Выбрать главу

«Rumi» – негізгі тағамы өзбек палауымен танымал мейрамхана, онда ошпаз-аспаздар дайындайтын палаудың үш түрі ұсынылады. Оған қоса, ас мәзірінде манты, лағман, маклюбе, самса және Шығыс асханасының басқа да тағамдары бар. «Rumi» – отбасылық отырыстар үшін, кездесулер мен келісімдер өткізу үшін ыңғайлы орын.

Бұған келген қонақтар өздерінің шетелдік достарын қарсы алып, отбасылық мерекелерді өткізуді ұнатады. Халық арасында «Rumi» – дәмді палау орталығы ретінде танымал.

«Dala» – түрік асханасына негізделген мейрамхана, Негізгі ерекшелігі – ет тағамдары, оның ішінде мәрмәр еттен дайындалған тағамдар. Барлығы да қонақтардың көзінше және ашық асүй принципімен мангалда дайындалады. Сонымен қатар, асқан шеберлікті қажет ететін кейбір астың дайындалуы барысында, мейрамхана қонақтары отты шоу тамашалап, дем алады. «Dala» мейрамханасында арнайы кондитер-аспазшы дайындайтын түрік тәттілері де ұсынылады. Келген қонақтарға «ala cart» жүйесі бойынша қызмет көрсетіледі. Содан болар, бұл мейрамхананы тағамды талғап жейтіндер, кәсіпкерлер, құрметті қонақтар мен етті бағалайтын адамдар таңдайды.

 СНОСКАЛАР

1 Виктор Эмиль Франкл – аустриялық психиатр, психолог және психотерапевт.

2 Абай (Ибраһим) Құнанбаев - ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор.

3 Гай Кавасаки – «Apple Computer» компаниясының ең алғашқы қызметкерлерінің бірі. 1984 жылы Macintosh компьютерінің маркетингіне жауапты болған. Жоғары технологиялық бизнеске «аспангелизм» концепциясын енгізген.

4 Пабло Руис-и-Пикассо – испандык суретші, мүсінші, дизайнер.

5 Максим Котин – журналист, бестселлерге айналған кәсіби әдебиеттердің авторы. Никита Кириченко атындағы іскерлік журналистер сыйлығының иегері.

6 Ержан Рашев – блогер.

7 Теодор Драйзер – америкалық жазушы, қоғам қайраткері.

8 Аляутдинов Шамиль Рифатұлы – ағартушы теолог-ғалым Ресей Федерациясының діни қоғам қайраткері.

9 Брайан Трейси – бизнес жолында көп жетістіктерге жеткен америкалық шешен, психолог.

10 Альберт Эйнштейн – физик-теоретик, заманауи физиканың салыстырмалы және кванттық механика теорияларының негізін қалаушы.

11 Майкл Джордан – америкалық баскетболшы. NBA-ның бұрынғы ойыншысы.

12 Бенджамин Франклин – америкалық ағартушы, мемлекет қайраткері, ғалым.

13 Сократ – Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы.

14 Тригтер (жалпылама ұғымда) – қандайда бір оқиғаның орын алуының негізгі себепшісі.

15 Бодо Шефер – Еуропадағы нөмірі бірінші қаржы кеңесшісі, жазушы және бизнесмен.

16 Роберт Кийосаки америкалық бизнесмен, инвестор, жазушы әрі ұстаз. «Бай әке», «Кедей әке» атты кітаптары арқылы танымал болған.

17 Майкл Фелпс – АҚШ-тың атақты жүзушісі. Олимпиада ойындары тарихындағы медаль саны бойынша абсолюттік рекордсмен.

18 Джим Коллинз – америкалық бизнес-кеңесші, жазушы, зерттеуші.

19 Дональд Трамп – америкалық мемлекет қайраткері, саясаткер және кәсіпкер. АҚШ-тың 45-президенті.

20 Хэл Элрод – жазушы, «Магия утра» кітабының авторы.

21 Эдуард де Боно – британдық психолог және жазушы, шығармашылық ойлау саласындағы сарапшы. «Нестандартное мышление: самоучитель» кітабының авторы.

22 Ален Делон – француз киноактері, театр актері, режиссер, продюсер, сценарист.

23 Стив Джобс – америкалық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болған.

24 Олег Ориевич Тиньков – ресейлік бизнесмен. Ресейдегі «Техношок» тұрмыстық техникалар дүкені желісінің негізін қалаушы. Тinkoff Bank Директорлар кеңесінің құрылтайшысы және төрағасы болған.

25 Джи Ди Мейер – «Microsob» компаниясында үлкен бөлімшелерді басқарған. «Аджайл, для себя: система личных достижений в работе и жизни» кітабының авторы.

26 Дональд Томас Кэмпбелл – америкалық психолог, әлеуметтанушы және философ. АҚШ Ұттық ҒА-ның мүшесі 1973), Әдіснама саласында және «эволюциялык эпистемология» терминінің авторы ретінде танымал.

27 Оливер Кан – Германиядағы екі дүркін үздік қақпашысы (2000, 2001).

28 Нұсрет Гөкче – 2017 жылы әлеуметтік желі арқылы аты шыққан аспазшы, қасапшы. Қазіргі таңда бірнеше дамыған мемлекеттерде өзінің авторлық мейрамханалары бар.