Выбрать главу

халықтың тілін ана тілі деп атаймыз. Демек, сөз үйретуші-ана.

Ананың құдіреттілігі сондай – бауырластыру да, бауырыңнан

алшақтатушы да бола алады. Қабағын шытпай, келген адамды

жайдары қабылдаса, ол үйге бауырларың келгісі келіп тұрады.

Керісінше, қабағын шытып, теріс пиғылды болса, ол үйге жан

жуымайды. Ақылды әйел ерін пірі деп санауы керек. Құран Кәрімде

Аллатағала ананы еркектің қабырғасынан жаратқан. Ерін пірі

санаған әйел. Әйел затынан бірінші болып жұмаққа енгендігін

«Азаматтың асыл тәжі» кітабын оқысаңыз білесіз. Ол әйел Зеңгі

бабаның әйелі екен. Сонымен қатар, жанұяның берекелі болуы да,

берекесіз болуы да әйелге байланысты екен. Ақылды әйелдерден ел

басқарғандары да болған. Ол ақылымен басқарған, мысалы,

Домалақ ана т.б. Ақылсыз әйел – парасат ойын күйттеудің орнына

бойын сылайды. Қолымнан келеді салып, ашу шақырады; ерінен

таяқ жеп, берекені қашырады. Жанұяның ұйтқысы бола алмай,

ажырасады. Еркек әр жанұяның тірегі, асыраушысы. Оның жұмысы

тапқанын үйге таси беру, үйе беру, үйе беру. Тіліміз ана тілі деп

саналғанмен, өмірдің жалғасы саналатын ұл мен қыздың әкесі.

Сондықтан да перзентіңнің иесісің, сенің атыңа, еркектің атына

жазылады. Баланы жолдан тауып алған ана ғана өз атына жаздыруы

мүмкін. Үйткені оның әкесі жасырын, тұқымды ұрлап алған.

Еркек өз мәнінде алдыңғы саптағы жан болу үшін алдымен ол

еңбекшіл болу керек. Қанағатшыл болу керек, ақыл – парасат иесі

болуға тырысу керек. Адамгершілік достасуды білуі керек, әдептілікті

сақтай білуі керек. Жалқаулық дегенді жауым деп санай білуі керек.

Тән тазалығын ойлап, ішімдік, құмарпаздық, зиянды нәрсеге құмар

болмай (темекі, анаша, арақ –шарап), олардан бойын аулақ сақтай

білуі керек. Жанұяның басты тұлғасы екендігін білуі керек.

Өмірдің жалғасы ата – анадан бінә болған ұрпақ ұл мен қыз. Ұл

дұрыс болса, ата – ананың ырысы, әкеге сөз тигізбей, жолын

жалғастырушы, ақырында, әке – шеше қартайғанда асырушысы,

шаңырақ иесі. Қыз – үйдің көркі, гүлі, ата – анаға деген

242

қамқоршылығы ұлдан басымдау келеді. Біз қызды жат жұрттық

дейміз. Ол екі елді бір – бірімен жалғастырушы тұлғасы. Өнегелі

ананың қызы да өнегелі. Қызға бүкіл тәрбиені ана беруі керек.

Қыздың сұлулығы мінезінен, әдептілігінен, инабатталығынан,

ізеттілігінен көрінуі керек. Соңғы кезде өркениетті ел деп, ар –

намысын ойламаушылық, арын бизнеске апарушы да болып

жатады. Алла ондайлардан сақтасын. Бұлай болу қазақ баласына

жат қылық. «Жаным арымның садағасы» деген аталы сөзді терең

түсіне білу керек.

Ұл мен қыздың өнегесіздігінен артық қорлық жоқ болса керек

деп есептеңіз. Алланың берген өмірінде ұзақ жыл жасасаң,

қартаясың, кейуана боласың. Бұл жасты да алып жүру оп – оңай

емес, өз жолы бар. Болжамды болып, өнегелі өмірді нұсқап отырсаң,

ақылшысысың. Өз жолыңды білмей, теріс іске әуес болсаң, күйіксің.

әдетте ата – ана кенжесін сағалайды. Кейде кенжесі болмай – ақ, өз

бетінше өмір сүріп кетуі қиын болған перзентінің денсаулығында

кемістік болуынан, немесе жанұясында басқа бір кемшілік болуы

мүмкін болған жағдайлар кездеседі. Соны жеттіктіремін деп жүріп,

қартайған ата – ананың қиындықтарды көбірек көруі болады. «Құс

ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» дейді ғой. Ата – ананың

қолында қалған перзенттің есеюі қиындау болады. Үйткені сенері –

ата – анасы бірге, сол жауапты деген ұғым – бойын жайлап алған.

Ылажын тауып, өзінше отан болғанын қарастыру керек. Күні жетіп,

қарт ата – ана дүниеден озғанда, есі сонда ғана жеттігеді. Сондықтан

да «Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін» бола береді. Құда –

құдағиының екі жақты сыйлы болуына жұптасқан екі балаларының

тату – тәтті болуы алғы шарт. Солай болса, құдалар да шат –

шадыман болса керек.

