Выбрать главу

- Ал, әйел адам ше?

- Әйел адам Отанның ұйтқысы, үйден ұзамауы керек. Үйден

шығу деген ол үйдің есігі жабулы деген болады.

- Келіні бар, кейуана болған әйел ше?

- Егер кейуана әйел үйінде отырмай, басқа үйге кете берсе,

қыдырымпаз деген атқа ие болып шыға келеді.

Ал, басқа Отан құрған балаларына барып тұрса, ол бір басқа.

Сонда да сол кейуананың тұрақты тұрған үйі бар. Басқа

баласына бара тұра, сол өзі тұратын отанына қайтып оралғысы

келеді де тұрады екен. Бұны өмір тәжірибесінен жасай – жасай

көрдік те. Ал, қайтып оралғысы келмей, жайлы жерінде жүре

берсе, кейуананың отаны саналатын үйдегі келінге сын, яғни

келіні оны сыйыстырмағаны, не күтпейтіні болып шыға келеді.

- Енді отандағы келіннің кеткен жағынан тез оралмауы қалай

бағаланады?

- Егер де ол келіннің қарауында ата – енесі болса, біле білсе,

сол ата – ене соның әке – шешесі, қартайғандай болса,

тіпті, тілі шыққан, екі аяқты емес, үш аяқты сәбиі;

еңбектеуден өткен, шыққан тістері түсіп таусылған, көру,

есіту қабілеттері де нашарлаған, ерекше күтуді керек

ететін, түсінсе – мүсәпірі, түсінбесе – алжыған албастысы.

- Ол сондай қарты бола тұра неге ұзап кетеді?

- Е, оның туған әке – шешесі бар емес пе еді? Соны сағынды,

соған кетті.

- Сонда ол сол жақта жатып алуы керек пе екен?!

- Ол сол келіннің парасаттылығына байланысты.

- Ол келіннің отаны қай отан болғаны? Келін болып түскен

отанды ол отаным деп санай ма?

- Соны түсінуге де парасаттылық керек сияқты.

- Сіз қалай түсінесіз? Осы ұзатылған қыз төркініне келгенде, сол

үйдің өз адамы ма, әлде қонағы ма?

- Әрине, қонағы. Қыз жат жұрттық емес пе еді. Барған жері өз

отаны.

- Сонда ол қандай қонаққа жатады?

- Оны толық білгіңіз келсе, «Бауыржан Шоу - дың» концертін

көріңіз. Түсінсеңіз, қайсысына жататыныңызды табасыз.

- Осы көптен көрінбей кетсе, анда – санда бір ұшырасса,

қадірменді болады демей ме?

- Оның жолы бір бөтен. Ондайлардың қадірлерінің тез өңін

жоғалтып алатындары да болып жатады.Ондайдан Алла

сақтасын!

203

- Отанның иесі әйел деп айттық қой. Сол әйел қадірімді

арттырайын деп, есіктің жанды қара құлыптарын

қалдырып, зарықтырып кеткен ше? Ол да қадірін

арттырғанға жата ма?

- Таяз ойлағанға жатса жатар да – ай!Соны кешіктіріп жатқандар

да ақылы терең жандар болмағандығы болар.

- Қашқан қадір қайткенде орнына келеді?

- Қателігін мойындаса, кешірім сұрай білсе. Ақырында, сол

қателікті қайтып қайталамағанда ғана орнына келсе керек.

- Қазақта «Балам жаман болса, бола берсін, келінім жақсы

болсын» деген сөзді неге айтқан?

- Айтқан жоқпыз ба, отанның иесі - әйел. Сол әйел сол үйдің

егесі, жұмысшысы, тамақтандырушысы; орысшалап айтсақ

– «мамулясы». Ол әйелдің жоқ болуы деген –

қалғандарының бәрі тірі жетімдікке енген деген. Сол әйел –

сол үйдің әрі күңі, әрі ұлығы. Сондықтан да қазақ келінім

жақсы болсын деп, Алладан тұрса да, жатса да тілеген

емес пе!

- Онда маңдайыңа жазғанын көресің де «жазмыштан озмыш

жоқ» депті ғой.

Қазақтың Найман тобында «Әлпеш ана» деген келін болған. Сол

Әлпеш

ақылдығымен Найман руының жойылып кетпеуіне себеп болған.

Әйелді аты жоқ, жөні жоқ ақылы кем дейтін бар. Ол – дұрыс емес.

Ақылмен жеңгенге не жетсін! Бір беттілікпен жеңу – жеңіс емес.

Сондықтан да «өзің білме, білгеннің тілін алма, қарғыстың ең

жаманы сол болар» депті ғой. 5/04 – 2002. 09 25

Іс бар жерде қателік ұшырасып отырады. Іс болмаса, қате де

болмас

еді. Енді сол кеткен қатені мойындау да бар, мойындамау да бар.

Кімде – кім қатесін мойындамайды екен, демек, ол оны

жоймайды деген сөз, өзінікін дұрыс көру болып шығады. Бұл –

бірбеттілік.

Ал, қатесін мойындаған адам – қатесін жоюға бет бұрады деген

сөз.

