Жақсы менен жаманды айыру үшін таным, талғам, таңдау, талғау
сияқты философиялық категорияларды үңіле зерттеп, жете
меңгеруіміз керек».
... Философиялық іргетасы жоқ өнер - өнер емес. Керек десеңіз
философиялық іргетасы жоқ тіршілік – тіршілік емес.
... Ойшылдыққа ақыл жеткізеді, ақылдылыққа білім жеткізеді,
ақылдылық – табиғи нәрсе, білімсіз ақылдылар да болады. ... «Жан-
денесіз кұбылыс. Ол көзге көрінбейді, әрекеті ғана көрінеді».
... «Жанның жеке өзі жарты нәрсе. Жан тәнге барып
қосылғанда ғана «екі жарты – бір бүтін» болады.
... «Тәніңді тояттандыру – нәпсіңді қанағаттандыру да,
жаныңды қанағаттандыру-ойыңды, біліміңді, адамгершілігіңді,
көңіліңді қанағаттандыру, биіктету.
... «Тәннен жан биік тұрмақ керек. Бірақ жаннан да биік нәрсе
бар. Ол – адамның ары» (114 – б.) «Жаным арымның садағасы»
делінеді.
... «Нағыз ойшыл жан ішкі үн мен сыртқы үннің үндестік
табуына қол жеткізеді» ( сонда, 119 – б.)
... «Ақылсыз адам мұңды бола алмайды. Мұң – ақылдың
сыңары» (сонда, 120 - б.)
... «Төзімің таусылған кезде мұңды адам үнге тізгін береді»
(сонда, 120 – б.)
209
... «XXI ғасырға дүние ақыл дағдарысына тап болып келіп
отыр» (сонда, 120 – б.) Жаңа ғасырға жаңа идея, адамзат таңдай
қағарлықтай жаңалық ашып келген... Әлемді дүр сілкіндірер
даналығымен дараланған ешкім болған жоқ қой» (сонда, 120 – б.)
(Сегіз Сыр – 1) ой сыры, 2) жан сыры, 3) тән сыры, 4) мән
сыры, 5) сән сыры, 6) сын сыры, 7) үн сыры, 8) мұң сыры).
Авторы - Әубәкір Дастанұлы. Философиялық этюдтер.
«...Әлемді дүр сілкіндірер даналығымен дараланған ешкім
болған жоқ қой» дейміз (жоғарыда). Менің ойыма келіп отырғаны
Мұхтар Шахановтың соңғы кезде (Қырғыз елінде елшілікте жүргенде)
жазғандары әлемдегі алдыңғы қатарлы ойшылдарға ой салып, тиісті
бағасын алды ма деймін. Сол азамат қазір Стамбул да емделуде
жатыр. Ой – қиялға көп салынғанды мүжіп те тастайды. Алла бір өзі
жар болсын! Шыңғыс Айтматовты емдеген кісі емдеуге алыпты ғой.
15/II-2005
Нығмет Ғабдуллиннің
«Өмірдің бұралаң жолы» кітабынан
(392 – бет)
«Өзің ғашық болғанмен, сүйіктіңнің өзіңе деген дәл сондай
сезімін тұтата алмасаң, яғни, махаббатыңа оның махаббаты
ұштаспаса, ғашыққа тән бар қасиет-қылығыңмен сүйгеніңе өзіңді
сүйікті ете алмасаң, - онда махаббатыңның әлсіз болғаны, мұндай
махаббат – күйік».
Карл Маркс
«Сүю дегенің – сүйгеніңнің бар күйін онымен бірдей кешу»
Лев Толстой.
«Жақсы күйеу кез келсе – ата – енеге ұл болар, жаман күйеу
кез келсе – ата – енеге мұң болар»
Демокрит.
«Терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді.
Әулие деген сол болса керек» - Қ. Шәкәрім.
Екі түрлі мектеп бар. Бірі – жалпы білім беретін (онжылдық,
училище, университет т.б.) екіншісі - өмір; өмір мектебі.
Нағыз ұстаз, ұстаздың ұстазы деп осы екі бағыттағыны қатар,
әрі екеуін ұштастыра тереңдетілген білім беретін өз мектебін ұсына
алған ұстазды танысақ керек. Нығмет Ғабдуллин – сондай адам.
«Жамандықтың үстемдік алуы
үшін жақсы адамдардың
әрекетсіз отыруының өзі жеткілікті»
210
(Ағылшынның философы әрі
Саясатшысы Эдмунд Берг)
ЖАТЫС
- Бұл қай жатыс?!- Таңданатын ешнәрсе де жоқ; бойдан әл
кеткен соң, өзің қарттық жасқа келген соңғы жатыс та.
Қайратыңның кете бастағанын күн санап бақылаудасың:
жатудан да жалығып, орныңнан тұрып, бір әрекетке кірісесің – ау!
Бірақ тез – ақ шаршап қаласың; тынығып барып, тағы қимылға
көшесің, бәрібір нәтиже кем, не нәтиже жоқ. Өзіңше, ақыл – ой
парасатың әзірге бар сияқты. Соның өзі кей кезде бойыңнан
жоғалайын дегендей ме деп те қаласың: табанда ойыңнан адасасың,
ұмытасың. Айналаңда болып жатқан дүние тірліктеріне ырза
болмайсың. Мишель Нострдамустың болжамдарына еріксіз көнесің
де, оны данышпан санайсың: істелініп жатқан тіршіліктің идеясына
налисың.
