Алғашқы күндері солай басталды. «Айдың аяғы, жылдың

аяғы, қаржы таусылды» деген менің ақылыма сыймайтын

сылтауларды айтып, қымбат дәрілер бізге жоқ, өзің сатып аласыңға

шықты. Мына ой содан келіп туып отыр. Сөз бөлек, іс бөлек.

Адамдар да түрлі әдіс-айлаға көшкен. 7/XII- күні; 1 укол 2 таблетке

(кешкілік) 900 теңгеге жақынға түсті. Бұлайша емделуге менің

жағдайым көтермейтіндігін медбикелерге айттым. Одан дәрігерлер

де хабардар болды. Не керек, батып айта алмайды, әйтеуір, уақыт

өткізуге басқанын сезудемін. Бұлар өздерінен бір саты жоғарғыларға

айта алмайды ол түсінікті.Бірақ бір тәуір жері мен келіп түскеннен

бері еш приступ жоқ, жағдайым жақсы.Ендігі мақсат бір жолғы

емделу мерзімін аяқтау ғана болып тұр. Диагнозымды білген

балаларым қатты үрейленуде, оларға жағдайымның жақсы екенін

хабарладым,әбіржімеңдер дедім.

Бұлармен айтысып, заңды жасап қоюдың да нәтиже

шығармайтындығын білемін.Қазіргі кез айнала ауызжаласқан,

шындық жоғалған, сөз бөлек те, іс бөлек кез.Ішіме сыймағанды қағаз

бетіне түсірдім ғой.Енді жарылып кетпесіпін, ұйқы келер деп, мына

үзіндіні эпилог ретінде ұсынып отырмын:

“Жазыла, жазыла тәуіптерге ұят болды ғой, енді өлмесем

болмас” – депті ғой бір науқастанған адам.

8/XII – 2001. 04 сағат, 23

минут

Қадірді асыру ма, әлде қашыру ма ?!

“Бойжеткендердің ойы да жетсін десек ...”

Осы “Қадір деген бір сөз бар. Сол сөз арасында болатын

сыйластыққа, құрбы қатарлардың бір- бірімен қарым-қатынастарына

байланысты жағымды құбылыс, іс - әректке айтылса керек. Сонымен

қатар, әсіресе, үлкен мен кішінің бірін – бірі түсіне білуіне айтылса

керек. «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына

ренжимін» депті. Сонда бұл қандай жағдайда жағымды мәнді

ұғымын сақтайды деген сауал туады.

202

Қартайғанда ер кісі үйден ұзап шықпай, от басында ретсіз

нәрсеге араласып, сөйлей берсе, қадірін алдырып алады деген де

бар. Сондықтан ер адам уақтысының мол бөлігін түзде(далада)

өткізгені дұрыс сияқты.

- Ал, әйел адам ше?

- Әйел адам Отанның ұйтқысы, үйден ұзамауы керек. Үйден

шығу деген ол үйдің есігі жабулы деген болады.

- Келіні бар, кейуана болған әйел ше?

- Егер кейуана әйел үйінде отырмай, басқа үйге кете берсе,

қыдырымпаз деген атқа ие болып шыға келеді.

Ал, басқа Отан құрған балаларына барып тұрса, ол бір басқа.

Сонда да сол кейуананың тұрақты тұрған үйі бар. Басқа

баласына бара тұра, сол өзі тұратын отанына қайтып оралғысы

келеді де тұрады екен. Бұны өмір тәжірибесінен жасай – жасай

көрдік те. Ал, қайтып оралғысы келмей, жайлы жерінде жүре

берсе, кейуананың отаны саналатын үйдегі келінге сын, яғни

келіні оны сыйыстырмағаны, не күтпейтіні болып шыға келеді.

- Енді отандағы келіннің кеткен жағынан тез оралмауы қалай

бағаланады?