Қателесіп кетеді екенмін деп, жұмыс жасамай отыруды

ақылдылыққа санауға болмайды. Сондықтан іс - әрекет, жұмыс

керек. Ол - өмірдің талабы. Солай бола тұра, жан –

жағыңдағылармен санасып, ақылдасып, кеңесіп отыру –

адамгершілік қасиетің. Білсең – үйрет, білмесең – үйрен.

Түсіне білсең, осы жарық дүниедегі өміріңде пейішіңді де,

тозағыңды да жасайтын өзіңсің. Дұрыс сүрген өмірің – пейішіңнің

қалануы да, теріс істеген ісің – тозағыңның қалануы.

Ақыл – есің дұрыс болса, ойлан, өзіңе өзің есеп бере біл,

тоқтамға кел.

204

Егер олай болмай, бір күндік өмірім артық деп, ертеңгісінің

керегін жоққа салсаң, санасуды білмегенің болып шығады. «Атаңа не

істесең, алдыңа сол келеді» деген де сөз бар. Тірі болғансып,

күндердің күнінде есейген соң, осындай тағдыр басына келгеннің

айтқаны болар. 6/4 – 2002.

Осы біз 59 – жыл бірге тұрып келеміз. Алтын тойымызды да

өткіздік. «Гауһар» тойымызды (60 жылдық) шаңырақ иесі саналатын

кішкенеміздің отанында (өмір болып жатса) неге өткізбеске. Әдетте,

ата-ана қай баланың. өздігінше шаңырағын игеріп кетуіне

қарайласады емес пе. Бұл бала енді өзіне-өзі келді ғой деймін.

Бұлар ержетсін десек, солай жасайық. Біз отырғанда бұлар

үлкеймейді, бізге сене береді, сәби болады да тұрады. «Есейіп

кетсем де, мен саған сәбимін өлеңі соған айтылған.

16/II – 2005

Болған ақиқаттың растығы мен жерге оралып

қосылу немесе «БАР мен ЖОҚ»

Ешкім де күмән келтірмейтін бір жәйт бар. Оған ешкімнің де

таласы жоқ және ол солай болып жатыр. Мәңгілік болып жаралған

ешнәрсе де жоқ, барлығы да қозғалыста, өзгерісте екенін ғалымдар

да дәлелдеген; ғалымсыз – ақ ақылыңызға салсаңыз, оған көзіңіз

жетеді.

Сонда ол не дейсіз ғой. Бұл табиғаттағы барлық заттар десең

де болады. Сол заттың бір бөлігі-адамзат.

Адамзат дүниеге келуі ақиқат болса, дүниеден өтуі де, яғни

жерге оралып қосылуы да ақиқат. Енді түсінген боларсыз: « БАР мен

ЖОҚ-тың» қысқартылып алынып отырған сөз екендігін.

Бірақ сол заттар ең соңғы кезеңіне дейін қандай өзгерістерге

келді дейміз бе, не тындырды дейміз бе, мәселе сонда тұр. Сол

мерзімде пайдалы әрекеттер жасады ма , әлде ешнәрсе де

тындырмай, босқа келіп, өз - өзінен ізсіз өтті ме?! Мұндай құбылыс

барлық заттарда болатыны ақиқат: «Уран» деген элемент

ескерілмесе жер қойнауында жата берсе,ең соныңда қорғасынға

айналады екен, ал қуаты әлі бар уранның бөлшегін тек қана

қорғасын ішінде сақтайды екен, басқа затпен оны орап сақтауға

келмейді екен.

Ал, сен адамсың ғой, ойлашы, не тындырып бара жатырсың?

Адамдардың ішінде жалтақтап, бас сауғалаушысы да бар, бас

сауғалауды білмей, керексінбей, ақиқатты ашушылары да бар.

8/IV – 2002. 22:47

Әке мен баланың әңгімесі

- Әке, сіз де бала болдыңыз ба?

- Иә, балам, мен де бала болдым ғой.

205

- Сонда сіздің де әкеңіз болған ба?

- Иә, болған, бірақ ол мен кішкентай кезімде дүниеден озып

кетті.

- Озғаны қалай, түсінбедім ғой, әке?

- Е-е, озған деген жан-жағына қарамай, әдеттегіден де

қаттырақ жүріп, ешнәрсеге қайрылып қарауға шамасы келмей

кеткенді айтады.

- Ол соншама неге асыққан әке?

- Е-е, балам, түсінбей отырсың ғой, -түсіндірейін. Біреу ерте,

біреу кеш бұл жарық дүниеден есебін тауып, түрлі себептермен демі

таусылып, қайтыс болғанды айтады.

- Онда сіз неше жаста едіңіз?

- Ол кезде мен 6-7 жас шамасында ғана болатынмын, балам.

- Сіз қалай күн көрдіңіз, сізге кім қарады?

- Анам ол кезде тірі еді. Менің анам саған әже болып келеді,

балам.

- Ол қайда, мен көрмедім ғой?

- Ол да менің 12-13 жасымда бұл дүниеден өтіп кетті.

- Сонда сіз қайда қалғансыз? Осылай да бола ма екен?! Сізді

кім оқытты? Киім-кешек, тамақ дегенді қайдан алдыңыз?