Выбрать главу

баю жолындағыларға тиісті адамдары олармен сыбайласпаса,

жолын тыйып отырса деймін.

Тағы да мынаған қараңызшы! Ұнның кебегі (отрубь) әр кг-ы 13

теңгеден асып барады, бидай бағасына жетті. Осында да бір сыр

бар ма деймін.

Қазақ теңгесінің құнын кетіріп, жәрдем-ақыға тыйын қосып,

«жақсылық» жасауға жол болсын! Бір нәрсенің бағасын айтқымыз

келсе, АҚШ долларын ауызға алып, соның есебінше дейміз, ұятымыз

қайда? Теңгеміз сабан болғаны ма? Сөзіміз егемендік те, ісіміз

тәуелділік.

12/XII-2003

212

«Көру көзінің көмескілігінен «Соқырдың ең

сорақысы –

Көңіл көзінің көрмеуі сорақы» көңіл соқырлығы»

(«Адамзаттың асыл тәжі»: II том, 318 б.)

Көру көзі мен көңіл көзі

Адамзаттағы бес сезім мүшелерінің ішінде көздің ерекше орны

бар. Ол – бес сезім мүшелеріміздің ішіндегі ең сұлуы десек те

болады: көзі күлімдеп тұр екен; көз қарасы көңілге ұнамды екен;

жәудіреген көзі жаныңды жайлап алды немесе, керісінше, тесіле

қарап, өңменімнен өтіп кетті т.б. осылайша әртүрлі мағынада

айтылып, әртүрлі әсер береді. Сонымен қатар, қоршаған дүниені жан

– жақты байқау, аңғару да қызметін атқарады. Сол көздің қабілеті

төмендесе, көмескі көру деген пайда болады. Қабілеті нашарламай-

ақ мән бермеуден көмескі көрушілер де, көрсе де көрмеген

болушылар да жетерлік.

Ал енді маңдайымызға орналасқан көру көзінен де басқа көңіл

көзі деген бар. Ол зағип адамдарда да бар. Солай бола тұра, көру

көзі сап-сау адамдардың бәрінде бірдей көңіл көзі бір дәрежеде

деуге болмайды.

Кешіріңіз, көру көзі сау да, көңіл көзі зағип адамдар сияқтылар

да кездеседі. Осыған айтылған парасаттылық бір ұғым бар: «Көзің

соқыр болса да, көңілің соқыр болмасын!» Біздің айтпақ ойымыздың

түйіні де осы жайлы.

Әбубәкір Дастанұлы «Сегіз сыр» деген мақаласында

(«Жұлдыз», №9,2003ж) «Бүгін бізді философиялық аштық жайлаған»

деген екен. Қарнымыз қампиып, күнделікті жегенімізге мәз болып,

қарқ-қарқ күліп жүргендеріміз жетерлік пе деймін. Олай бола

бергенше, бір уақыт ойлансақ қайтеді. Санамыз, парасаттылығымыз

қайда бара жатқандығына қарасақ қайтеді? Жастар жағымыз

сауатымыз бар ғой, тарихымызды үңіліп оқып, көңіл көзімізді терең

жүгіртсек, кім едік, кім болып бара жатқанымызды білер ме едік деген

ой келеді. «Ойшылдық – адамдықтың негізі. Ойсыздық –

надандықтың негізі. Ой – жанның қазынасы ». « Тән құмарлығы –

тоздырады, жан құмарлығы - оздырады ».

«Тәніңді тояттандыру – нәпсіңді қанағаттандыру да, жаныңды

қанағаттандыру – ойыңды, біліміңді, адамгершілігіңді, кісілігіңді

қанағаттандыру, биіктету ». Бұл айтылғандарды мен тауып айтқан

сөзім емес, халық даналығы. Бір мезгіл бәрін де қоя тұрып, осы

нақыл сөздерді қайта-қайта оқып, жадымызға алайықшы. Көңіл

көзіңізбен қарап, парасаттылық деген өлшемімізге салайық та.

Қазір қарап, ойлап отырсаң, осы көңіл көзімен қарау жағы

төмен болуда. Таңның атысы, күннің батысы бойында көк экранға

үңілеміз де отырамыз. Сонда біз нені көреміз, нені ұғынамыз?! Осы

көрілімдердің тобықтай идеясы – түйіні деген бар емес пе? Сол

идеяны көңіл көзіміздің таразысына неге салмасқа. Көргеннің

213

бәрінің түп идеясын ажырата біле беру деген ақылдылықты,

білімділікті керек етеді. Кез келген адам туа ақылды болмаған, оқи

келе, білім ала келе, толғай, талдай білуі арқылы жеттіксе керек.

Сонымен қатар, оқымай-ақ ақылды жандар да болған, бірақ ол көп

емес. Солай бола тұра, білімі бар болса да, ақылға шала адамдар

болады делінген жоғарыдағы айтылған «Жұлдыз» журналында.

«Білімі бар болса да, әділетсіз адамдар болады» делініпті сонда.