- Егер де ол келіннің қарауында ата – енесі болса, біле білсе,

сол ата – ене соның әке – шешесі, қартайғандай болса,

тіпті, тілі шыққан, екі аяқты емес, үш аяқты сәбиі;

еңбектеуден өткен, шыққан тістері түсіп таусылған, көру,

есіту қабілеттері де нашарлаған, ерекше күтуді керек

ететін, түсінсе – мүсәпірі, түсінбесе – алжыған албастысы.

- Ол сондай қарты бола тұра неге ұзап кетеді?

- Е, оның туған әке – шешесі бар емес пе еді? Соны сағынды,

соған кетті.

- Сонда ол сол жақта жатып алуы керек пе екен?!

- Ол сол келіннің парасаттылығына байланысты.

- Ол келіннің отаны қай отан болғаны? Келін болып түскен

отанды ол отаным деп санай ма?

- Соны түсінуге де парасаттылық керек сияқты.

- Сіз қалай түсінесіз? Осы ұзатылған қыз төркініне келгенде, сол

үйдің өз адамы ма, әлде қонағы ма?

- Әрине, қонағы. Қыз жат жұрттық емес пе еді. Барған жері өз

отаны.

- Сонда ол қандай қонаққа жатады?

- Оны толық білгіңіз келсе, «Бауыржан Шоу - дың» концертін

көріңіз. Түсінсеңіз, қайсысына жататыныңызды табасыз.

- Осы көптен көрінбей кетсе, анда – санда бір ұшырасса,

қадірменді болады демей ме?

- Оның жолы бір бөтен. Ондайлардың қадірлерінің тез өңін

жоғалтып алатындары да болып жатады.Ондайдан Алла

сақтасын!

203

- Отанның иесі әйел деп айттық қой. Сол әйел қадірімді

арттырайын деп, есіктің жанды қара құлыптарын

қалдырып, зарықтырып кеткен ше? Ол да қадірін

арттырғанға жата ма?

- Таяз ойлағанға жатса жатар да – ай!Соны кешіктіріп жатқандар

да ақылы терең жандар болмағандығы болар.

- Қашқан қадір қайткенде орнына келеді?

- Қателігін мойындаса, кешірім сұрай білсе. Ақырында, сол

қателікті қайтып қайталамағанда ғана орнына келсе керек.

- Қазақта «Балам жаман болса, бола берсін, келінім жақсы

болсын» деген сөзді неге айтқан?

- Айтқан жоқпыз ба, отанның иесі - әйел. Сол әйел сол үйдің

егесі, жұмысшысы, тамақтандырушысы; орысшалап айтсақ

– «мамулясы». Ол әйелдің жоқ болуы деген –

қалғандарының бәрі тірі жетімдікке енген деген. Сол әйел –

сол үйдің әрі күңі, әрі ұлығы. Сондықтан да қазақ келінім

жақсы болсын деп, Алладан тұрса да, жатса да тілеген

емес пе!

- Онда маңдайыңа жазғанын көресің де «жазмыштан озмыш

жоқ» депті ғой.

Қазақтың Найман тобында «Әлпеш ана» деген келін болған. Сол

Әлпеш

ақылдығымен Найман руының жойылып кетпеуіне себеп болған.

Әйелді аты жоқ, жөні жоқ ақылы кем дейтін бар. Ол – дұрыс емес.

Ақылмен жеңгенге не жетсін! Бір беттілікпен жеңу – жеңіс емес.

Сондықтан да «өзің білме, білгеннің тілін алма, қарғыстың ең

жаманы сол болар» депті ғой. 5/04 – 2002. 09 25

Іс бар жерде қателік ұшырасып отырады. Іс болмаса, қате де

болмас

еді. Енді сол кеткен қатені мойындау да бар, мойындамау да бар.

Кімде – кім қатесін мойындамайды екен, демек, ол оны

жоймайды деген сөз, өзінікін дұрыс көру болып шығады. Бұл –

бірбеттілік.

Ал, қатесін мойындаған адам – қатесін жоюға бет бұрады деген

сөз.

