Выбрать главу

Махаббат сөзінің ұғымын өз дәрежесінде сақтайтындар

қайсысы екен дегенде, ой толғанысына душар боласың. Ойланып –

ойланып, барлық әрекеттерін сарапқа салып, кешіріңіз, бірінші

орынды Аққуға (бас әріппен жазғаным – құрмет иесі санағаным)

ұсынып отырмын. Оған дәлелім:

1. Аққу – сұлулық символы.

2. Аққу құс болса да жұптасады, өз жұбынан айрылмайды; адамдар

тәріздес опасыздыққа бармайды; аспанда ұшып келе жатқан

екеуінің бірін қатыгез аңшы атса, екіншісі өз денесін өзі мерт

болуға қияды, яғни өзін - өзі жерге тастайды.

3. Аспанда ұшу кезінде болсын, суда жүзу мерзімінде болсын

сұлулықтың, сыпайылықтың, әдептіліктің, адам қызыға

қарайтындықтың иесі.

218

4. Тірі заттарда болатын өмір үшін күресудегі жауыздық әрекетке

бармайды. Сондықтан да адам баласы оны қызыл кітапқа

ендірген, киелі санаған.

Екінші орынды қайсысына берерімді білмей, дағдарып

отырғаным. Оқушым, сіз де ақыл – парасат иесісіз ғой. Сізбен де

ойласуды мақұл көрдім де, сізге салып отырмын.

Адам. Адамда ақыл –ой, сезім – парасат, тіл, діл, әдет – ғұрып

деген сиқты толып жатқан жақсы қасиеттер бар. Сол адам да

махаббат иесі. Әдетте, бойына су жүгіре бастағаннан

«Махаббат»деп, таңдайы тақ – тақ етеді. Бірі мағынасын толық біліп

айтса, екіншісі ол сөзге толық мән бермей, жеңіл – желпі айта

салушылық екінің бірінен табылады.

Қысқартып айтайын, қосылады да ажарасады. Тіпті

тұрақсыздыққа да барады. Осы әдет ұшыға келе «Армансыз

жексұрындар» деп жазған әңгімеме дұшар болады. Ақыры,

махаббатты аяққа басады.

Соншама тұқырдыңыз деме, бұл саналы деп санаған

адамымызда бар болған соң, айтып отырмын. Шындығында,

махаббат иесі адам болуы керек те. Оны қадірлейтін де, шыңына

дейін шығарып, бүкіл өмірін махаббатпен өткізуі керек-ақ. Сіз

қарттарда да махаббат бар ма деп сұрағыңыз келіп отыр ма деймін.

Бар. Сол махаббат иесіне ие болған қарттар бір-бірінсіз жүре

алмайды. Бірін-бірі іздеп, қайда кетті, неге кідіріп жатыр деп

ыждақатсызданады. Бірі дүниеден ерте озып кетсе, екіншісі тірі

жетім болып (бала-шағасы, үрім бұтағы жеткілікті болса да),

Әбіржігендерін көріп жүрміз. Мәселе, құшақтасып, сүйісіп жату емес,

сыйласу, серіктесу. Олай болса, қарттардың да махаббаты зор екен

деңіз. Тек қана, жұбайлардың ер сыңары дүниеден бұрын озсын деп

тілеңіз. Кейуана қалған бала-шағамен сыйыса біледі, келіні

қарайды. Ал, шалына қарайтын адам жоқ, келіні жуыса алмайды,

ар-ұят сақтайды. Баласы жақсы көргенімен, кемпіріндей емес,

икемсіз бола береді. Мен әйелі бұрын кетіп, өзі мүгедек болған

қарттардың күйін көрген адаммын.

Жаңағы екінші орынға үміткер ме деп отырғаным – кептер

(көгершін).

Бұлар да жұптасады. Бірге ұшып, бірге қонады. Бірін-бірі

іздеуде болады. Осы әуесқой адамдардың ішінде кептер

ұстаушылармен әңгімелескенім бар. Бұған да сеніңіз.

Тағы бір кептер туралы айтарым - Кептер – бейбітшілік

символы. Бұл құста бейбіт өмірді қалайды екен. Осы жағын ойласақ,

екінші орынға таласуы да ықтимал ма деймін. Сіз не дейсіз?

Махаббат иелерінің бәрі де мейірімді келеді. Мейрімділік – тірі

заттар бойындағы ең басты қасиет. Ендеше, мейірімді болайық!

29/XII-2003.

Оқы да ойлан!

219

Махаббатқа негіз болушы екі жыныстағы адамдардың тән

құмарлығынан басталып, нағыз махаббат қалыптасса, сол негізді

бизнеске айналдыруға тыйылым салайық! Махаббаттың

тұрақтылығын сақтайық, ауыспалы махаббатқа жол бермейік,

тәніміздің биіктік дәрежесін рухымыздан жоғарлатудан

адамгершілігімізге нұқсан келетінін түсіне білейік! «Арым жанымның

садағасы» дегенді түсінейік.

