Выбрать главу

- Оның бәрін айтып жатсам, ұзақ әңгіме. Бір сөзбен айтқанда,

бір Алла өзі жаратқан соң, ырызғысын тауын береді екен ғой:

балалар үйі деген болады. Онда жетім балаларды жиын, асырайды,

оқытады. Олар өскен соң, өз тірліктерін жасайды.

- Әке, әжемнің сізден басқа балалары болмаған ба?

- Болған, менен үлкен қызы да, ұлы да болған. Менен кішілері

де болған.

- Олар қазір қайда?

- Е, балам, олар да ертеректе қиыншылық заманда қайтыс

болып кеткен.

- Ол қандай қиыншылық заман?

- Дәл қазір сен өмір сүріп отырғандай емес. Қазақ деген

халықты қолында бағынышты етіп ұстау үшін, түрлі саясаттар

қолданған. Ашаршылыққа ұшыратқан. Айыпсыз-ақ жалған жаламен

түрмеге жапқан. Тіпті өлім жазасын да қолданған. Есейе келе сен

оны қазақ халқының тарихынан оқисың.

- Әке, сіз мына теледидардағылардай соғысқа қатыстыңыз ба?

- Иә, қатыстым.

- Соғыс деген қызық па? Онда атуға оқты көп қылып бере ме?

- Ой, балам! Соғысы құрысын! Оның несі қызық болсын. Онда

адамдар өліп те, жарадар болып та жатады. Кино деген сендерге

қызық сияқты көрінеді ғой. Оның несі қызық, кешегі көрген киноң

ауғанстанда болып жатқан жағдай ғой. Қызық болса, ондағылар

нағып босып жүр, жылап – еңіреп жүр дейсің.

- Әке, олар неге соғысады? Не жетіспейді?

206

- Е, балам, бұл сұрағың дұрыс. Соғыс жай еңбекші халыққа

түкке керегі жоқ. Әр ел ішінде ірі байлар бар. Соларға өз байлықтары

аздай, екінші бір елді жаулап алғысы келеді. Бақталастық деген

болады. Отан деген сөзді ту етіп ұстап, елдегі жай халықты

отаныңды қорғау міндетің деп айдап салады. Елді, халықты билеп

отырған сондай байларға ғана соғыс керек. Соғысқа өздері

араласпайды, кірмейді, тек айдап салады. Мемлекеттерінде

шығарып қойған заңдары бар. Ол заңды орындамасаң, онда сен

айыптысың, жазғырады.

- Әке, сіздің неше балаңыз бар? Осы біз нешеуміз?

- Е-е. Сендердің сандарың бар ғой. Сен менің баламның

баласысың. Менің немеремсің. Сен де менің баламсың. Әке деп

отырғаның дұрыс, балам. Мен саған ата болып келемін. Сенің әкең

менің балам ғой. Ол да сен сияқты кішкентай бала болған. Бірден

үлкен болып шыға келген емес. Сен кеше әжеңнің мәмесін аузыңа

салып, еміп жатыр едің ғой. Сонда сүт бар ма екен?

- Жоқ, сүті жоқ. Өзі ғой баурына қысып, мәмесін аузыма салып

жіберген.

- Әйтпесе, сол мәмені сенің әкең емген. Ол кезде оның сүті көп

еді. Қарашы, мамаңның мәмесінен әжеңнің мәмесі үкен емес пе?

Сен әлі бөтелке мен соскаңды тастамай жүрсің. Сенің әкең сен

сияқтанып соска емген емес. Олай болса, бүгіннен бастап оны таста,

ембе, ұят екен – ау!

- Әке, сіз маған ұрысқандай папама да ұрсушы ма едіңіз? Ол

айтқаныңызды істеуші ме еді?

- Е, ұрыспақ түгіл ұрып та алатынмын. Ол ешкімге шағым да

айта алмайтын. Сендер болсаңдар тыңдамайсыңдар,

шағымданасыңдар. Әке – шешеңе барып айтып, бізді жек көрінішті

етесіңдер. Ойлаңдаршы, соларың дұрыс па екен? Бізге ұрсатын,

ақыл айтатын, әсіресе өзіме, әке – шешем болған жоқ. Мен

сендердің бұзықтық істеріңді жасауға шамам да келген жоқ. Менің

қорғаушым болмады. Ал сендер болсаңдар кей жағдайда атаңа,

көпшілігінде әжеңе қарсы сөйлейсіңдер, сыйламайсыңдар. Біз оған

қаймығып қаламыз, ренжиміз. Ойлаңдаршы, ата, әженің керегі жоқ

па? Сендерден де басқа біздің ата, әжені керек етіп отырған

балаларымыз бар. Соған – ақ барайық.

- Кешіріңіз, ата! Әке – шеше, ата - әже деген қандай болу керек.

Олардың міндеті не? Ал оның балаларының міндеті ше?

- Дұрыс, балам, әңгіменің анығына енді көшейік. Сен тыңда,

мен айтайын. Сен әлі жассың. Ұғып, түсіне де бермессің. Дегенмен,

сұрап қалдың ғой, айтайын. Сен бұны бір ғана оқып қоймай, қайта –

қайта оқып, мәніне толық түсін, іске асыра біл.