Құдалардың алған – бергенін санасуы ақылға сыйымды емес,

дүние деген қолдың кірі, олай санаспау керек. Бір жағы әлді болмай

жатса,оған бола қосылған жастардың өміріне қаяу салмау керек.

Жақсы сыйласқан құдалар туысқаннан артық жандар болып

есептеледі. Үйткені олар жұптасқандардың ата-анасы, яғни бір

баласы екеу болғандар.

Енді жора-жолдас дегенге келсек, жолдастың түрі әртүрлі.

Қызметі жолдас көпшілігінде бір-біріне басқару биіктігі арқылы

тәуелді болып келеді. Қызметі өзгерсе, сырт айналушылық мол

болады. Сол сияқты студенттік жолдас, кластас жолдас, әскери

жолдас, майдандас жолдас т.б. түрі бар. Жолдас деген сөзге мән

берейікші. Жолы бағыты бір жаққа қарай дегенге келе ме деймін.

Осы жолдастықтың осалдауы, айнып қалуы, тіпті, бұзылуы

көпшілігінде дүниеқоңыздыққа келіп тіреледі. Осыдан сақ болуға

тырысу керек. Бола бастағаннан ашып айтып, кешірімге келу керек,

зымияндықтан аулақ болу керек. Пікір сақтап қалу қауіпті тәсіл. Ең

жақсы жолдас адалдықты сақтау, жасырмау. Өзіңнен бұрын

243

жолдасыңның жағдайын ойлау. Екінші жолдасың да дәл осылай

болса, бұл барып тұрған достық десе болады.

Дүниеде не көп – су көп. Өмір – мұхит. Оның салалары алуан

түрлі. Жанұя болып, өмір сүріп жатқандардың жұптасу тарихы да

алуан түрлі. Соның бір түрін аяғынан қосылу дейміз. Яғни бұрын

жұптасып ажырасқан, қайтадан жұптасқандар.

Қазақта «Күндіз екеу, түнде төртеу» деген жұмбақтаған бір сөз

бар. Күндіз әрқайсысы өз пікірімен ойлауға уақыты да болмай, түнде

бір төсекке енгендегілердің басында болатындарды айтады. Бұлай

жұптасу барысында осы ойдан арыла алмаушылық өмір емес, тек

тіршілік – «существование» дер едім.

Аяғынан қосылу болып жатқанда, жоғарыдағы ойдан аулақ

болып, бір-бірінен сыр жасырмай, болған іске күнделікті талдау

жасап, кем-кетігі болып жатса, кешірімге келу арқылы жақсы өмірге

жетуге болса керек. Дүниеге екеуінен сәби келіп жатса, бәрін де

ұмытып, бірі тірегі, бірі жүрегі болып, екеуінің де тілегі сәбиінің

тәрбиесіне айналса керек. Жастайынан қосылғандардың бірнеше

жылға дейін сәби көрмеуі деген де бар. Бұлардың сәби асырауы,

алуы деген бар. Бар мүмкіндігінше, сәби тілі шықпай, есі кірмей

тұрған шағында алғаны жөн. Осылайша асырау барысында,

артынша өздерінен сәби көріп кету деген өмірде көп кездесіп жүр.

Есейіп кеткенді асырау қиындыққа апарады. Ондайлардың

бірнешеуін көріп жүрміз, атын атамай- ақ қояйық.

Аллатағала адамды топырақтан алып жаратқан екен.

Топырақтың да құнарлығы алуан түрлі келеді. Солай болса, мінез-

құлық та алуан түрлі болып келеді адамда.

Текті, тексіз деп жатамыз. Осы да ойланарлық жай. Тарыны

ексең, тары аласың. Бидай ексең, бидай аласың. Орыстар айтады:

«Что посеешь, то и пожнешь» - дейді. Бидай да, тары да тағамдық

асқа жатады, қоректенуге болады. Сол сияқты адамдардың да ойлау

қабілеті жағынан, саны жағынан бір-бірінен айырмасы бар. Адам

сөйлеседі, білім алады, тәрбие алады. Дегенімен, текті, тексіздік

күндердің күнінде бір жерінен көрініп қалу болады. Қатесін

мойындап, оны түзеп, қайталамаған адамды мен текті қатарына

қосар едім. Керісінше болып жатса, оны қай қатарға жатқызуды,

оқушым, сізге қалдырдым. Үлкен кісілердің бір нәрсеге, біреуге ырза

болғандығын білдіргенде «Көп жаса» деп жататыны бар.

Осы сөзді мен Алла жарылқасын, рахмет, тәңір жарылқасын

сөзімен айтқан дұрыс па деймін. Үйткені өмірді Алла береді. Сол

сияқты «Шал» сөзін «Қарт» сөзімен, «Кемпір» сөзін «Кейуана»

сөзімен айтсақ, сыпайы да, жұмсақ та естілетіндей.

Сол қартаюдың қызығынан гөрі қиыншылығы молдай болады.