Қазақ халқының қыздарындағы жан сұлулығын – мінезін, жүріс-

тұрысын, мәйінділігін, сыпайылығын – барлық жақсы қасиеттерін

сақтай білейік!

Жаңа құратын шаңырағымызға «есік көрген емес, бесік көрген»

тазалығымызбен иеленейік! Сонда ғана сен адал анасың. Екі

жақтағы ата—аналардың, құдалардың, жақсы қарым-қатынасы

жұптасқан екі махаббат иесінің қызығарлық өмір сүруіне

байланысты, мұны есіңнен шығарма!

20/I-2004.

Махаббат – газет емес, сатылмайды; газетіңіздің атын өзгертіңіз

демекпін шығарушысына.

«Естімеген елде көп».

(Мәтел)

Қартайғанда егізге айналғандар

«Әлемде талай қызық бар» деген кітапта туа біткен егіздердің

бірнешелеген түрі бар екенін оқығандарыңыз бар да болар.

Мыналар ол егіздердің түрі емес. Сіз тыңдаңыз, мен көргенімді

айтайын.

Кешегі Ұлы Отан соғысының зардабын кімдер басынан

кешірмеді, көрді, көнді, басынан кешірді.

Еділ өзенінің шырайлы жағасында неміс автаномиялы облысы

жайғасқан еді ғой. Ол жерді олар жер жаннатына айландырып

отырған-ды. Неміс десе, құлағымызға неміс фашистері сарт ете

қалады. Аты жоқ, жөні жоқ жазғырмайық. Халық кінәлі емес. Сол

жылдары Еділ жағасындағы елді Қазахстан жеріне аударды.

“Балапан басымен, тұрымтай тұсымен” дейтін күн туды.

Балько деген жігіт осы аласапыран жылдарында алмақшы

болған қызынан ажырасып қалады. Соғыс аяқталған соң,

Қазақстанның Бәйгеқұм елді мекенінен іздеп табады. Арада

көптеген жылдар өткен. Қыз ерленіп, одан бір ұлды да болған, қазір

ері жоқ. Балько болса, қарт анасы бар, өзі тракторист екен. Қыздың

да қарт анасы бар. Екеуі табысқанына қатты қуанады, қосылады.

Балькодан қызды да болады. Екеуінің де қарт аналары әбден

қартайған. Бальконың әйелі мектепте сыпырушы болып істейді.

Бірде жолым түсіп, Бальконың үйіне барғаным бар. Бір бөлмеде

қатар тұрған екі кроватта жас сәбилер сияқтанып, аппақ төсекте екі

қарт жатыр. Жас шамалары да қатар. Түрлері де бір – біріне ұқсас,

220

егіздер сияқты. Бұлардың күтушілері – ұлымен қызы – екеуіне

бірдей қарайды екен. Қартайғаны болмаса, денсаулықтары бар,

шүйіркелесіп, жарасып әңгімелесіп жатыр. Қызығып қарап тұрып:

“Бақытты екенсіздер” – дедім.

Жаңадан қосылып жатқан жас жұбайларға үлгі аларлық жағы

мол екен-ау деген ойға келдім. Ата – анаға деген қамқорлығың

осындай болғай!

“Дүние кезек...”

Алматыда әйелдер үйленіп жатыр

Күнде той – думан екен деп те ойланып қалып едік. Той

жасамай-ақ та, құда түспей-ақ та, алдын ала ЗАГС-ке – неке куәлігін

алатын орынға, арыз бермей-ақ та үйлену жолы табылыпты.

- Ол сонда қалай? - деп сұрады түсінбеген адам.

-

Несін айтасың, осы күні жаңалық табушылардың түрлері

шығып жатыр емес пе! Ауылдан жұмыс таппай, жастар жағы қалаға

ығысып жатқан кез болды ғой. Ер балалардың жолын тауып,

әрекетке кірісіп кеткендері де бар. Сол сияқты қыздар да әйелдерге

қолайлы тоқу фабрикасы, киім тігу шеберханасы сияқты жерлерге

орналасқандары бар. Осы күні механизатор мамандығы барлар

жетерлік. Әсіресе шофер дегендеріңе жұмыс табу қиын. Әрине, өз

машинасы бар болса, оны жұмыссыз демейсің. Үй мәселесі деген

қиынның қиыны. Сол жұмыс тапқандарының да, таппағандарының

сүр бойдақтары жетерлік. Үйлену үшін, алдымен, жұмысы болу

керек, жататын үйі керек. Бойдақтардың ішінде әйел жыныстылары

ерлерден асады: тиіп шығып, баласы болып, махаббат жараспай

ажырасқандар. Олар ері өліп, тұл болған емес, қайта-қайта

тұрмысқа шығып, махаббатты ойыншыққа айналдырғандар. Әңгіме

сол жайлы. Туысынан ерді қыз баладан артықтау жаратқан деп

айтатынымыз бар емес пе. Сол ер жыныстылардың маңдайы

ашылмағандары да жоқ емес: жасы отызға алқымдаса да, әлі