Демек, ол өз мүддесін көздеуші деген сөз. Бұл «білімді» әділетсіздік

жолына түсуші екен. Адам мен адамды бір-бірінен ажырата, айыра

білу тек адамгершілігінде болса керек. Сондықтан да адам

баласының, қала берді. Қазақ Халқының данышпан ақыны Абай

«Атаның баласы болғанша, адамның баласы бол!» - деген емес пе!

17/XII-2003ж.

«Әділетсіздікті көріп,

үндемей қалу – оның

өрістеуіне жол беру».

27/XII-03

Армансыз жексұрын-АЖ

Ретсіз айнаға қарағанды өз басым ұната бермеуші едім. Бірақ

сол айна сөзінің ауыспалы мағынасы «газет – айна, онда халық

тынысын көресің» деген ұғым тағы бар. Газет оқуды әдетке

айландырып алғанбыз. Халық тынысын білгің келеді. Оқып отырып,

бірде жадырасаң, бірде ренжіп те қаласың, ренжіп емес-ау,

тырысып, тырысқақ ауруға шалдығасың. Осы жағдайға душар

болған соң, іштегі дертімді сыртқа шығарайын деп, қолыма қалам

алдым. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің №155 -156 (17632)

20.12.2003ж.

санын ашып отырып, «Сарыағашта «притон» бар...» деген

рубрикамен берілген ірі жазуға көзім түсті. « Притон» сөзінің

мағынасын білмеймін де. Ә дегеннен-ақ сөз саптауы құлағыма

ұнамады, бірақ түгел оқып шықтым.

Оқып шықтым да, өзіме өзім сұрақ қойдым: «Қандай қоғамға

көшіп барамыз?!». «Пікірлесетін қатарың бола бермеген соң ба, кез

келгенді түрте берсең, кейістік алып қаласың» дегенім бар еді. «Ал

қағазды түртсең, біреуге керек, біреуге керек емес. Керек адам

керегін алар, керек емесі өзімдікі ғой» дейтін едім де, қағазды

түрткенге сені ешкім жазғырмайды деуші едім. Әрі сол әдетіммен,

ішім жарылып кетпесін деп, тағы шимайға басқаным ғой. Оқушым,

осыны жазғанда, халық пікірін айтсын деген де шығар. Оған айып

санамассыңдар. «Тіршіліктің сыйқы мен сыры» деген атпен

бірнешелеген әңгімелерім бар болатын – ды. Сонда «Ақылсыз ажар»

деген тақырыппен берілген қысқа бір әңгіме бар еді. Осы күні

қысқарған сөздер қолдан жасалғандай көбейіп барады, түсіне де

214

бермейсің. Мен де соның бірі болып, «Ақылсыз ажар» «А2» деп

қысқартып қолданып отырмын. Шешіп айтсақ, қақтығысып қалуым да

мүмкін. Қысқартып қолдансаң, түсінбей де қалар. Шындығында, сол

«А2» болмаса, солай істер ме еді, ақылына салмаған соң, «А2»

болып тұрған жоқ па! Ал, осы жазып отырғанымды да қысқартып,

«АЖ» деп ат қоймақшымын. Сөз сөйлеу барысында «Аж» деп қалып,

үстеме келіп қалған ойыңды жалғастырасың ғой. Мына тырыстырып

отырған жағдайды «АЖ» дегенім дұрыс шығар.

Сонымен, оқушым, сіз менің не айтпақшы болып отырғанымды

әлі түсіне қоймауыңыз мүмкін. Газетті алып оқысаңыз, менімен

пікірлес болып шыға келесіз. Әңгіме - әлі ерге шықпаған

сылқымдардың тәнін пұлдауы. Тағы да ол мұсылман халқына

жексұрын іс. Ұялмайды – ау, ұялмайды: базарға сататын зат

сияқтандырып бағасын да айтады. Сол да бизнес пе? Осы

Қазақстанның облыстарының ішінде оңтүстікте мұсылмандардың ең

көп Жері емес пе?!

Мұнымызға жол болсын!!! Осында тұрушылардың бәріміздің

бетімізге салық емес пе?! Қалайша үндемей қаламыз! Шет елдерде

осындайларға арнайы ашылған орындар бар, оның

бақылаушылары, дәрігерлері бар. Соның өзіне біз, мұсылмандар,

жиіркене қараушы едік қой. Ал, бізде ше?? Бізде арнайы орын емес,

асхана жанынан орын алыпты. Жұқпалы ауруларды зерттейтіндері

де жоқ, жартылай жасырын, жартылай ашық. Мақала соңына авторы

өз пікірін ірі әріптермен беріпті. Жұқпалы індет келіп қалғанда, бүкіл

ел дабыл қағушы еді. Бұл індет емей не? Елді басқарушылардың

мұрнына исі бара ма екен? Барса, миларына хабар барар да.

Жалғанды жалпағынан басқан

Әр қоғамдық құрылыстың өз саясаты болады. Сол саясатын

халыққа мойындату үшін түрлі тәсілдер жасалынады: бай, кедей деп

жікке бөлу; діншілсің, ұлтшылсың деу т.б. осылай ша жіктеу жолдары

жетерлік. Енді сол саясатын іске асыру үшін заңдар шығарады. Оны