шыққан жақтан бірдеңе қараңдайды. Бұлар бой тасалап тұра
қалады. Кім біледі, қуғыншы ма деп қалады. Байқаса, сылбырап
келе жатқан Әзімхан. Бұл 1946 жылдың аяғы болу керек.
Смайылдың үйі Жидебай шұқыры деген жерде, 3-4 үй ғана бар.
Колхоздың негізгі үйлері «Жаңа жер» деп аталатын жерде, қызды
сол жақтан әкелді. Ертеңіне беташары да болды. Адамның аздығы
болуы керек, куәлікке Айтбай екеуміз тұрдық. Азербайжанша
үйленген Әзімхан 80 жыл өмір сүріп өтті, ал әйелі Батыр ана
атағына ие болған ана, әзірге бар. Салбырап келе жатыр дегенге
дым білмейтін демеңіз. Ел басшысы болған, жоғары білімді, екі
бірдей партия мектебін үздік бітірген, ҚСРО депутаты еді.
16/II-2004
Орындалған тапсырыс
Менің «Алтын мен күміс және мыс» деген тақырыпта жазған
әңгімен бар. Соның бас кейіпкері, алтыны туралы тапсырыс.
Құрдасым болған соң, соның баласы шиелі базарында кездесе
қалды. Хал-жайды сұрап білген соң, арнайы тапсырма бердім.
«Үйіңе барысымен, затыңды жерге қой да, шешінбестен анаңның
бет-аузынан түк қандырмай сүйе бер, сүйе бер». Ол сол кезде саған
не болған деп ұрсар. Сен «Тапсырыс орындап жатырмын-деп, - тағы
сүй». Жайды шешінін болып баянда дегенім бар болатын. Сол алтын
ана ауыр наукасты екен, бір елге барғанда, көңілін сұрауға әйеліміз
екеуміз бардык. Дүниедеп өткен қызына көңілдік те айттық.
224
Тапсырысты сұрағанымызда, ыржиып күлді де. Кім қалушы еді бұл
дүниеде, айналдырған ауру алып та кетіпті. Бардық, бата салдық,
құран оқып, сауабын бағыштадық. Жатқан жері үнірейіп, ұрпақтары
анасының жүзін өткізу қамында екен. Алтын болған ана, топырағың
торқа болсын, жаның жаннатта болсын, иманды бол айтамыз.
16/II-2004
Шариғат жолындағы міндеттерден құтылу
Әкемнің туған інісі Таумай (Пірмағанбет) 84 жасқа келгенде
дүние салған болатын. Келесі жылы жылдық асын бердік. Ол кезде
ұлғайған кісілердің басы бар кез екен – ау! Дәулет көкемнің тұңғышы
Қатай (қыз) болатын. Одан кейінгісі менің әкем Алтынбек те, сосын
Таумай еді. Қатай апамнан туған жиен апамыз Нәзипа да осы асқа
қатысқан.
- Апа, қазір ас беру аяқталып та қалды. Шалдардың кетпей
тұрған кезінде бір қызық жасайық: мына Тәукеңнің әйелі
Айжамалдың некесін бір қайнысына қосайық. Айжамал қазақтың бұл
дәстүрін білмейді ғой, ол татар қызы ғой. Қазір соны сізге ертіп
келейін, сіз менің айтқанымды мақұлдап отырыңыз. Оңаша үйге
Айжамалды әкелдім.
- Айжамал, мына ағамыздың жылын да жақсы өткіздік.
Ағайындарға қызметіне алғыс айтайық. Дегенмен, Бейсенбі, Жұма
күндері ағамызға құран оқытып тұруымыз керек. Қазақтарда ері
өлгесін әйелі тұл қалады. Жылын беріп, әмеңгеріне қосу міндет.
Олай болмаса, ол үйде тұл әйелі бар, құран оқылмайды, қазыққа
болса да некесі қиылуы тиіс. Сол іс қазір орындалады. Оған сен
тарбаяқтама. Енді жолып тыңда: менің шешеме Тәукең үйленген,
етегі тиген, мені ұстай алмайсың. Сағынбайдың әйелі жас, оны
қаласаң күңі боласың. Достиярдың екі әйелі бар, Мәденнің де әйелі
жас. Саған дұрысы Молдекең (Молдабек). Оның әйелі әл үстінде,
ауру. Дүниеден өтуі де қашық емес; жеке басыңа қалады, иеленісің.
Қазір кімді қалайсың дегенде, сол кісіні ұста-дедім. Шалдар тамағын
ішіп, құрап оқып, тұруға айналды. Тұра да бастады. Мен: «Қайда
барасыздар! Отырыныздар!» - дедім. Олар түсінбей, отыра – отыры
кетті. Тым-тырыс үзіліс пайда болды. Тағы мен: «Мына
Жеңгелеріңнің жұмысын тындырмайсыңдар ма? Тағы да соған
жинаймыз ба?» - дедім. Жәдіктің Әбиі сөзді жалғап ала кетті, айтып
жатыр.