Қателесіп кетеді екенмін деп, жұмыс жасамай отыруды

ақылдылыққа санауға болмайды. Сондықтан іс - әрекет, жұмыс

керек. Ол - өмірдің талабы. Солай бола тұра, жан –

жағыңдағылармен санасып, ақылдасып, кеңесіп отыру –

адамгершілік қасиетің. Білсең – үйрет, білмесең – үйрен.

Түсіне білсең, осы жарық дүниедегі өміріңде пейішіңді де,

тозағыңды да жасайтын өзіңсің. Дұрыс сүрген өмірің – пейішіңнің

қалануы да, теріс істеген ісің – тозағыңның қалануы.

Ақыл – есің дұрыс болса, ойлан, өзіңе өзің есеп бере біл,

тоқтамға кел.

204

Егер олай болмай, бір күндік өмірім артық деп, ертеңгісінің

керегін жоққа салсаң, санасуды білмегенің болып шығады. «Атаңа не

істесең, алдыңа сол келеді» деген де сөз бар. Тірі болғансып,

күндердің күнінде есейген соң, осындай тағдыр басына келгеннің

айтқаны болар. 6/4 – 2002.

Осы біз 59 – жыл бірге тұрып келеміз. Алтын тойымызды да

өткіздік. «Гауһар» тойымызды (60 жылдық) шаңырақ иесі саналатын

кішкенеміздің отанында (өмір болып жатса) неге өткізбеске. Әдетте,

ата-ана қай баланың. өздігінше шаңырағын игеріп кетуіне

қарайласады емес пе. Бұл бала енді өзіне-өзі келді ғой деймін.

Бұлар ержетсін десек, солай жасайық. Біз отырғанда бұлар

үлкеймейді, бізге сене береді, сәби болады да тұрады. «Есейіп

кетсем де, мен саған сәбимін өлеңі соған айтылған.

16/II – 2005

Болған ақиқаттың растығы мен жерге оралып

қосылу немесе «БАР мен ЖОҚ»

Ешкім де күмән келтірмейтін бір жәйт бар. Оған ешкімнің де

таласы жоқ және ол солай болып жатыр. Мәңгілік болып жаралған

ешнәрсе де жоқ, барлығы да қозғалыста, өзгерісте екенін ғалымдар

да дәлелдеген; ғалымсыз – ақ ақылыңызға салсаңыз, оған көзіңіз

жетеді.

Сонда ол не дейсіз ғой. Бұл табиғаттағы барлық заттар десең

де болады. Сол заттың бір бөлігі-адамзат.

Адамзат дүниеге келуі ақиқат болса, дүниеден өтуі де, яғни

жерге оралып қосылуы да ақиқат. Енді түсінген боларсыз: « БАР мен

ЖОҚ-тың» қысқартылып алынып отырған сөз екендігін.

Бірақ сол заттар ең соңғы кезеңіне дейін қандай өзгерістерге

келді дейміз бе, не тындырды дейміз бе, мәселе сонда тұр. Сол

мерзімде пайдалы әрекеттер жасады ма , әлде ешнәрсе де

тындырмай, босқа келіп, өз - өзінен ізсіз өтті ме?! Мұндай құбылыс

барлық заттарда болатыны ақиқат: «Уран» деген элемент

ескерілмесе жер қойнауында жата берсе,ең соныңда қорғасынға

айналады екен, ал қуаты әлі бар уранның бөлшегін тек қана

қорғасын ішінде сақтайды екен, басқа затпен оны орап сақтауға

келмейді екен.

Ал, сен адамсың ғой, ойлашы, не тындырып бара жатырсың?

Адамдардың ішінде жалтақтап, бас сауғалаушысы да бар, бас

сауғалауды білмей, керексінбей, ақиқатты ашушылары да бар.

8/IV – 2002. 22:47

Әке мен баланың әңгімесі

- Әке, сіз де бала болдыңыз ба?

- Иә, балам, мен де бала болдым ғой.

205

- Сонда сіздің де әкеңіз болған ба?