Адамсың – ау, түптеп келгенде солардың ісінің адамгершілік
жағына ренжисің: бәсеке, жою, ату, опасыздық, тек қана өзім болу,
үстемдік жасау, баю, баю, баю. Сонда оны басқа халық ұнатып тұр
ма екен??? Онымен түк жұмысы жоқ. Сонда ол дүниеге адам болып
келіп, тарихқа қандай атын қалдырып бара жатыр екен десейші? Ол
өлмей, мәңгілік өмір сүріп жатса, сөз басқаша болар еді. Адам
баласының тарихында ақыры шындықтың көзі ашылады. Сонда ол
тарихта кім болып қалады екен?-Жауыз, тек қана жауыз! Тек баюды
ұран ету, адамгершілікті жиып қою деген саналының тірлігі болмаса
керек.
...Менің нағашым темір жол құрылысының инженері советтік дәуірде
Куба елінде маман есебінде үш(3) жыл болып келіп еді. Бұл ел
туралы сұрағанымда, ол елде ысырапқа жол жоқ, көшеде
маскүнемді көрмейсің. Ерлі-зайыптылар сот жолымен ажараспайды,
ұрыспай-ақ, өздері ажырасады: араларындағы баласы кімді қаласа,
сонда қалады. Дүниеге келген сәби мемлекет қарауында, мемлекет
оны толық қамқорлығына алған. Әдібұлыққа жеткен соң, өз қолы
өзіне жеткен соң, басқа адамдарша тіршілік жасайды. Тіпті, алғашқы
некеге тұру тойы да мемлекет есебінде. Кішкене ғана аралда
тұрады; ел басшысына да барлығы ырза, әділеттілік орнаған.
Сондықтан де ел басшысы қартайса да, халқы оны тағы сайлап,
ұстап отыр. «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген идея бұл
елде орнаған. Мысалы, шофер да тек қана баллонный кілті (ключ)
бар, жолда дөңгелек жарылса, ол ауыстыру үшін керек. Ал басқа бір
ақау шықса, кез келген машина жөндейтін орын оны ақысыз-ақ
қалпына келтіреді.
Осы елдегі осындай тәртіпті ұнатпайтындар да бар сияқты:
қатаң тәртіп, еркіндік жоқ деген сылтау тауып, сол елден өздерінің
211
жүгенсіздік жолымен ұшақ ұрлап (самолет), еркін ел деп тапқан елі
АҚШ-қа ұшыпты (12/XII-2003 соңғы хабарда). Оның жазасы 20 жыл
түрме, не ату көрінеді. Бұл жүгенсіздерге қандай бостандық керек
екен деген ойға келдім. Осыны жазуға да түрткі болған ой осы еді.
«Оңтүстік Қазақстанның» № 149-150 (17626) – 6.12.2003 ж. 7-
бетінде «Бай мемлекетті байлар құрады» деген тақырып бар екен.
Шымкенттің май өңдейтін (жанар-жағар май) зауытының бір жылғы
шығаратын өнімін бір адам алдын ала түгел сатып алыпты. Жанар-
жағар майдың қымбаттап бара жатқаны содан. Сол адам қайта
сатумен нарықты көтеруде делінген. Халық соны ұната ма?!
Мемлекеттің қадағалаушылары қайда, мемлекет басшысы қайда?
Қалай байысақ, солай баии бер осылай бола ма?! Мұның ақыры
қайда апарады? Көрінген жерде ойламаған жерден жарылып жатқан
бомбалар осындай ырза болмағандардың ісі емес пе?
Оқушым! Осыны не деп жазып отырсың? Қолыңнан келерің
жоқ, не былшылың деуің де мүмкін. Ауыспасаң да сол кезеңге келіп
те қалыпсың ғой дерсің. Солай ойласаң саған айтар дауым жоқ, ол-
сенің ойың, өз еркің.
Бірақ, менің ойым ішіңе шірітпе, айт деп отыр. Бүгінгі бір көк
экрандағы хабарда Ұлы Отан соғысына қатысқан қарт кісіні өлер
халдегі кемпірімен екеуін көп қабатты үйден (өзі тұрған үйі) сот
үкімімен зорлап, сыртқа шығарып жатыр. Кемпірі төсектен тұра да
алмайды. Бас жағын білмеймін, олардың балалары жоқ.
Қайырымдылық үйіне барыңдар дейді. Қарт кісі барғысы келмейді.
Бұл сонда не тірлік дерсің? Көп өмір сүріп, жұмысқа жарамсыз
болғанда, пайда келтірудің орнына зиян келтірудесің дегені ме?
Қарап жатпай, ойыңа келгенді айтып, не жазып, «Жаңа қоғамның
іскер» адамдарына тосқауыл жасайсың, теріс үгіт жүргізесің деп
жатса, «Қолынан келген қоншынан басады» болады да.
Байығанның бәрін бірдей бір тарының қауызына сыйғызудан
аулақпын. Үлкен адамгершілік жасаушылары да жоқ емес. Баюдың
жолы осы деп, халыққа зиянын тигізетін, обал-сауаппен жұмысы жоқ