Құлағы бар адам да, құлағы жоқ адам да болады, балам.

Құлағы бар адам ұғады, түсінеді, орындайды. Құлағы жоқ адам

айтқанды керексінбейді, ұқпайды. Оның өзі “ақылы”өзінен артып

жатады, өзінікін ғана дұрыстайды, көбіне бірбет келеді. Қатесін

207

ешқашан да мойындамайды. Сонымен, құлағы бары текті де, құлағы

жоғын тексіз десе де болады.

Әке деген жанұяның тірегі, яғни асыраушысы. Бала – шағасына

тамақ, киім тауып беруші, оны жетілдіруші, білім беруші, отан

құруына міндетті, ұядан ұшып шығып, жеке жанұя болуына

қамқоршы.

Ана болса, сол баланы дүниеге алып келуші – жүрегі. Сол

баланың ыстығына күйіп, суығына тоңушы, қызығына рақаттанып,

теріс қылығына өртенуші, баласы – бауыр еті. Сол бала үшін әке де,

шеше де одақтасып, дұрыс адам болуына жан аямай жұмыс

атқарушы құлы мен күңі, дәріптеп айтсақ, жаратушысы, Құдайы.

Бала болса, сол әке – шешенің өмірінің жалғасы, гүлі, дәні,

тұқымы. Бүкіл өмірінің қуанышы, рақаты. Қызын арына, ұлын нарына

балаған.

Дұрыс болып өскен ұлдың әкесі тынығатын болған, ажарлы

болып саналған. Бақытқа бөленген деп соны айтқан. Қызы өскен

жанұяның тағы бір жар тауып, жанұя құрып жатса, одан асқан бақыт

бола ма!

«Бала тілі – бал» дейміз. Қазақ баласын өзі өсірген жан –

жануарлардың төліне балап, құлыным, ботам, лағым, күшігім деп

еркелетсе, ашуы келгенде де осы сөздерді қолданып, жекіріп те

айтатын болған. Осындай жағдайда жаңағы шағынатыны бар бала

қорушысына арызданғанда, оған дұрыс бағыт бермей, лаулатып,

жандырып жіберіп жатса, табан астынан өрт пайда болып кетеді. Ол

ұласып, лаулап, бірдеңеге ұрынуы да мүмкін. Көбіне, екі жақтың бірі

шыдамдылыққа да барса, бықсып – бықсып, тұншығып тыйылуы да

мүмкін. Дегенмен, жүрек үнсіз жылап, тұншығып қалады. Көзден жас

шықпағанмен, жүрек жарақат алады. Ойлаңызшы, мынадан кейін:

- О, ит неме, неге барқылдайсың!

- Өзің сондайсың, - дегенде ит немесі.

Ит немесінің қорғаушысы: - Иттен ит туады да, - деп жібергенде

ше?

- Осыны есітіп отырған әже, ата кім болып шықты?

- Денесінде жаны бар құр сүлде, әрі де емес, бері де емес, бір

сілімтік болған жоқ па? «Бала жақсы болса – ажарың,

жаман болса – ажалың». Өлген деген осы болған жоқ па?!

« Жылатуына жылатты – ау! Жұбататын уақытты

жәбірленгендер күтуде. Оны біліп жатқан құлағы бар адам

табылса.

- « Жат жерде таяқ жеген еліне оралады. Елінде таяқ жеген

қайда барады?» - деп сұрапты ғой біреу. Елінде, демек, жанұяда.

Перзенттері бар болып жатса, екінші біреуіне барады да.

- Жоқ болып жатса ше?

- Асыраушысы жоқ, қайырымдылық үйіне барады да.

- Аллам ондайдан сақтасын.

208

- Әке, сіз бізге ұрысқанмен, көп ұзамай бетімізден де сүйіп

жатасыз. Біздер болсақ, ұрысқаныңызды ұмытып та кетеміз. Сіз неге

біз сияқтанып ұмытпайсыз?

Сондықтан да қазағым «Шығармаса да ұшпаққа, бала керек

құшпаққа» депті ғой. «Көңілдің құлпын тіл ашады» депті емес пе,

құлыптанып қалған көңілді қағаз бетіне түсіріп ашып отырмын.

5/V – 2002

- Е-е, балам, менің ренжігенімді естен шығаратындай іс жасап

жатқан адам табылса, мен де ұмытқан болар едім. Ұмыттырудың

орнына қабағы ашылмай, «Керегі саған сол» дегендей болып жүреді

ғой. Ақылына келіп, кешірім сұрап жатса, әкең неге жібімесін, балам.

- Әке, сізде ақыл көп пе?

- Айтқан ақылды қабылдайтынға табылады. Ал,

қабылдамайтынға айтар ақылым жоқ.

- Әке, мен де үлкейгенде ақылды боламын ба?

- Е, балам боласың. Тыңдайтын балаң болса, онда сен ақылды

боласың. Сені керексінбесе, барып тұрған ақымақ боласың, балам.

Сонда сен де қамығасың, қажисың.

«Сегіз Сыр-дан»:

«Жұлдыз», № 9, 2002 ж. III – 120- б.

... «Абай бұдан бір ғасыр бұрын «Жақсы менен жаманды

айырмадық» десе, осы проблема қазағымның алдында әлі тұр.