- Қайындарыңның қайсысын қалайсың, ешқайсымыздың да бас
тартуға ақымыз жоқ – дегенде, Айжамал: «Анау ақсақал қайнымды
қалаймын», -дегенде, көпшілік шу етіп, «Аллаһу ақбар!» демесі бар
ма. «Мәсімді жамап береді» - дейді. Күліп тарқасты. Уақыт деген
өтуде. Бір күні сол ақсақал ағамыз Әлайдар да дүниеден озды. Тағы
да мен Айжамалға келіп: «Көп қайындарыңнан ішінен таңдағаның
түнде дүние салды. Қазір бар да, Айшадан (бәйбішесі) төмен
225
отырып, жаулығыңды жайып (түсіріп), ойбайға бас. Халықтан ұят
болады»-дедім. Ол: «Ойбай, аяғым ауырады, жүре алмаймын, -
дейді: - Аяғың сынса да барасың. Мен сені сонда көретін болайын! –
деп, есіктен шығып кеттім. Түс қайтқан. Мен үйге де келгенмін. Шәй
ішіп отырған кезім. Біреу үйге таяған тықылдатып келеді. Сүйтсек,
Айжамал жеңгеміз екен. Біздің үй Әлайдармен көрші еді. – Неге
отырмадың? – десем, - «Ешкім отыр деген жоқ қой» -дейді. Тағы
күлкі...
Тіршіліктің сыйқы мен Сырынан түйгенім мен
түйінім
«Терең ой, түзу тәжірибесі
бар адам ғайыптан хабар
береді. Әулие деген сол болса керек» -
(Құдайбердіұлы Шәкәрім).
23/І-2004
Есею мен ержету, тоқтасу
Аз да емес, тым көпте емес жарық дүниеге келгелі өз басымнан
кешкендерім мен көргендерім және сауатымды ашып, халық
өмірінен оқығандарымды (екі қоғамда, социалистік қоғам мен
қайта құру деп аталатын қоғамда) бір жақты қарамай, өз
лабараториямнан,
өз
пікір
қорытындымнан,
салыстырғандарымды қағаз бетіне түсірген болдым: Жетімдіктің
жеті атасын да бастан кештім; оған себеп болған не, қай қоғам
саясаты,екенін де жаздым. Әрине, ертеректе, бала кезімде
жазғандарым өзінше бір бөлек. Ол ой өрісім жеттікпеген кез.
Тартымы да жоқ, күнделікті өмір шындығы ғана. Есейе келе
баланың сөзі сияқты жазылған жері де бар(күнделік). Сол кез
үшін кей жерлерін морзе әріптерімен жазғаным да бар. Соғыс
жылдары да сол сияқты үзіліс-үзіліс күнделік іспеттес. Олардың
барлығы әркімде болатын жетілмеген жазулар. Бірақ, сонда да
болса, өмір шындығы. Құрастырып, ішінен керек жері бар екен-
ау дегенге бірдеңе табылып та қалар. Ол – піспеген шикі дүние.
Ұмытылып кетпесін деп жазылған нәрсе ғана.
Содан әдібұлыққа жарап, өзімше Отан құрғаннан кейін де
жазғандарым сол күнделікте. Ол да баланың әңгімесі дерлік.
Жоғары дәрежелі білім алып, көрген білгендерімді ой елегінен
өткізе бастаған кездегі жазғандарым – ол өзінше бөлек дүние -
«Бастан кешкен, көз көрген».
Екі қоғамда (соң –к, қайта құру) өмір сүргендіктен екеуінің
де саясатын түк қалдырмай, толық мойындаған жан емеспін:
заңына бағындым, бірақ өз ой түйінім өзімше ішімде болды.
Солай болса да, соған деген көз қарасым осы соңғысында
226
жазылды. Мұны оқыған кейбір адамдар баспа бетіне неге
бермейсің дегендері де болды. Оны мен орындай қойғаным жоқ.
Демократия деген сөз бер. Ол тек айту үшін, сенің сөзің жакпай
жатса, демократия деп желпілдеп жүріп, оспадардың шоқпарына
доп та болып кетуің мүмкін. Бірақ өмір өте келе, шындық кейін
болса да, жылтырап, жарыққа шығады. Қазақ халқының тарихы
талай – талай өзгеріске ұшырап, жоққа айнала жаздаған тарих.
Осының бәрін жасағандар ел билеушілер, өз саясатын іске
асырудың айласы. Сондықтан да мен, кейде, қоғам қайраткері
болмасам да, саясатқа да араласып, ойымды, шындығын
жазатындығым. Қоғамды діншілдер билеп тұрған жоқ. Сонда да
болса, дін туралы да көз қарасымды жаздым. Солай бола тұра,
Мұсылман дінін қабылдаған, сол дінге жататын қазақ болған соң,
осы дінде екенімді мойындаймын. Дүние жүзіндегі халықтың бір
ғана құдайы, Алла бар. Соған ортақпыз.
Әр қоғам өз саясатын уағыздайды, тындамағанға заң да
шығарып жазғырады. Оны дәріптеушіні марапаттайды да.
Енді сол қоғамның орнына жаңа қоғам орнай қалғанда,
тез икемделетіндер де жоқ емес. Соған бейімделіп соның
алдыңғы қатарлы азаматы болып шыға келеді. Осының бәрі –